Докторнатураға түсу емтиханының бағдарламасы


Жерорта теңізі шығыс жағалауындағы мемлекеттер



Pdf көрінісі
бет22/44
Дата13.02.2023
өлшемі0,62 Mb.
#67376
түріБағдарламасы
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   44
Байланысты:
6D011400 – Тарих каз

Жерорта теңізі шығыс жағалауындағы мемлекеттер.  
Ежелдегі Сирия, Финикия. Палестина. Карфаген. Б.з.д. 1 м.ж. Финикия мен Сирияның 
өркендеуі Палестина территориясына ежелгі еврей тайпаларының басып кіруі. Б.з.д. ІІ-І м.ж. 
Израиль-Иудей патшалықтары.
Солтүстік Африкадағы Карфаген мемлекеті. Жерорта теңізі жағалауында финикиялық 
отарлар. Қолданбалы ғылымдар: агрономия, математика, астрономия, география дамуы.
 
Ежелгі Иран мен Орта Азия аумағындағы мемлекеттер. 
Ежелгі Элам және Мидия - Иран территориясындағы ең ежелгі мемлекеттер. Иранның 
ежелгі тарихы жөніндегі деректер және тарихнама. Б.з.д. VI-IV ғғ. «әлемдік» Парсы 
державасы.
Б.з.д. 3-2 м.ж. Орта Азия. Ежелгі Бактрия мемлекеті. Орта Азиядағы Парсы үстемдігіне 
қарсы көтеріліс. Кушан патшлығы. Парфия. Грек-Бактрия патшалығы.
Ежеогі Үндістан. 
Ежелгі Үндістанның табиғаты мен халқы. Ең көне (Инд) өркениеті. Мохенджо-Даро 
және Хараппа. Ганг жазығындағы алғашқы мемлекеттер (б.з.д. II м.ж.. соңы-І м.ж. бірінші 
жартысы). Варналар жүйесі. Брахманизм.
Ежелгі Үндістанда біртұтас мемлекеттің құрылуы (б.з.д. I мыңж. ІІ-ші жартысы).
Үндістанға грек-македондықтардың басып кіруі және олармен күрес. Маурилер 
империясы және оның гүлденуі. Ашоктың сыртқы, ішкі және діни саясаты. Буддизмнің 
таралуы. Грек-Бактрия патшалығымен қақтығыс. Маурилер әулиетінің құлауы.


Ежелгі дәуірдің соңындағы Оңтүстік Азия (б.з.д. I мыңж. І-ші жартысы). Кушандар 
тұсындағы Үндістан. Магадханың жаңадан көтерілуі және Гупта әулиетінің билігі. Ғұн-
эфталиттердің басып кіруі. Гупта империясының ыдырауы.
Ежелгі Қытай.  
Ежелгі Қытайдың табиғат мен халқы. Қытайда ежелгі мемлекеттердің пайда болуы. 
Ежелгі Қытай тарихындағы Шань-Инь мен Чжоу патшалықтары. Экономикасы, қоғамы.
Қытайдағы алғашқы орталықтандырылған мемлекет - Цинь империясы.
Цинь патшалығының көтерілуі. Б.з.д. III ғ. аяғындағы әлеуметтік-саяси 
қайшылықтардың шиеленісуі және халық қозғалыстары. Б.з.д. III ғ.-б.з. III ғ. Хань империясы. 
Ежелгі Қытай мәдениеті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет