1. Оқытушы туралы мәліметтер: Кадирова Жадыра Кенжеғұлқызы – техника және технологиялар кафедрасының аға оқытушысы.
2. Өткізу орны және уақыты
Өткізу уақыты: 3 семестр
Өткізу орны: Орал қаласы, М.Ықсанов 44/1, каб.414, уақыты: сабақ және СӨЖ кестесіне сәйкес.
3. Пререквизиттері мен постреквизиттері
Пререквизиттер: Ақпараттық және коммуникациялық технологиялар
Постреквизиттер: Есептеу жүйелерін және желілерін ұйымдастыру.
4. Пәннің қысқаша сипаттамасы
Курстың мақсаты – есептеу машинасы, жүйесі және тораптарының жүйелік программалық қамтамаларын жүзеге асыруға қатысты жабдықтарын құру мен іске асырудың негізгі әдістемелік принциптерін оқыту болып табылады.
Курстың міндеті – ЭЕМ, жүйелері және тораптарының жұмыс режимдерін, үрдістерін басқару әдістері мен жабдықтарын, ақпаратты енгізу-шығаруды, файлдық жүйелерді, басқару режимдерін оқып – үйренуді көздейді, файлдарды ұйымдастыру және қорғау тәсілдерін, жадыны үлестіру және қорғау әдістерін, сонымен қатар көппроцессорлы жүйелер мен тораптарды басқару жабдықтарын оқып-үйренуді көздейді.
Пән мазмұны: Басқару жүйелерiнiң классификациясы. Енгiзу-шығарумен басқару. Басқару жүйелерiнiң тағайындау және функциялары. Программалау. Көп қолданушы жұмыс тәртiбi. Әмбебап басқару жүйелерi. БЖ және олардың тасымалданғыштығының құрастыруын модулдiк құрылым. Процессормен басқару. Файл жүйесi. Жадты басқару.
Достарыңызбен бөлісу: |