Ойлаудың түрлері Шығу тегі мен пайда болуы (генезі) бойынша: Көрнекі-әрекеттік ойлау - мәселені шешу жағдаятын шынайы түрлендіретін, бақыланатын қозғалыстық әрекет арқылы іске асатын ойлау түрі.
Көрнекі–бейнелік ойлау – жағдаят тек бейне жоспарында ғана түрленетін ойлау түрі
Мәселенің түріне байланысты: Теориялық ойлау – ғылыми ұғымдарды пайдалану негізінде заңдар мен ережелерді танып–білуден тұратын ойлаудың жоғары дамыған түрі.
Практикалық ойлау – ақиқатты физикалық түрде өзгертуге дайындық күйін (мақсат қою, жоспар, жоба, схема құру) білдіретін ойлау түрі. Бұл ойлау түрі кеңес ғылым–психологы Б.М. Тепловпен едәуір көп зерттелінген.
Таным түрі бойынша:
Эмпириялық ойлау–теориялық ойлаумен салыстырғанда, қарадүрсін, жағдаяттық жалпылаулармен байланысты болатын ойлаудың түрі.
Теориялық ойлау–ғылыми ұғымдар негізінде заттар мен құбылыстардың мәнін танып – білу.