1.Сабақтың мақсаты:Оқушылардың жанұяға, ата — анаға, үлкен — кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым — қатынастарын дамыту.
2. Ризашылық пен алғыс, жақсы тілек, ізеттілік туралы түсінік беру, бір — бірімен үйлесімді қарым — қатынас жасай білуге үйрету.
1 - жүргізуші: Қайырлы күн, қымбатты ұстаздар мен оқушылар және ата-аналар!
2 - жүргізуші: "Алғыс айту - парызым!" атты ризашылық күніне арналған мерекелік концертімізге қош келдіңіздер!
1 - жүргізуші:
Алғыс айту күні – бұл, ең алдымен, елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған Президенттің бейбітшілік пен келісім саясатының салтанатты күні. Бұл – тағдыр тәлкегімен Қазақстан жеріне еріксіз қоныс аударған түрлі этностардың миллиондаған өкілдерінің құтты қонысына айналған қасиетті қазақ жері мен қонақжай қазақ халқына терең тағзым белгісі
2-жүргізуші:
Алғыс — біреудің екінші біреуге ықыласын білдіруі, рахмет айтуы. Алғысты сөзбен немесе қимыл, іс - әрекет, заттай сыйлық беру, тіпті жақсы қарым - қатынас түрінде де білдіруге болады. Әркім Алғыс алу арқылы өзінің басқалармен қарым - қатынасын, өмірдегі орнын бағалай алады. Қазақ халқының ұғымында неғұрлым көп Алғыс алған адам бақытты болады. “Алғыспен ер көгерер” деген мәтел соған мегзейді.
. Тыныштық сәтi. (Нұрға бөлену) ақырын музыка ойнатылып турады.Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.
Елестетіп көріңіз: Жарқыраған күннің нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.
Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұр қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыныз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәуле шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралдарына айналды. Одан әрі нұр сіздің аузынызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарынызға бағыттаныз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты көреді. Сіздің басыныз түгелдей нұрға бөленіп, басынызға тек ізгі, сәулелі ой келеді. Нұр бірте-бірте қарқынмен шұғылана бастайды, сіздің дененізден шығып, жан-жағынызғы сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарымызға, мұғалімдеріңізге, достарынызға, таныстарынызға бағыттаныз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаныз, олардында жүрегі нұрға толсын. Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан – жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаныз.Осы нұрды барша жұртқа шашу арқылы сіз алғыс пен ризашылыққа бөленесіз .
1-жүргізуші:
Қазақ алғыстары нақты адамға қарата айтылады, ол екі адамның бір-біріне деген ізгі ықыласын білдіреді. Оның басты мақсаты жақсылық істеген адамға ризашылық білдіру, алғыс алған адамның көңіл-қошы болып, ырыс-берекесі арта түседі деп ырымдаған. Қазақта алғысты риза болған адам айтады, оны сұрап алмайды, басқа түркі халықтарындағыдай арнайы алғысшылар болмайды.
2- жүргізуші: _____ менің саған бір сұрақ қойғым келіп тұр. Алғысқа, рахметке кімдер және нелер лайықты деп ойлайсың?
1-жүргізуші:
Ия, оны сыныптастарымыздың көмегімен білейік
1. Анаға – өмір сыйлағаны үшін,
2. Әкеге – қорған болғаны үшін,
3. Далаға – гүлдері мен көк шалғыны үшін,
4. Сөзге – жанды жылытатыны үшін,
5. Күнге – шуағы мен назары үшін,
6. Жұлдызға – қараңғы түндегі жарығы үшін,
7. Досқа – құшағы мен иығы үшін,
8. Әжеге – ыстық алақаны үшін,
9. Суға – тіршілік көзі болғаны үшін,
10. Жерге – махаббаты мен бар болғаны үшін,
11. Отқа – жылулығы үшін..
2 - жүргізуші:
Алғыс - адамның адамға жасаған жақсылығы, көмегі, көңілі үшін ризашылық білдіруі, сондай - ақ оның ойы мен іс – әрекетіне, жасаған істеріне жоғары баға беру.
Ризашылық – адамның басқа адамнан көрген жақсылығы, көмегі, көңілі үшін қанағаттанушылық және алғыс білдірушілік сезім. Отбасының басты қызығы, алтын тіреу діңгегі – бала. Баланың берекелі боп өсуіне берекелі отбасының әсері мол. Халық мақалында «Әке – асқар тау, ана – бауырындағы бұлақ, бала – жағасындағы құрақ» деп табиғаттың тамаша құбылысына теңеген екен. Әке – ұрпақ иесі, панасы, үй басшысы. Жеті атадан санағанда екінші ұрпақ. Әке – бала үшін шыңы биік асқар тау.