Досанова м. М


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі



бет34/36
Дата10.07.2023
өлшемі291,24 Kb.
#104161
түріЛекция
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   36
Байланысты:
ОФПД лекция жинағы

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі :

1. Божович Л.И. Проблемы развития мотивационной сферы ребенка//Изучение мотивации поведения детей и подростков. М., 1982.


2. Кон И.С.Психология старшеклассника. М., 1986.
3. Мухина В.С.Возрастная психология. М., 2001.
4. Маркова А.К. Формирования мотивации учения в школьном возрасте. М., 1983.
5. Патрина К.М.Мотивы учения старшеклассников // Вопросы психологии. 1987. No 7


15-лекция


Лекция сабағының тақырыбы: Жасөспірімдердің тұлғалық дамуы мен қалыптасуы


Сабақ жоспары:
1.Әлеуметтік статусы және қарым –қатынасы
2.Өмірлік жоспарлары мен кәсіп таңдауы
3.Өзіндік сананың дамуы


1.Әлеуметтік статусы және қарым –қатынасы
Жасөспірім — адамның 10 мен 15 жас аралығындағы шағы. Жасөспірім кезеңінде адамда жан қуатының сапалық жаңа құрылымдары (жыныс мүшелерінің жетілуі, сана-сезімнің артуы, айналасымен қарым-қатынасының жаңа мазмұнға ие бола бастауы, іс-әрекетінің күрделене түсуі, моральдік-этикалық түсініктер, т.б.) қалыптасады. Бұл кезде жасөспірім дербестікке, әсерге берілгіштікке салынып, қимыл-қозғалысқа құштар келеді. “Өзім білемге” салыну, ер жеттім деп ойлау кейде жаңсақ, теріс қылықтарға соқтыруы да ықтимал. Осы кезеңде олардың психикалық ерекшеліктерімен санасып, тиісті жерінде талап-тілектерін қолдап, түрлі қоғамдық пайдалы істерге (оқу, спорт, еңбек) белсенді түрде қатыстырып отыру керек.
Жасөспірімдік жас – бұл дүние танудың, адамгершілік сенімнің, принциптер мен арман-мұраттың, бағалау ұғымы жүйелерінің белсенді қалыптаса бастау жасы. Дәл осы жаста балаларда адамгершілік сана-сезім қалана бастайтындығын әлеуметтік педагогтар мықтап ескеруі тиіс.Жасөспірімдердің жеке басының қалыптасуы адамгершілік ісі мен өнегелілік тәжірибесінің сипатына байланысты.

  • Жасөспірімдік өзінің отбасылық қатынастарын қайта қарастыратын кезең. Өзін дара тұлға ретінде таныту жолында үйреншікті отбасылық қатынастардын бас тартып, қарсыласа бастайды.

  • Жасөспірімдік өзінің отбасылық қатынастарын қайта қарастыратын кезең. Өзін дара тұлға ретінде таныту жолында үйреншікті отбасылық қатынастардын бас тартып, қарсыласа бастайды.

  • Отбасылық қатынастардан бас тарту негативтілік арқылы көрінеді. Негативтілік – торығудың алғашқы механизмі, ол өзіндік “менін” іздестірудің бірден бір жолы.

  • Жасөспірімдік кезеңде қатарластармен қарым қатынас бірінші орынға қойылады. Өмір тәжірибесі өзімен тең адамдарды бақылау арқылы жасөспірім өз қылықтарына баға береді. Бұл шақта дос – ерекше тұлға, өзіндік “мен” досының бойында бейнеленеді. Жасөспірімдік кезеңдегі достық жасөспірімнің өзін тануына, бірлесе әрекеттесуге, өзін әлеуметтік ортамен сәйкестендіруге үйренеді, конформдылығы артады. Отбасында негативті жасөспірімден әдетте қатарластары арасында конформды болады.

Құрдастарымен қарым-қатынасы жесөспірімдердің жетекші әрекеті:

  • Құрдастарымен қарым-қатынасы жесөспірімдердің жетекші әрекеті.

  • Қарым қатынас ақпарат құралы;

  • Қарым қатынас тұлға аралық қаатынастардың арнаулы түрі, әлеуметтік қатынастарды қалыптастырушы, өзінің ой пікірін дәлелдеу жаттығулары.

  • Қарым қатынас – эмоционалды қатынастар түрі. Бірлік, эмоционалды сәттілік, сыйластық сезімдерін қалыптастырады.

Адамгершілік даму. Қарым қатынас барысында адамгершілік нормалары танылып,қалыптасады.
Адамгершілік таным. Бұл тек жасөспірімдік кезеңде туындайды.
Адамгершілік дүниетаным. Жасөспірімдер қажеттіліктеріне сапалы өзгеріс енгізетін танымдар жүйесі.
Жасөспіріммен тұлғааралық қарым-қатынас орнатуда ұсынылатын кеңестер:

  1. Шыдамдылык танытыныздар

  2. Сенімділік қарым қатынасын орнату

  3. Эмоцияңызға еркіндік бермеңіз

  4. Себебін анықтамай жатып, қатты ұрыспаңыз

  5. Өз әрекеттеріңізді қадағалап, тұрақтылық танытыңыз

  6. Баланың өз бетімен өзгеруіне қызықтырыңыз

  7. Мәмілеге келуге, дұрыс шешім қабылдауға тырысыңыз

  8. Мадақтау және жазалау жасаған әрекетіне сай болуы керек

  9. Барлық мәселені уақытында шешіп алыңыз

  10. Баланың ересек досы болуға ұмтылыңыз



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет