д әрінін кан сарысчъгндағы кониемтраииясы 'Ағылшын тіліндегі әдебиеттерде бұл параметр
15
Таралу колемі заттың қан сарысуында болатын бөлігі (фракциясы) жөнінде түсінік береді. Тіндік тоскауылдар арқылы онай өтетін және кеңінен таралатын (сарысуда, интерстициалдык сұйыктыктарда, жасуша ішілік сұйыктықтарда1) липофилдік қосылыстар үшін Vd өте жоғары манызға тән. Егер дәрілік зат негізінен қанда айналып жүрсе Vd елшемі төмен болады. Берілген параметр дәріні рационалды мөлшерлеу үшін, сонымен қатар элиминация жылдамдығының константасын (өзгермейтін, тұрақты) (КеІіт) және дәрінің «жартылай өмір сүруін» (і]/2) анықтау ушін маңызды.
3. АҒЗАДА ДӘРІЛІК ЗАТТАРДЫҢ ХИМИЯЛЫҚ ӨЗГЕРІСКЕ (БИОТРАНСФОРМАЦИЯ, МЕТАБОЛИЗМ) ҰШЫРАУЫ Ағзада көптеген дәрілік заттар биотрансформацияға ұшырайды. Гидрофилдігі өтежоғары иондалған қосылыстар негізінен өзгермеген түрде бөлінеді. Лилофилдік заттардың ішінде негізгі белігі ағзада химиялық реакцияларға туспейтін ннгаляцияға арналған наркоздық заттардан басқасы. Олар қапдай түрде енгізілген болса, екпемен солай шығады. Дәрілік заттардың биотрансформациясына көптеген ферменттер қатысады, олардың ішінде бауырдың (эндоплазмалық торда болады) микросомалдық ферменттеріне маңызды рөл тиісті. Олар ағза үшін бөгде липофилді косылыстардың (әртүрлі құрылысты) метаболизмін шақырып, оларды кебірек гидрофилдіге айналдырады. Олардын субстрагтық арнайылылығы жоқ. Әрбір жерде орналасқан (бауыр, ішек және басқа тіндер, сонымен қатар сарысу) микросомалдық емес ферменттердің де, әсіресе гидрофилді заттадың биотрансформациясында айтарлықтай маңызы бар.
Дәрілік препараттардың өзгеріске ұшырауының негіз-гі 2түрін бөледі:1)метаболиттік трансформация және2)конъюгация.
Метаболиттік трансформация — бұл тотығу, тотықсыздану және гидролиз нәтижесінде дәрілік заттың өзгеруі. Осылайша имизия, эфедрин, аминазин, гистамин, кодеин препараттары тотығуға ұшырайды. Тотығу көбіне аралас әсер етстін микросомадлық оксидазаның арқасында НАДФ-тың, оттегінің және цитохром Р-450 қатысуымен жүреді. Тотықсыздануға жекелеген дәрілік заттар (хлоралгидрат, нитразепам, левомицетин және басқалар) ұшырайды. Бұлнитро- мен азоредуктаза және басқа ферменттердің әсер етуімен журеді. Күрделі эфирлер (новокаин, атропин, ацетилхолин, дитилин, ацетилсалицил кышқылы) және амидтер (новокаинамид) эстераза,
'Дене салмағы 70 кг адамдардың қап сарысуы Зл судан тұрады, экстрацеллюлярлық сұйыктықтың жалпы мөлшері 12-15л, ал бүкіл денедегі судың жалпы көлемі 41 л.
16 карбоксилэстераза, амидаза, фосфатаза және баскалардын әсер етуімен гидролизге ұшырайды.
Конъюгация - бұл дәрілік затқа немесе оның метаболиттеріне, біркатар химиялық топтардың немесе эндогенді молекулалардың қосылуымен жүретін биосиптездік үрдіс. Осылайша, мысалы, заттардың метилденуі (гистамин, катехоламиндер) немесе олардың ацетилденуі (сульфаниламидтер), глюкурон қышкылымен (морфин, оксазепам), сульфаттармен (левомицетин, фенол), глутатионмен (парацетамол) және т.б. өзара әсерлесуі жүреді.
Конъюгация үрдісіне көптеген ферменттер: глюкуронилтрансфераза, сульфотрансфераза, трансацилаза, метилтрансфераза, глутатионил-8-трансфераза және басқалар қатысады.
Конъюгация заттың өзгеріске ұшырауының жалғыз жолы болуы мүмкін немесе ол болып кеткен метаболиттік трансформацияның соңынан жүреді.
Метаболиттік трансформация және конъюгация кезінде заттар полярлығы көбірек, тағы суда ерігіштігі көбірек метаболиттер мен конъюгаттарға айналады. Бұл олардың әрі қарай химиялық өзгеріске ұшырауына қолайлы жағдай жасайды, егер ол қажет болса, сонымен қатар олардың ағзадан шығуына әкеледі. Бүйрек арқылы гидрофидді қосылыстар шығатын белгілі, онда бүйрек өзекшелерінде липофилді заттардың көп белігі кері (реабсорбция) сіңуге ұшырайды.
Метаболиттік трансформация және конъюгация нәтижесінде дәрілік заттар, әдетге өзінің биологиялық белсенділігін жояды. Сонымен, бұл үрдістер дәрінің әсер ету уақыты кезінде шектеледі. Микросомалдық ферменттер белсенділігінің төмендеуімен жүретін бауыр патологиясы кезінде, бірқатар дәрілік заттардың әсер ету ұзақтығы артады. Микросомалдық та (левомицетин, бутадион), микросомалдық емес те (холинэстеразаға қарсы заттар, МАО ингибиторлары және басқалар) әртүрлі ферменттердің ингибиторлары да белгілі. Олар осы ферменттермен инактивацияланатын препараттардың әсерін ұзартады. Сонымен бірге микросомалдык ферменттер синтезінің жылдамдығын жоғарылататын (индукциялайтын) қосылыстар (мысалы, фенобарбитал) бар.
Жеке жағдайларда, ағзада дәрілік заттардың химиялық өзгерістерге ұшырауынан, түзілетін қосылыстардың белсенділігінің жоғарылауына (имизин < дезипрамин), улылығы жоғарьлауына (фенацетин < фенетидин), .әсер сипатының өзгеруіне (антидепрессант ипразидтің метаболиттерінің бірі туберкулезге қарсы белсенділігі бар изониазид болып табылады), сонымен қатар бір белсенді қосылыстың басқасына айналуына әкелуі мүмкін (кодсиннің кейбір бөлігі морфинге айналады).