1-жүргізуші:Олай болса алғысқа ие жандарға кезек берейік.
2-жүргізуші: Мұғалімнен өнеге – білім алып, өмір теңізіне құлаш ұрған кез келген шəкірт ұстазымен мақтанады. «Мектептің жүрегі», «Бала жанының бағбаны»… Иə, бұл мектеп мұғалімі — ұстазға арналған теңеулер. Мұндай мадақтауларды жалғастыра берсек, даналық сөздер тізбегі шексіздікке ұласады. Мерейлі мерекеде дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, істеріңізге сəттілік тілейміз Оқушылар алғысы 2-жүргізуші: Байқайтынымыз алғысты риза болған жақ өзі айтса, батаны екінші жақ көбінесе «Батаңызды беріңіз!» деп сұрап алады. Екіншіден, алғыс ұғымында ризашылық белгісі сақталған, ол туралы қазақ паремасында «Алтын алма, алғыс ал!» деп келетін мәтелде алғыстық сипатты байқауға болады. Себебі, қазақ ұғымында алғыс алған адамды Тәңір жарылқап, оның құты көбейеді, ырысы артады деп сенген. Алғыстың мазмұны көбіне тілек түріндегі білдіріледі: Алла риза болсын! Көп жаса! Өмір жасың ұзақ болсын! Бақытты бол, Тең құрбыңның алды бол! және т.б.
Ана, сіздің жанарыңыз - өмірлік қамалым. Қуанған шағымда менен бұрын қуандыңыз, мұңайған шағымда менен бұрын мұңайдыңыз! Бойымды жамандықтан сақтандырып, ойымды жақсылыққа аттандырдыңыз! Сондықтан да өмірлік қамалымның ең мықты қорғаны - Сізсіз! Сізге алғысым шексіз!Сіздер барда біз бақыттымыз
Ұстаздар! Қандай ғажап халықсыздар!
Шәкіртке шыңдай биік алыпсыздар.
Жан біткен жанарына нұр сыйлаған,
Күндей боп күлімдеген жарықсыздар.
1 - жүргізуші:
Ұстаз болу аса маңызды және өте қиын мамандық, өйткені ұстаз білім ғана беріп қоймайды. Ұстаз баланы болашақ үлкен өмірге дайындап қажетті кеңестермен сусындатады.
2 - жүргізуші: Иә, мектеп табалдырығын аттаған сәттен бастап білімнің кәусар бұлағынан сусындататын асыл жандар - аяулы ұстаздар туралы қанша мақтау сөздер айтсақ та тауыса алмаспыз.
2 - жүргізуші:
Данышпан да, данада оқып сенен,
Атақ даңқын асырған бар әлемнен.
Ұстаз деген аяулы, асыл жанды
Жақсы көрем арнаймын жақсы өлең – деп, ақындарымыз жырлағандай мектебіміздің жас ақындарына кезек берсек. Ұстаздарына деген арнауларын оқыса.
Жас ақындарымыз ортаға шығып өлеңдерін оқиды:
1 - жүргізуші:
Өнерпаздар жарысып сан - салалы,
Жиын десе, той десе ән салады.
Ұлағатты ұстаздардың құрметіне,
Әуелеген әсем ән жолданады - дей келе 9 «Ә» сынып оқушысың орындауында Мұқағали Мақатаевтың сөзіне жазылған «Фариза» әнін қабыл алыңыздар.
Ән: «Фариза»
2 - жүргізуші Айнұр: Алғыс - адамның адамға жасаған жақсылығы, көмегі, көңілі үшін ризашылық білдіруі, сондай - ақ оның ойы мен іс – әрекетіне, жасаған істеріне жоғары баға беру.
Ризашылық – адамның басқа адамнан көрген жақсылығы, көмегі, көңілі үшін қанағаттанушылық және алғыс білдірушілік сезім. Отбасының басты қызығы, алтын тіреу діңгегі – бала. Баланың берекелі боп өсуіне берекелі отбасының әсері мол. Халық мақалында «Әке – асқар тау, ана – бауырындағы бұлақ, бала – жағасындағы құрақ» деп табиғаттың тамаша құбылысына теңеген екен. Әке – ұрпақ иесі, панасы, үй басшысы. Жеті атадан санағанда екінші ұрпақ. Әке – бала үшін шыңы биік асқар тау.
«Қамажай» биі
1 - жүргізуші: Алғыс айту күні – күрделі заманды иық тіресе бірге еңсеріп, қысқа мерзім ішінде Елбасының басшылығымен Тәуелсіз Қазақстан құру жолында аянбай тер төккен еліміздің барлық азаматтарының бір - біріне құрмет білдіретін күн. Осы күн тағдыр тоғыстырған Қазақстанның көп этносты халқының ортақ тарихын құрметтеу, қайырымдылық дәстүрін, әлеуметтік ынтымақты және өзара көмек көрсетуді қолдау күні болады.
1 - жүргізуші:
Құрметті оқушылар, жылы сөз, қайрымды іс, жақсы ой, кіршіксіз сезімдеріңізді ешкімнен ешқашан аямаңыздар, «Рахмет» деген қасиетті сөзді жиі айтыңыздар. Адам алғыс пен ризашылықты естіген сайын, жақсылық жасағысы келіп тұратынын естеріңде сақтаңыздар. Өмірдің әрбір сәтін бағалай білуге үйреніңіздер және Табиғат – Анаға мейірімді күні үшін, көңілді жаңбыры мен ақ қары үшін, жұмсақ ұлпа бұлты үшін, жақын адамдарға қайырымдылығы мен риясыз махаббаты үшін алғыс айтуды ұмытпаңыздар.
2 - жүргізуші:
Осымен «Алғысым шексіз!» атты Ризашылық күніне арналған мерекелік концертімізді аяқтаймыз, келіп тамашалағандарыңыз үшін көп - көп рахмет!
- жүргізуші:
Демеңіз біз өнерді аяп қалды,
Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.
Қош болып тұрыңыздар көріскенше,
Осымен концертіміз аяқталды.
1Анаға – өмір сыйлағаны үшін,
2. Әкеге – қорған болғаны үшін,
3. Далаға – гүлдері мен көк шалғыны үшін,
4. Сөзге – жанды жылытатыны үшін,
5. Күнге – шуағы мен назары үшін,
6. Жұлдызға – қараңғы түндегі жарығы үшін,
7. Досқа – құшағы мен иығы үшін,
8. Әжеге – ыстық алақаны үшін,
9. Суға – тіршілік көзі болғаны үшін,
10. Жерге – махаббаты мен бар болғаны үшін,
11. Отқа – жылулығы үшін..
Жолында жүк қалдырмас нар болғаның үшін,
Аяулы анама жар болғаның үшін.
Бір түйір қаның ем, далаға тастамай..
Сəбилік шағымнан бар болғаның үшін..
Алғыс айтамын, ƏКЕ.!
Он екі мүшемді сау етіп, тапқаның үшін,
Үкілеп үмітімді жаққаның үшін.
Отқа күйдірмей, суға түсірмей,
Етегіңе салып баққаның үшін.
Аналық бақытты таңдағаның үшін,
Қылдай қиянатқа бармағаның үшін.
Маңдайыңды төсеп машақаттарыма,
Бар ғұмырыңды бізге, арнағаның үшін..
Мың алғыс, АНАШЫМ.!
Түн ұйқысын төрт бөліп, Өзегіне өрт толып. Тал бесігін тербеткен, Анашыма мың алғыс. Ет жүрегің елжіреп, Қара көзің мөлдіреп. Арманына балаған, Анашыма мың алғыс. Балам тойып жүрсін деп, Қайғы мұңсыз күлсін деп. Саялаған қауіптен, Анашыма мың алғыс. Жанға медет жұбаныш, Сен жүрген жер қуаныш. Сенсіз жұмақ тым алыс, Анашыма мың алғыс! Анашыма мың алғыс!
Жан анашым, дарасыз, данасыз сіз, Жұпар исің аңқитын гүл көктемдей. Рахмет ана, қарайсыз ақ пейілмен, Жүрекпенен сыр шертіп, үндеткендей.
Алғысымыз көп сізге жан анашым, Жасай берші әр көктем нұрға бөлеп. Жаратқаным жар болып өзіңізге, Лайым әркез жүрсінші сізді демеп.
Ниеті ыстық, қадірі бөлек,
Жүрсе екен дəйім, Тəңірім жебеп.
Қиналып барсам құшағын ашқан,
Ағайындарымның əрбірі керек.
Анамның көзі, əкемнің ізі,
Құрсақта бірге, қабірі бөлек...
Көп алғыс, БАУЫРЛАРЫМА.!
Мені осы шексіз құрметке бөлеп,
Қатарларына қосқанға, АЛҒЫС.!
Дүние деген дүрмекте демеп,
Жанымда болған достарға, АЛҒЫС.!
Алғыс күні аталыпты 1-наурыз,
Парыз екен бəріне айту алғыс.
Өмір берген, жан берген, қуат берген,
Аллахыма айтамын мен шексіз алғыс!
Күндіз-түні еркелеткен күнім деп,
Əрқашанда мейірім төккен күлімдеп.
Ақ жаулығы желбіреген апатай,
1000 алғысын айтады күнің кеп!
Немере ыстық екен баласынан,
Аташым, артықсың сен бар асылдан.
Алғысты бір өзіңе жаудырамын,
Көзіңнің санадың артық қарасынан!
Көз ілмей түн ұйқысын төрт бөлген,
Өзіңдей асыл жанды кім көрген.
Алғысым шексіз саған, жаным анам,
Əрқашан тілеуімді тілеп жүрген!