Доспамбет жыраудың өмірбаяны



бет8/9
Дата10.03.2023
өлшемі151,72 Kb.
#73218
түріӨмірбаяны
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Доспамбет жырауды? ?мірбаяны

Майлықожа Сұлтанқожаұлы.
19 ғ екінші жартысында Оңтүстік Қазақстанда өмір сүрген, әлеуметтік теңсіздік мәселелері мен отбасылық қарым – қатынас, адамгершілік мәселелерін кең көлемде жыр еткен көрнекті ақын – жыраулардың бірі Майлықожа Сұлтанқожаұлы.
Оның “Бар екен бір шаһары Үндістанның” деп басталатын “тотнамасында” шаһар төңірегіндегі көлді мекендеген ерлі – зайыпты екі тоты өзара сөйлеседі. Мақтаншақ қораз тоты шібиінің сақтандырған ақылын тыңдамай, панасыз көл бетіне ұя салады. Тоты қоразына ренжіп, егер дос ақылын алмасаң бақыр – бақаның кебін киесің деген аңыздың жас жеткіншектер үшін тәрбиелік мәні бесенеден белгілі.
Майлықожаның бір топ өлеңдері отбасылық қарым – қатынасқа, жақсы жар таңдауға арналған. Майлақожа өлеңдерінде халық педагогикасының қаймағы болып тиабылатын мақал – мәтелге арналған аталы сөздер көптеп кездеседі.
Өздерінің қазахи ақыл – кеңеске толы туындыларымен Шотанбай Қанайұлы (1818 – 1881) , Сүйінбай Аронұлы (1822 – 1895), Ақмолла Мұқамедиярұлы (1831- 1895), Ақан Сері (1845 – 1913) т.б. осылардай орақ ауыз, от тілді, әділдік, туралылығымен қара қылды қақ жарған күміс көмей, жезтаңдай ақын – жырау, сал серілер қазақ даласында аз болмаған.
Суырыпы салма ақын, шешен , жыр ғұламаларының бірі Шортанбай патша үкіметінің қазақ даласын отарлау саясатынан туындаған әлеуметтік мәселелерді барынша шынайы суреттеді.
Суырып салма ақын Сүйінбай өзінің өлең торлғауларында, сюжетті өлең дастандарында жалпы қазақтың мұң мұқтажын жырлап, қарапайым адамдардың ой мақсатын білдірді, туған халөқының ғасырлар бойы асыл армандары мен мұраттарын айшықты көркем бейне арқылы көрсете білді.
Көркем сөз дүлдіддерінің қатарына қазақтың аты шулы ақындары Серәлі Ералыұлы, Құлтума Сармұратұлы, Базаржырау Оңдасұлы, Шәңкерей Бөкейұлы, Ақтан Керейұлы, Әсет Найманбайұлы, Әріп Тәңірбергенұлы, Құлан Алдабергенұлы, Ергөбек Құттыбайұлы, Тұрмағанбет Ізтілеуұлы, Омар Шораяқұлы т.б. жататыны белгілі.

РЕКЛАМА
Бас бет Қазақ әдебиеті


Ақын – жыраулар шешендігі
24.02.2018
XV-XVIII ғасырлардағы қазақ поэзиясы, негізінде, жыраулық поэзия. Алғашқыда иыр, иырағу- жыр, жыршы сөзінен шыққан жырау аты әрі өз жанынан өлең — жыр шығарушы, әрі бұрыннан қалыптасқан туындыларды-эпостық дастандарды жатқа айтып, ұрпақ санасына жеткізуші, орнықтырушы қызметін атқарған халық поэзиясының өкілі.

Жыраулық поэзия-ғасырлар бойы қалыптасып, дамыған ұлт әдебиетінің ғажап көркемдік құбылысы. Жыраулық поэзия көбіне қазақта кең дамыған ақындық өнердің түрі, оның шығу тегі, көшпелі, жартылай көшпелі өмір сүрген ру, тайпалардың бай мұрасы. Сондықтан жыраулық поэзияда ауыз әдебиетіне тән ерекшеліктермен бірге жазба поэзияға тән өрнектер де қатар кемелденген. Жыраулық поэзияда әсіресе бұрын ауыз әдебиетінде көп тараған толғау жанры, сөз үлгілері кеңінен қолданылған. Толғауда, негізінен, терең азаматтық әуен, замана келбеті, ірі қоғамдық, әлеуметтік, саяси, философиялық мәселелер мен тақырыптар ерекше орын алады.

Жыраулық поэзияның алғашқы өкілдері эпостық жырларды шығарушылар, ауызша таратушылар, таратқанда жанына өлең, жыр шумақтарын қосушылар, сәл өзгертушілер, сөйтіп бір эпостың бірнеше нұсқасын тудырушылар болғаны сөзсіз.

Қазақтың ежелгі эпостық жырларының кейбірінде және жекеленген өлең шумақтарында, бірде тарихи құжаттарда жыраулық поэзияның алғашқы өкілдерінің кейде аты, немесе айтқан сөзі кездеседі. Сондай құнды деректердің бірі- жыршы, күйші аңыз кейіпкері Кетбұға (шамамен 1150-1225ж.ж) жайында.

XIV ғасырда жазылған “Шаджарат ат-түрік” (“Түрік шежіресі”) атты кітаптағы деректер мен ел есіндегі аңыздар бойынша Дешті Қыпшақ әмірі Жошы хан нөкерлерімен аң аулап жүріп 1227 жылы қаза тапқанда, Шыңғысханға қаралы хабарды жеткізуге ешкім бата алмаған шақта, әрі жыршы, әрі күйші Кетбұға осы ауыр жүкті көтеруге батыл шығады. Шыңғыс ханды қаралы хабарға әзірлеп алады да , Жошы ханның қайғылы қазасын өзі шығарған “Ақсақ құлан, Жошы хан ” күйімен естіртеді.

Ертеде қазақ жырауларының бірі-есімі түрік халықтарының бірсыпырасына кең жайылған Сыпыра жырау. Оның туған, өлген жылы белгісіз, шамамен Тоқтамыс пен Едіге тұсында өмір сүрген деп саналады, өйткені оның ақыл-кеңестері, бата-болжамдары осы тарихи тұлғалармен байланысты жырларда бар.

Эпостық жырларда Сыпыра жырау ұзақ (180 жас, бірде 230 жас) жасаған қария, қарт, ақылгөй деп әсіреленеді.

“Ер Тарғын” жырында Сыпыра жырау “Ханзада ханның елінде жүзден жасы асқан бір Сыпыра жырау деген қарт бар еді. Сыпыра жырау өз өмірінде тоғыз ханды өткізген, толғау толғап, тоғыз ханды түзеткен еді”, — деп суреттеледі.

XIVғасырдың соңғы ширегі мен XV ғасырдың 60-шы жылдары шамасында өмір сүріп, аңызға айналған, әрі тарихи, әрі замана жайын толғаған өлең-жырлар шығарушы ретінде аты сақталған қазақ жыраулық дәстүрінің алғашқы өкілдерінің бірі-Асан қайғы. Асан туралы аңыз әңгімелер қазақ, қырғыз, ноғай, қарақалпақ халықтарында сақталған.

Асанның “Қырында киік жайлаған”, “Тақырлауға қонған қаз, тырна”, “Әй, хан, мен айтпасам білмейсің”, “Еділ бол да, Жайық бол”, “Заманыңды жамандап”, “Әділдіктің белгісі”, ”Бұ заманда не ғаріп”, “Көлде жүзген қоңыр қаз”, “Ғылымның пайдасы”, “Атадан алтау тудым деп”, “Жәнібекке айтқан толғауы” әлеуметтік, моральдық, адамгершілік, дидактикалық әуендерге толы.

Асан атына “қайғы” сөзінің жалғасуы қашаннан бері бар екені белгісіз. Бұл сөз Асан өмірі мен іс-әрекетінің, өлең-жыр сырларының негізгі мазмұнын анықтайды, әрі оған халықтың берген жоғары бағасы. Табиғат дарыны, құдіреті дарыған ерекше адамдардың өзгеше қалпына мәнді айдар тағу (Жиренше шешен, Ақан сері, Біржан сал, Бұқар жырау, т. б) – қазақтарға тән ертеден, ежелден келе жатқан құбылыстардың, дәстүрлердің бірі.

XV ғасырдағы қазақ көркем сөз өкілдерінің бірі Қазтуған Сүйіншіұлы туралы өмірбаяндық деректер аз. Қазақ поэзиясында, әсіресе, жыраулық жыр-толғауларда пайда болып, дамытуға бет алған өзін таныстыру, мадақтау дәстүріне сәйкес туған оның өлеңдерінде өмірбаяндық деректер де кездеседі. “Қайран менің Еділім”, “Менен қалған мынау Еділ жұрт…”, ”Ақ ала ордам қонған жұрт”, ”Қарғадай мынау Қазтуған батыр туған жұрт” деуіне қарағанда, Қазтуған Еділ бойында туып, мекендеген. ”Сүйіншіұлы Қазтуған”, ”Анамыз біздің Бозтуған, келіншек болып түскен жұрт”,-деп әкесінің де, анасының да, өзінің де атын өлеңге қосқан екен. Туған жер, ата, ана, тегі туралы өрнектер кейін поэзиялық ғұмырнама жанры дамуына бастама болды.

Қазтуған толғауларында, негізінде, асқақ, жарқын ақындық, жыраулық мәнер басым.

Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет тарихында Асан қайғы (XVғ.), Қазтуған жырау (XVғ.), Шалкиіз Тіленшіұлы (XVғ. Екінші жартысы – XVIғ. Бірінші жартысы), Доспамбет жырау (XVIғ.), Жиембет жырау (XVII ғ.), Ақтамберді Сарыұлы (XVIII ғ.), Үмбетей Тілеуұлы (XVIII ғ.), Бұқар жырау Қалқаманұлы, Көтеш ақын, Шал Құлекеұлы (XVIII ғ.), тағы басқа ақын-жыраулар мұрасының маңызы зор. Осы бай мұрада қазақ халқының бірнеше ғасырлық көркемдік ойы, сөз өнерлік тәжірибесі жинақталуы арнайы ғылыми жүйеде зерттелуде. Қазақтың сөз өнерінің зерттелуі, қорытындылары, нәтижелері ұлт әдебиетінің көп томдық академиялық тарихы тууына, жазылуына негіз болуда.

Соңғы жылдарға дейін қазақ әдебиеті тарихын зерттеу саясат, идеология қыспағында, талай қаулылырмен шектеуге мәжбүр болған қиын жағдайларда жүргізілсе, енді еліміздің тәуелсіздігі орнығып, дами түсуі кезінде қазақ халқының бай көркем сөз қазынасы жөніндегі ғылым да өрнектеп, биік деңгейде болары хақ.

РЕКЛАМА
Бас бет Қазақ әдебиеті


Бұқар жырау Қалқаманұлы (1668 — 1781 ж)
15.02.2018

Тарихта “Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама” атанған аумалы – төкпелі заманға душар болған ел – жұртқа “бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып”, басқыншы жаудың бетін қайтарып, өз тәуелсіздігін қорғап қалу, немесе жау табанында біржола жаншылып құрып біту мәселесі көлденең тұрды. Жырау, ең алдымен, осындай жауапты сәтте шоғырланбай шашырап жатқан халықтың басын тас түйін біріктіру арқылы қанқұйлы жауға тойтарыс беру ісін ұйымдастыра алатын аса алғыр қолбасшы – көсемнің қажеттігін ерте түсінді, сүйтіп, ұлы мақсатқа орай ол әйгілі Орта жүз ханы Абылайға зор сеніммен қарады. Абылай да тәуелсіздік үшін жан сала күрескен, халық мүддесін терең түсініп, өзін бірыңғай сол күрес жолына арнады. Мұндай ақылы мен айласы астасқан кемеңгер басшының үлгілі істері мен оның төңірегіндегі белгілі батырларының жанқиярлық ерліктерін жырау үнемі асқақ жырлап, солардың өшпес әдеби бейнесін жасауға күш салды. Осының бәрі, түптеп келгенде, жыраудың туған халқының бірлігі мен болашағын ойлау мақсатындағы ерлікке барабар іс — әрекеттерін аңғартады.

Бұқар жырау қазіргі Қарағанды облысына қарайтын (бұрынғы Баянауыл) Ульянов ауданының Далба тауы бойында дүниеге келіп, сол мекенде қайтыс болады. 1993 жылы жыраудың туғанына 325 жыл толған мерекелі тойында оның басына үлкен күмбез орнатылып, Қарағанды қаласында осы мерекеге арнап ғылыми – теориялық конференция өткізілді. Бұқар жыраудың өмірі мен шығармаларын қалың көпшілікке насихаттау мақсатында бір топ мерекелі мақалалар мен бір кіші-гірім зерттеу кітіпша жарық көрді. Сондай-ақ, сол жылы тұңғыш рет жырау жырларының жеке жинағы екі рет басылды (бірі – “Жалын” баспасынан шыққан ”Әй, Абылай, Абылай”.

Бұқар жыраудың ақындық қуаты мен дарын – күшін айқын танытатын келесі бір жыры “Әлемді түгел көрсе де” деп аталады. Мұнда ол адам баласы өмірінің сыр – сипаты мен қызық қуанышының шексіздігін, аспанға шарқ ұрып, Ай мен Жұлдызды аралаған арман – үмітінің жарқындығын шебер бейнелейді. Осы ерекшеліктерімен бұл жырды тұрмыстың әр алуан қуаныш – қызығын шалқыта, асқақ жырлайтын оптимистік гимні деуге де болар еді.

Жыраудың жыраулық поэзияда адам өмірі мен табиғат құбылыстарын астастыра сипаттау, сондағы көркемдік ізденістерге, тіпті бейне жасаудың тұрақты тәсіліне жол салған. Осы жәйт Бұқарға да тән. Жыраудың “Бұл, бұл үйрек, бұл үйрек” атты екі бөлімнен тұратын жырынан бізде бұрын кездеспеген жаңа бір үлгісін көреміз.

Жыраудың дүниеге көзқарас танымын белгілейтін шығармаларынан оның “Бірінші тілек тілеңіз” атты толғауын бөліп атауға болады. Бас аяғы он бір тілектен ғана тұратын бұл жырда Бұқар өз дәуіріндегі адамдардың ой – тілегі мен арман – мұратын жинақтап беруге талаптанады. Бұлары құдайға құлшылық пен бес уақыт намаз, тыныштық пен адамгершілік, адалдық, тазалық болып келеді.

Бұқардың “Ақсаңнан биік тау болмас”, “Айналасын жер тұтқан”, “Ай не болар күннен соң”, “Бағаналы орда, басты орда” атты толғаулары өз дәуірінің өмір көріністерін: көшпелі тұрмыс тұсындағы адамдардың өзара қарам – қатынастары мен қалыпты салт – сана, ұғым – түсініктерін, жалпы өмірдің құбылмалы екендігін баяндау тұрғысында келеді.

Бұқар жыраудың бір топ жырлары (“Ежелгі дос жау болмас”, “Шашырап шыққан хандар көп”, “Рулының оғы жоғалса табылар”, “Он екі айда жаз келер”, “Мырзалық қонаққа пайда, малға қас”, “Асқар таудың өлгені”, “Жар басына қонбаңыз”, “Биік тауға жарасар”, “Жал құйрығы қаба деп”) ел бірлігі, жақсы мен жаман, білімділік пен надандық, жалпы ізгілік мәселелерін қамтиды. Тағы бір алуанында (“Атан болған жиырма бес”, “Құбылып тұрған бәйшешек”, “Садыр, қайда барасың ?”) жыраудың әлеуметтік ортаға көзқарасы мен ішкі сезім күйлері басым болып келеді.

Асан қайғы жырларының көрініс тапқан жұмбақ үлгісінде келетін орағыта астарлау, пернелеу тәсілдері де Бұқарда өз көріністерін тапты.

Бұқар жырларының дидактикалық мазмұнының сипатына келсек, бұлар да өзіне дейінгі өмірді пәлсапалық тұрғыда тану, бағалау арқылы соны адам санасына сіңіріп тәрбиелеу мақсатына құрылады. Жырау осыған орай кейде дайын үлгіні өзгертпей алуға да, не соны сөз орамы мен ұйқас үшін аз – кем түрлентіп қолдануға да, тіпті, тыңнан жол салып өзінше кестелеуге де бейім.

Бұқар жырау сол тұстағы әр алуан өмір көріністері мен адамдар арасындағы қарым – қатынас жайларын да өз назарынан тыс қалдырмаған. Жырау мұнда жалпы өмірді үнемі жаңғырып жаңару, түрлене құлпырып, өзгеру барысында бағалауға мән береді. Соған орай жыраудың “құрсағы құшақ байлар” мен “қу таяқты кедейдің” тағдыры туралы түйген ойлары да көңіл аударуға тұрарлықтай. Ол бұлардың арасындағы аспан мен жердей айырмашылықты (байлық пен жоқтықты) тұрақсыз ауыспалы құбылыс ретінде түсіндірмек болады (“Айналасын жер тұтқан, Айды батпас демеңіз, Айнала ішсе азайып, Көл су алмас демеңіз, Құрсағы құшқ байлардан, Дәулет таймас демеңіз, Жарлы байға теңеліп, Жайлауға жарыса көшпес демеңіз”,т. б).

Жыраудың бізге жеткен азды – көпті мұрасын табиғи сипаты жағынан насихат толғау, арнау толғау, болжау толғау деп үш топқа бөлуге болар еді. Шығармаларының басым көпшілігін құрайтын насихат толғауларында, жоғарыда аталғандай, адамды игілікке тәрбиелеу, бауырмалдық, адалдық, әділдік мәселелері сөз болады. Осыған орай жыраудың топшылаулары мен ой – болжамдары да сезім күйлері арқылы беріліп отырады. Осы талапқа сай бұл жырлардың көңіл – күй, лирикалық сипаты басым болып келеді.

Жыраудың қолда бар арнау – толғауларының көпшілігі (“Абылай ханның қасында”, “Ал, тілімді алмасаң”, “Ей, Абылай, Абылай”, “Қазақтың ханы Абылай”, “Ханға жауап айтпасам”, “Басыңа біткен күніңіз”, “Ай, Абылай , сен он бір жасыңда”, “Ал, айтамын, айтамын”) Абылай ханның сол тұстағы ұстанған саясаты мен жалпы ел басқару ісіне арналса, енді бір топ жырларының (“Садыр, қайда барасың ?”, “Бұқарекең – біз келдік Ақан, Төбет байларға”) әр кезеңде әр қилы тілек – талаптарға орай белгілі бір кісілерге арнау түрінде айтылғанын көреміз.

Бұқар тарихта “Ақтабан шұбырынды, Алкакөл сұлама” атанған қатерлі заманда қазақ елінің басын құрап, қалмақ басқыншыларына қарсы күресті ұйымдастыра білген Абылай ханды халық тәуелсіздігін қорғап қалған көсемі, даңқты қолбасшысы ретінде сипаттайды. Сол тұста ерекше ерліктері мен көзге түскен Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгембай, Шақшақұлы Жәнібек, Сіргелі Тілеуке, қарақалпақ Құлашбек, т. б. батырларды ханның сенімді серіктері, оның бұйрық – жарлықтарын бұлжытпай орындаушы сарбаздары ретінде асқақ жырлайды.

Бұл – қалың жұртшылықтың жоңғар басқыншыларына қарсы азаттық күреске шығып, елдікті сақтап қалуға бел байлаған кезі еді. Абылай хан дәл осындай ауыр кезең, қиын сәтте бөлек – бөлек шашырап жатқан үш жүздің басын біріктіріп, жауға үзілді – кесілді тойтарыс бере алатындай бір орталыққа бағынған күшті мемлекет құруға талаптанды. Сол себепті Бұқар өз жырларында Абылайдың сол тұстағы орасан зор еңбегін жоғары бағалай отырып, халық арманын ақтаған батыр – қолбасшының мақтантұтарлық әдеби бейнесін жасауға зер салды. Айталық, Абылай хан науқастанған тұста айтқан мына бір бес жолдан тұратын жырға ол Абылайдың сол кездегі бүкіл жұрт ұмытпастай тарихи еңбегін сыйғызып, нақты бейнелей алған дер едік. Сондай – ақ, бұдан жыраудың тапқырлығы мен шешендігін, хас шеберлігін де анық көреміз :

Қайғысыз ұйқы ұйықтатқан ханым – ай,

Қайырусыз жылқы бақтырған ханым – ай.

Қалыңсыз қатын құштырған ханым – ай,

Үш жүзден үш кісіні құрбан қылсам,

Сонда қалар ма екен қайран жаның – ай !

Ел берекесінің ұйтқысы татулық – бірлікте, бейбіт өмірде деп санаған қарт жырау ханға “өлетұғын тай үшін, қалатүғын сай үшін” ерегіс – жанжалдың, қажетсіз қантөгістің орынсыз екенін де батыл ескертіп отырады. Абылай бірде ашу шақырып, көрші отырған орыс мемлекетімен соғысамын деп қаһар төккенде, Бұқар бұған үзілді – кесілді қарсы шығып, ел тағдыры үшін мұның үлкен қателік екенін айтады.

Бұқар жырау Абылай бейнесіне әр қырынан келіп, оның шындыққа сай тұлғасын өрнектемек болады. Бұл бағытта туған жырларының бәрі дерлік Абылай ханның сол бір жауапты кезеңдегі әралуан саяси қызметі мен саналы өмірін оның басқару мерзіміне орай кезең – кезеңге бөліп, ой таразысымен екшеп саралау, жинақтап қорыту үлгісінде келеді. Мұның бәрі бір ғана талап – ертеңгі ел болашағы, тәуелсіз, бақытты өмірді орнату мақсатымен терең ұштасып жатады. Осыған орай жыраудың өзге жырларынан оның “Ал,. айтамын, айтамын” атты толғауын бөліп атауға болар еді. Бұл шағын ғана туынды (бас- аяғы 31 жол) ішкі логикалық бірлікпен жалғасқан үш бөліктен тұрады. Біріншісінде Абылай мінген жүйрік сайгүліктің түр-тұлға, сын-сипаты сөз болса, екіншісінде сол атқа лайық оның иесі де елдің биік талап тұрғысынан сипатталады. Ал, үшінші бөлімі Абылай бейнесін бірыңғай бөліп алып, жеке сомдауға арналған.

Бұқар өзіне дейінгі қалыпты жырдың сыртқы түзілім – құрылысына айтарлықтай жаңалық енгізе қоймаса да, оның дәуір талабына сай мазмұндық, көркемдік жағынан жетіліп, кемелденуіне үлкен үлес қосты. Асан қайғы, Қазтуған, Доспамбет, Шалкиіз, Жиембет, т. б толғауларында орныққан тақырып пен мазмұнды жырау өз туындыларында жаңа бір қырынан ашып сипаттайды. Бұдан Бұқар тұсындағы жыраулық толғаулардың әлеуметтік мәні мен көркемдік сапасының ұшталып, өмір құбылыстарын даралау, адам бейнелерін жасауы жағынан толыса кемелденгенін көреміз.

Бұқар толғауларының өзіндік белгілеріне келгенде, біз ең алдымен, олардың түрі мен мазмұнының терең астасып отыратынын айтуға тиіспіз. Жырау ырғақ пен бунақ, тұрақты ұйқастың бірлік – шарттылығын көбінесе айтылар ойдың мазмұнына бағындырап отырады. Осыған орай бұлардағы ішкі логикалық байланыс – тұтастықты Бұқар шығармаларының басты сипат – ерекшеліктері деп айта аламыз.

Бұқар — өзі өмір сүрген дәуірдің болмыс – шындығын көркем бейнелеп, артына елеулі әдеби мұра қалдырған жырау. Ең алғаш ол ауыз әдебиеті үлгілерінен бастау алып, дәуір талабына орай әлеуметтік мазмұн мен көркемдік сапаларды игерген жыраулық поэзия Бұқар шығармалары арқылы жаңа белеске көтеріліп, әдебиетіміздің байып, марқая түсуіне жол салды.

Жыраулар поэзиясының көркемдік-идеялық ерекшеліктері


14.02.2018
Қазақ жырауларының қай уақыттарда жасап, олардан қалған мұраның қалай сақталып жеткені, қандай қалыпта екендігі туралы ғалымдарымыздың еңбектерінен көп мәліметке қанығамыз.

Махмұт Қашқаридің сөздігінде Шөже дейтін жыраудың аты аталады. Ол XI ғасырда көшпелі түріктерден шығып, көп жыр білген жыршы болыпты.

IX ғасырда аты жеткен Қорқыт, түрлі деректерде XIII ғасырда жасаған Кетбұға, XIV ғасырдан Сыпыра жырау аталады.

Қытайда тұратын Зейнолла Сәнік “Тарих тұнығы тереңде” атты зерттеуінде (“Жұлдыз”, №3. 1993) қытай жазуында жазылып қалған сақтар мен ғұндардың; түркілердің әдеби мұрасы жайлы айтты.

Осы тұста Мағауиннің мына бір тұжырымы ойға оралады. “Қазақ әдебиеті қазіргі Қазақстан жерін жайлаған тайпалар туғызған бай рухани қазынаның заңды мұрагері еді. Ол өзіне дейін ғасырлар бойы жасаған мұрадан нәр алды, ежелгі дәстүрлерді дамыту, тың тақырыптар игеру, соны соқпақ сараптар қалдыру нәтижесінде кемелденді.

“… Халықтың рухани өмірінде жетекші орынға шыққан поэзия әлденеше ғасыр бойы қазақ әдебиетінің жай ғана көшбасшысы ең басты жанры қызметін атқарды. Ал осы кезеңдегі Қазақ поэзиясының ең ауыр жүгін көтерген, сөз өнерінің жетекші өкілдері — жыраулар болды. Қазақ жыраулары XV-XVIII ғасырлар шегінде бүкіл әлемдік мәні бар аса құнды әдеби мұра жасады”.

Жырау кім? Оның өз қоғамда алған орны қандай еді? Жырау өнері қандай жағдайларда туып, қалай көрінеді, қай түрге (өлеңнің) қатысты не жайларды қамтыды, жырау қай кезеңдерде жасап, қай уақытта қоғамдық, әдеби өреден ығысты деген мәселелер, сөз жоқ, жырау поэзиясының табиғатына, жыраудың алабөтен айрықша қоғамдық статусына алып барады. Жырау поэзиясының көркемдік сипаттарын ашады, ғылыми негіздерін жүйелейді.

Зерттеушілер қазақ атымен аталатын әдебиеттің жасай бастаған уақытын қазақ хандығы құрылған уақытпен сабақтастырады. Бұл әдебиет, жыраулар поэзиясы түрінде жасады.

Белгілі бір себептерге орай қазақ әдебиеттану ғылымында жырау кім, жыраудың әлеуметтік тұлғасы, жыраулар мұрасының негізгі сарындары, жырау поэзиясының көркемдік негіздері дейтін мәселелер сол қазақ хандығы дәуірінде (XV-XVIII ғасырлар) жасаған қазақ әдебиетінің өкілдері, әдеби мұраның негізінде қарастырылып келеді.

Бұл дәуір поэзиясы бізге ата қоныс, құт мекеннен ауа көшудің қасіретін; қырық жыл қырғында ат үстінен түспеген жауынгердің жан мұратын; ел басқарған хандардың тура тартқан тұсы мен бұралаң бұрылыс – қате кеткен шалғайларын, т.б. толып жатқан, жазба тарихқа ауыс түскен құдырет шындықтарын қаз-қалпында жеткізді.

Қазақ қоғамында Жыраудың атқарған ісі көп; алған орны алабөтен. Көркем сөзді сүйеніш еткен өнерпаздың қазақ тарихында әсіресе аса бір беделді, аса бір өтімді болған тұсы Қазақ хандығы дәуірі болды.

Әрине, жырау, ең алдымен ақын. Өз жанынан өлең шығарушы. Және соны белгілі бір күй аспабымен орындаушы … Яғни күй әуенін туғызушы Сазгер. Жырау бұл өнерінің барлығын белгілі бір мақсатқа бағыттап отырды. Өз қоғамының, қазақ мемлекетінің ішкі-сыртқы жағдайларына: ел басқарған хандардың ісіне, айнала көрші елдермен қарым-қатынас саясатына, сырт жаулармен соғыста бірлік, ерлік жайына, ел ішінің бітімшар тұтастығына, жеке адам тірлігіндегі дүние кезеңдеріне, ұрпақ тәрбиесіне т.б. мәселелерге бағыттады; қазақ қоғамының моральдік, провалық, діни нормаларын айқындау, насихаттау, қалыптастыру ісіне араласты.

Әрине, жыраулық өнер, оның табиғатын танытар басты сипаттар әлде де ғылыми тұрғыда негізделе береді. Сонымен бірге басы ашық, әдебиеттанушы ғалымдарымыздың барлығында да қажет, қисынды ой, тұжырым аз емес. Соның бұлтарпас басты айғағының бірі – ол жырау поэзиясында жаугершілік заман сарыны жатуы. Яғни, жырау поэзиясы – жауынгерлік эпос.

Қаһармандық жырларды туғызушылар – жыраулар. Бұған бір қисынды дәлел – батырлар жырындағы өлең өлшемінің жыраудың өлең ерекшелігімен аса ұқсастығы.

Сырт жауларға қарсы күрес, елдің сыртқы, ішкі жағдайы түскен саяси ахуал көрініс беріп жататын; қаһарман жауынгердің тұлғасы соғыс сәтінде сомдалған ерлік жырларды туғызушы Қазтуған, Шалкиіз, Доспамбет, Қожаберген, Ақтамберді, Бұқар, Үмбетай, Тәттіқара жыраулар емес еді деп айта алмаймыз.

Жыраулар өнернамасының негізінде біздің әдебиетімізде қазақ халқының қилы кезеңдердегі тағдыр-талайы, ел басқарған ұлы хандар тұлғасы, олардың төңірегіндегі ер жастанып жатып, қырық жыл қырғынның ортасында жүріп, халқының азаттығы мен ар-намысын қорғаған Дарабоз батыл тұлға-тұғырлар жайлы толып жатқан батырлық жырлар, дастандар, аңыз-әңгімелер, шежіре хикаялар, шешендік ағындар қалды. Әдебиетіміздің көп асылы, үлкен томдары осы дәуірлерде туды.

Үмбетай жырау қазақ әдебиетінде Алатаудай Ақша батырдан асып, болат туған Бөгембай бейнесін сомдады. Тәттіқара әр елдің атақты батырын дәріптейді. Қожаберген елінің күйініш, тілегі солар екенін толғайды…

Жырау – қаһармандық эпосты туғызушы, батырлар бейнесін сомдаушы ғана емес, қолбасшы батыр. Оның шығармаларының басты сарыны — жауынгерлік рух, ұлт-азаттық, бостандық арман.

Жырау поэзиясының негізгі сарындары ұлт-азаттық күрес, заман күйі, ұрпақ тәрбиесі, пенделік ғұмырдың жеке бас көңіл-күйі, адамның жас шамасы, опасыз жалған дүние-тірліктен табар тиянақ-тұғыр, т.б. жайлар. XV-XVIII ғасырлар арасында жасаған жыраулардың шығармаларынан осы сарындарды ұшыратамыз.

Жырау поэзиясындағы басты сарындардың бірі – туған жер, ата қоныспен қоштасу, қымбатын жоқтау, қимасын аялау. Бұл сарын сонау қазақ хандығы құрылудың алдындағы өткен тарихи жағдайлардан күйін шерткен беріде Бұқарды алаң көңіл еткен, онан беріде Дулатты аһ ұрғызып, Мұратты мұңға батырған, Нарманбетті нар түйедей шөктірген зар еді.

Туған жермен қоштасу сарыны, қоныс мекен жайы сонау XV ғасырдағы Асан жыраудан бар. Осы сарын әсіресе XVII ғасырға шейінгі жыраулар мұрасында басым көрінеді.

Еділ менен Жайықтың

Бірін жарға жайласаң,

Бірін қыста қыстасаң,

Ал қолыңды маларсың

Алтын менен күміске!…

(Асан)

Жырау поэзиясының басты сарындары туралы жалпы сөзбен басын қайырып айта салу мүмкін емес. Әр жыраудың әрбір жеке шығармасының ішіне еніп, сезіне білу керек.



Бұқар жырау мен Жиембеттің тәрбиелік қолданбалы және идеялдық –эстетикалық мәні.
31.01.2018
Жоспар:

Бұқар жыраудың тәрбиелік қолданбалы және идеялдық –эстетикалық мәні.


Бұқар жыраудың педагогикалық көзқарастары
Жиембеттің педагогикалық көзқарастары
Лекцияның мәтіні:

ХҮІІІ ғасырда өмір сүрген ақын-жыраулар ішінде шоқтығы биік, ірі тұлға, Абылай ханға да, қара халыққа да ақылшы бола білген данагөй-дидакт, қарт жырау Бұқар Қалқаманұлы (1668-1781 жж.) болды.

Оның өлеңдеріндегі басты идеялар: дүние көркі – адам; адам көркі – оның жер бетіндегі жасар игілігі, белді қасиеттері; ерлік, елдік, бірлік. Дүние – бай мен жарлы-жақыбайға ортақ алма-кезек, мәңгі байлық та, жарлылық та, көптік те, жалғыздық та жоқ (мұның бәрі шартты). Адамнан ала да, құла да, күшті де, әлсіз де туады. Әркім өз қасиеттерімен ерекшеленеді. Біреулер көреген, білгір, озық ойлы, қара қылды қақ жаратын әділдігімен көңілден шығады. Енді біреулер, керісінше, ойсыз, талапсыз, надан, озбыр қылықтарымен көзге түседі. Алғашқылардың ерен еңбегі олардың әлеуметтік рөлін көтермелейді. Надандардың әлеуметтік опаты мен зұлымдығын сөзбен жеткізе алмайсың дегендерді білдіреді.

Бұқар өзінің Абылайға деген толғауында ханның мәртебесі біріншіден, халықтың өзара бірлігін сақтай білуінде, екіншіден, халыққа өз саясатын қолдатқыза алған ептілігінде екенін алға тартады. Осыдан – адамды адам ететін – оның ортасы, нақыл тәлім-тәрбиесі деген ұстанымды ұсынады.

Бұқар ер азаматтың нағыз азамат болуы үшін он бір тілектің орындалуы қажет дейді. Ол “тілектер” былайша баяндалады:
Аллаға адал болу, Алла – сенің бүкіл өмірің мен тыныс-тіршілігіңнің негізгі арнасы. Аллаға сыйынғанның бақ-дәулеті орнына келеді, ортаймайды.
Пасық, залым адамның тіліне еріп азба. Қаскөйлерден ылғи да сақтанып жүр.
Қыз-келіншектер, әйел қауымы үнемі үсті-басын таза ұстап, жарасымды киінуді ұмытпасын. Бүгінгі қыз ертеңгі ана, бүрсігүні – ақ шашты әже. Анаға қарап бала–ұрпақ өседі.
Төсек тартып жатпағын. “Әуелгі байлық – денсаулық” екенін ұмытпа. Сол үшін белсенді әрекет жаса.
Мұсылмандықтың белгісі – бес парызды ұмытпа.
Ардақтаған аяулың бөтен біреуге тегін олжа болмасын. Көрші күштілерге кіріптар боп қалмасын (Бұл жерде орыс, қытайлармен бейбітшілікті сақта деген ой айтылып отыр.)
“Желкілдеген ту келіп, жер қайысқан қол келіп, содан сасып тұрмалық” деп ел қорғау мәселесін алға тартады.
Өз ұрпақтарын төтенше жағдайлардан сақтай білуге үндейді. (Табиғи апаттан сақтануды айтып отыр – С.Қ.)
Хан бағдарламасын қолдау да – имандылық. (“Ханның ісі халқымен” дегенді ұрандап отыр.)
“Тар құрсағын кеңіткен, тас емшегін жібіткен” аналарды құрметте. Ол адамдық асыл парыз.
Жастық шақты еске ала келіп, әр жастың өзіндік ерекшелігіне баға беріп, өмірді мәнді өткізуді, оның қадір-қасиетін бағалай білуді уағыздайды.
Жалпы ХҮ-ХІХ ғ.ғ. ақын жыраулар поэзиясын сөз еткенде олардың халық үшін еткен еңбегіне,ой қиял өрістеу өресіне,қимыл,әрекет-ісіне қарай үш топқа бөліп:жауынгер жыраулар. Доспамбет,Жиенбет,Ақтанберді,Махамбеттер);мәмілегер(Асан қайғы,Сыпыра жырау,Үмбетей,Бұқар);тәлімгер(Шал,Базар,Майлықожа)жыраулар деп шартты түрде жіктеуге болады.Ақын-жыраулар өлең-жырларымен де өнегелі ісімен де халыққа белсене қызмет етіп,ел ұйытқысы,тәлім-тәрбие мектебінің ұстазы бола білді.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:


1 Таным тармақтары (қытай тарихшыларының көне тарихымыз туралы пайымдаулары) (құраст. Қ.Салғарин) – Алматы: “Санат”, 1998.

2 Н.Мыңжан. Қазақтың қысқаша тарихы. – Алматы: “Жалын” , 1994.

3 М.Мағауин. Қазақ тарихының әліппесі. – Алматы: “Қазақстан”, 1995.

4 Қ.Салғарин. Династия ханов. – Алматы: “Жалын”, 1991.

5 Из истории казахов. – Алматы: ТОО “Жалын”, 1999.

6 Қ.Жарықбаев, С.Қалиев Қазақ тәлім-тәрбиесі. – Алматы: “Санат”, 1995.

7 С.Қалиев. ХҮ–ХІХғ.ғ. ақын-жыраулар поэзиясындағы педагогикалық ойлар. – Алматы: “Рауан”, 1990.

Facebook WhatsApp


BARIBAR.KZ – мультимедиалық контент дайындайтын, көпсалалы сайт. Мұнда өзекті сұрақтарға жауап табуға болатын, жүйеленген "Сұрақ-Жауап" платформасы бар.
Сұрақтар бойынша: ad@baribar.kz +7 (705) 270-84-04
Алматы қаласы, Абай даңғылы, 52в, 113-бөлме. "Байзақ" бизнес орталығы
Материалдарды қолдану тәртібі

Реклама на сайте Байланыс Құттықтау Студент Сұрақ-Жауап


© 2010-2021 Baribar Media ЖШС | Бізде бәрі бар!

Студент
Бас бет Қазақ әдебиеті


XIII-XIV ғғ. Қазақ мәдениеті
08.09.2018
Тарих толқынында қазақ әдебиеті үшін жарқын белестерге толы бір кезең XV-XVIII ғасыр әдебиеті. XIII-XIV ғасыр моңғол шапқыншылығы зырдаптарынан бас көтеріп, жаңа заман, жаңа өмірге бет бұрған халықтың жаңа шежіресі басталды. Алтын Орда құлап ноғай, қазақ рулары дербесеігін алып бөлініп шығып, Ақ Орда халқының жеке мемлекет болып қалыптаса басталу тарихында да заман өз қиындығын кездестірді. Бірінші орынға елдікті,қазақ ұлтының біртұтастығын мақсат еткен қайырымды хандармен бірге, елді басып –жаншуға, өзге елдермен қазына үшін соғыстырып ел берекесін кетіруге, халықты қалың тобыр депқана түсінетін қатігез хандар да кездесті. Осы бір аға мен іні хандық үшін жауласып,әке мен бала билік үшін араздасып, аждаханың аузындай хан тағы үшін бала әкесін,іні ағасын жұтқызып жіберіп жатқан, хандар билігі жиі-жиі ауысып, ел басына біркелкі заман орнату қиынға соққан кезеңдерде ел қамы үшін , ұлт жаны үшін тарих төріне әдебиеттің құрметті өкілдері жыраулар келген еді. Моңғол шапқыншылығының зардабы кезіндегі сопылық әдебиеттен кейін, XV ғасырдан бастап қазақ мәдениеті алға өрлеп әдебиет, музыка,ғылым саласы қайта жанданды. Осы бір кезде тарих тұғырында да, әдебиет әлемінде де елеулі орны бар жыраулар поэзиясы қалыптасты.

XV ғасырдың біріншісі жартыснда Жәнібек пен Керей хандардың қазақ хандығын құрып, қазақ деген елдің дербес өмір сүруіне байланысты осы кезеңде қазақтың төл әдебиеті, әдеби тілі қалыптаса бастады.Сонау қазақ фольклорынан бастау алып ертегі-аңыздар, жұмбақ-жаңылтпаштар, эпостық жырлар сияқтыхалықтың, халық ауыз әдебиетінің еншісінде ғана емес, жеке авторлық шығармалар дүниеге келді. Мұндай жыр иелерін жырау деп, олрдың жырларын толғап, халық арасында таратушылар жыршы деген атқа ие болып,әдебиетте жеке сипат ала бастады.

Осы тұста жыршы кім? Жырау кім? Жыршы мен жыраудың ақыннан айырмашылығы неде? деген сұрақтар туады.

Ең алдымен жырға келетін болсақ, «Жыр-(көне түркі тілінде «иыр»)- 1.кең мағынада поэзиялық шығармалардың жалпы атауы…2.тар мағынасындақазақ халық поэзиясындағы 7-8 буынды өлең өлшемі, поэзиялық шығарма жанры» деген анықтама «Қазақ әдебиетінің энциклопедиясында» берілген екен. Ал, зерттеуші Ш.Ш.Уалиханов «Қазақ халық поэзиясының түрлері жөнінде» атты еңбегінде «Жыр дегеніміз рапсодия. Ал жырламақ деген етістік тақпақтап айту деген етістік тақпақтап айту дегенді білдіреді.Барлық далалық жырлар қобыздың сүйемелдеуімен тақпақтап айтылады»,-деп көрсеткен екен.

«Тіл бас жарады, бас жармаса тас жарады» деп сөз өнерін, тіл тағылымын ардақ тұтқан қазақ халқы сонау XV ғасырда да жырларды қадірлеген болуы керек. Поэзиямен жаны егіз көшпенділер бесіктен туғаннан бастап жыр әуеніне елітіп өскен. Соның әсері болуы керек жыр тарих сахнасында да талай хандарға, сұлтандарға,әмірлерге, өз ықпалын тигізіп, халықтың игілігіне айналғаны анық. «Қазақтардыңбүкіл өлеңдерінің түп негізі ретінде қазақтар өздері «өлең» және «жыр» деп айтатын екі түрлі өлең түрін қабылдауға болады.

1.Өлең.


2.Жыр. Өлшем жағынан минусин татарларының батырлық жырларына ұқсас, өлеңге қарағанда ол екі буыннан төрт буынға дейін мүлде еркін араласып келіп отыратын үш бунақтан (көбінесе екі бунақтан) құралады.Ұйқас соңына келуі қажет, бірақ қалай ұйқастыру ақынның еркінде» деп белгілі зерттеушіВ. В. Радлов түсінік бергендей жыр қазақпоэзиясының арғы атасы іспеттес.(Радлов В. В. «Алтын сандық» Алматы 1993 жыл 10- бет) жалпы жыр өлшемі поэзияда ерте туғанөлшем. Ғалымдардың зерттеуінше жырлардың ұйқас түрлері 10-ға жуық. Жыр негізінен дара ұйқасты және аралас ұйқасты болыпекіге бөлінеді.Аралас ұйқастың өзінің салалары көп.

Жырау — қазақ әдебиетініңкөрнекі өкілі. Әдебиетте де тарихта да маңызды орын алар тұлға. «Жырау — өз жанынан шығарып айтатын және эпикалық дастандар мен толғауларды орындайтын халық поэзиясының өкілі жырау атауы-«жыр» сөзінен туындайды» деген түсінік жырауға «Қазақ әдебиетінің энциклопедиясында» берілген. Өз жанынан суырып шығарып жырлайтын жыраулар XV ғасырда ғана туа салған жоқ. Жырау тұлғасының тарихы тереңде. «Сәугейлік, батагөйшілдік, түс көру, ырым айту, табиғат құбылыстарына т.б. жайларға қарай болжам жасау, абыздың бір міндеттерін атқару – көне дәуір жырауларына тән қасиет» — делінген жоғарыда аталған еңбекте. Иә, жыраулық мектептің түп негізі абыздардан басталады. Ел ертеңі жайлы болжам жасап, данышпандығымен дараланып жүрген жыраулар хан сарайында отырып, алдағы болар қауіп-қатерді болжап отырды. Хандардың түсін жорып, халық арасындағы қарым-қатынастардың қалай бағыт алатынын болжап, оны жыр жолдарымен жеткізіп, абыздық дәстүрді әдебиетпен байланыстыра дамытты.

Иә, жыраулар өз заманындағы нағыз халық жанашырлары бола алды. Олар жыр шығарып, толғау айып, тек өнер иесі ғана болып қойған жоқ, жаугершілік заман болып, ел басына күн туған кезеңдерде атқа қонып, жауға аттанған батыр, қолбасы болды. Сол қызметтерді атқара жүріп, ел қорғау, халықты азат ету мақсатын паш ететін сарбаздарын жігерлендіретін, патриотизмді насихаттап немесе хан, уәзірлерге пікір қосып, кемшіліктерін бетіне басып, қаймықпай ашық жеткізетін міне осы жыраулар болды. Бұл пікірге мысал келтіретін болсақ, Доспамбеттің

Арғымаққа от тиді,

Қыл мықынның түбінен.

Аймедетке оқ тиді,

Отыз екі омыртқаның буынынан,

Зырлап аққан қара қан

Тыйылмады жонның уақ тамырынан.

Сақ етер тиді саныма

Сақсырым толды қаныма

Деген жолдарынан жыраулардың қолбасы, батыр болып, әрқашан алғы шепте жүріп, жоу оғынан жараланып, елі үшін жан аямағанын байқаймыз.

Таза, мінсіз асыл тас

Су түбінде жатады.

Таза, мінсіз асыл сөз

Ой түбінде жатады.

Су түбінде жатқан тас

Жел толқытса шығады,

Ой түбінде жатқан сөз

Шер толқытса шығады. – дейтін Асан қайғының терең философиялық толғаулары да осы жыраулардың еншесінде.

Қазақ әдебиетінде есімі ел аузында сақталып, аңызға айналып жүрген жыраулар өте көп. Дегенмен оларды зерттеудегі бір қиындық жыраулар шығармаларының ауызша таралып, бүгінгі кезге ауыздан-ауызға таралу арқылы жеткендігінде болып отыр. Уақыт өткен сайын ұмытылып немесе біреулердің өз жанынан қосып өзгертулері нәтижесінде жеткендігінде.

Жыр және жыраулар туралы деректер М.Қашқаридің «Диуани-лугат-ат түрк» еңбгінде кездеседі. Оның еңбегінде Шөже жырау (XI ғасыр) туралы сөз болады. Онда Шөже жырау – жырау әрі көп жыр білетін жыршы екендігі жайлы айтылады. Сонымен қатар Қорқыт (IX ғасыр), Сыпыра жырау (XIV ғасыр) есімдері арқылы біз жыраулық поезияның тамыры әріде жатқандығын білеміз. ДегенменXV-XVII ғасырлар жыраулар поэзиясының дамып, жетіліп кемелденген шағы болып табылады.

XV-XVII жасалған әдебиет ел мүддесін, жұрт мақсатын алдыңғы орынға қойды. Бұл кезеңдегі жыраулар поэзиясы әдебиетте өзіндік түр тауып, ұлттық сипатта қалыптасты. Қазақ елінің ұлттық болмысын, ерекшелігін саралап көрсетіп, тарихын, салт-санасын, дәстүрін таңбалайтын келер ұрпаққа тәрбиелік өредегі ұлы туындылар қалдырды.

XV- XVII ғасырдағы жыраулар поэзиясы қазіргі Қазақстан жерін қоныстанған ежелгі тайпалар туғызған бай рухани қазынадан нәр алды, ежелгі дәстүрлерді дамыту, тың тақырыптар игеру, жаңа мазмұн қалыптастыру нәтижесінде қанат жайды. Діни, тәрбиелік, қоғамдық, әлеуметтік, ерлік пен ездік, қарыз бен парыз, о дүние мен бұ дүние тағы басқа жайындағы философиялық туындылар жыраулар поэзиясының терең дүниетанымдық сипаты болды. Жыраулық поэзияның алғашқы өкілдерінің бірі деп Сыпыра жырау Сұрғылтайұлы, Асан қайғы (Хасан), Қазтуған Сүйенішұлы, Доспамбет жырау, Тіленішұлы Шалкиіз, Жиембет жырау, Марғасқа жыраулар болды. Олар жаңа әдеби салаларды қалыптастырушылар ғана емес, көне мұраны жалғастырушылар болып табылады. Олар шығарған әдебиет үлгілері – негізінен заман, қоғам, өмір жайлы ойлы сырлы толғаулар, ақыл-өсиет түріндегі шешендік сөздер, мақал тақілетті тұспал-дидактикалық термелер сондай-ақ елді жеңіске бастаған батырлардың көзсіз ерлігін жырлаған. Ерлік эпосы, ел қожаларын дәріптейтін мадақ жырлар, қайғылы қазаға байланысты азалы сөз, естірту жоқтау немесе қара қылды қақ жарған әділ қазы, я болмаса табан асты тапжылмастан сөз бастап, терең оймен жұртты ұйытқан ақыл иелерін қошамет тұтар арнаулар болатын.

Солардың бірі Сыпыра жыраудың келер ұрпаққа арнаған жыры бата іспеттес және онда болашаққа деген сенім мазмұны да ұялаған.

Көп ішінде сөйлесем,

Жас жігіт саған қарасам –

Қара лашын тұйығынсын

Асылыңа қарасам –

Құс алатын қырғисың

Қызыл тілге келгенде

Сар садақтың оғындай

Көлденеңдеп сырғисың

Көрмегеннен сұраймын,

Асылыңды білдірші

Қай ұлыс елдің, жарқыным?!

Сөзді жұптап, түйдектеп

Бәйге атындай шұлғисың! – деп келетін жыраулар поэзиясының ауқымы шектеулі емес. Қоғамдық-әлеуметтік, тарихи жағдайлардың кейбір мәселелеріне байланысты, халықтың көңіліндегі мұң-мұқтажын болжау, танып тоқтам айту, сол жыраулық мақаммен сөйлеу, жыраулық сарынмен жеткізу де кездеседі қазақ әдебиетінде. Мысалы, Махамбет поэзиясының Қазтуған, Шалкиіз, Марғасқа жырларымен астарласып жатуы.

Жалпы жыраудың қазақ қоғамында атқарған қызметіне келетін болсақ – сөз өнерін сүйеніш етіп, шешендігін шебер пайдаланып жүрген жыраулардың аса бір ел тарихындағы халық қамы үшін маңызды рөл атқарған тұсы қазақ хандығы дәуірі болды. Бұл кезеңде әр жыраудың өзіндік тарихи орны, әр хан тұсында саяси-әлеуметтік маңызы болды. Қандай заманда болмасын кез-келген хан, сұлтан тұсынан бірлі-жарым жырау табылып отырды. Олардың ханға жағымды, хан өзіне ақылшы тұтатыны да, ақылсыз келген хандар жұрт арасына іріткі салушы ретінде түсініп жағымсыз көретіндері де болды. Бірақ жыраулардың қай-қайсысы да халық жанының жанашыры болып, барлығының поэзиясы бірге ең әуелі қазақ халқының құралу дәуіріндегі қыйлы күйді жеткізді. Жыраулардың арасында кейбірі хандарды мадақтап жыр арнаған болса да, халықты үгіттеп ханға жығып беру мақсатында жыр айтқандар болған жоқ.

Жыраулар поэзиясының негізгі сарындағы туған жер, ұлт-азатық күрес, сонымен қатар насихат, өнеге ғибрат, нақыл сөз үлгілерін көптеп кездестіреміз.

Жыршы кім? деген сұрауға «Қазақ әдебиеті энциклопедиясында»: «Жыршы – жыр айтушы, таратушы. Жыршылар домбыраның не қобыздың сүйемелдеуімен мақаммен, әнмен айтады. Сондай-ақ эпикалық шығармаларды да орындайды» деген жауап бар. Жыршы жыраулармен бірге өмір сүрген және оған дейін де болған. Әдебиет тарихында жыршылар орны ерекше. Себебі, бүкіл жыраулар поэзиясы болсын, эпостық жырлар болсын, халық ауыз әдебиетінің барлық үлгілері осы жыршылар арқылы жеткен. Жыршылар кейде өз жанынан белгілі бір тарихи оқиғаларды дастан етіп жырлағандықтан жыраулар деп те аталып жүрген. Қазақ халқы жыршыны әнші, шешен, жырау адамдармен қатар қойып, қадірлеген. Жыршылар өздері жырлайтын шығармаларын, толғауларын белгілі бір аспаппен сүйемелдеп (домбыра, қобыз) кейде әуенге салып жырлаған. Жыршылар тек жырды жеткізуші ғана емес ұлы өнер иелері де болып табылады.

Шығармаларының сарыны мен тақырыбы бірыңғай болып келетін және бірегей тарихи тақырыптарды, әлеуметтік-қоғамдық мәселелерді, қолбасы батырлар мен елбасылардың ісін, жер мәселесін жыр ғып толғап отырудан басқа көркемсөз шығарушы өнерпаз ақындардың да қазақ әдебиетінде қалыптасу тарихы ертеде. Ақындардың жыраулардан айырмашылығы сонда оның тақырып ауқымы кең адам жандүниесінің өнері. Заман өзгеріп әдебиеттің сарыны да басқа бағытта қанат жая бастады.

XVIII ғ аяқ кезі XIX ғ поэзиясында «жырау» деген атақ өте сирек қолданылды. Бұрынғы ауыр сазды толғаулар айтар жыраулар орнына енді әзіл аралас жеңіл терме, шырқап салар әндер, өлеңдер, жүрекке назды әсер етер лирика түрлері (табиғат, махаббат), айтыстардың қыздырмасы болар небір шабытты жырларды төгіп жырлар ақындар поэзиясы пайда болды. Ақындар поэзиясы өзінің мазмұн маңызымен де, түп, стиль, бағыт ерекшеліктерімен де өзгешеленеді. Өмірдің барлық саласында тақырып етіп, өлең өнері жаңа сатыдан көрінді.

Қазақ халқыныңXV-XVIIIғасырлары қалыптастырған жыраулар поэзиясы кейіннен дарынды ақындар өнеріне ұштасты. Жыраулар поэзиясы да фольклорлық сипатта болғанмен авторы халық қана деп түсінетін ұғымнан алысырақ, анығырақ авторы белгілі бір тарихи тұлға болатын, қоғамдық-әлеуметтік маңызы зор көркем сөз туындылары дүниеге келді. Ол туындылар әдеби өмірдің қалыптасу жолдарынан мәлімет беретін,тарихтың сырларын айқындайтын құнды дүниелер болды.

Әсіресе, ауыз әдебиеті оның ішінде эпостық жырлар сол кездері биік сатыға көтерілді. Бұрынғы эпос жырлары «Ер Сайын», «Ер Көкше», «Қыз Жібек», «Күлше қыз» сынды жырлар осы кезде жырланып жаңа нұсқалары пайда болды. Бұл кезең жырдың, жыршының және жыраудың өрлеу кезеңі. Бұл кезеңде қазақ әдебиетінің өзіндік әдеби стилі қалыптасып, қазақ халқының мәдениеті жанданады. XV-XVIII ғ халық басынан өзінің ауыр даму кезеңдерін өткергенмен, әдеби ілгерілеп, дами берді.

Facebook WhatsApp

РЕКЛАМА
BARIBAR.KZ – мультимедиалық контент дайындайтын, көпсалалы сайт. Мұнда өзекті сұрақтарға жауап табуға болатын, жүйеленген "Сұрақ-Жауап" платформасы бар.
Сұрақтар бойынша: ad@baribar.kz +7 (705) 270-84-04
Алматы қаласы, Абай даңғылы, 52в, 113-бөлме. "Байзақ" бизнес орталығы
Материалдарды қолдану тәртібі

Реклама на сайте Байланыс Құттықтау Студент Сұрақ-Жауап


© 2010-2021 Bari
Студент

РЕКЛАМА
Бас бет Қазақ әдебиеті


Доспанбет жырларындағы шешендік
24.02.2018

tv.tele2.kz


реклама
Подробнее
Қазақ халқының өз атымен өмір сүруі XV ғасырдың орта шені десек, осы кезден басталатын қазақтың төл әдебиетіне өзіндік үлес қосқан, сол замандағы әлеуметтік іс-шаралардың бел ортасында болып, ерлігімен де, өрлігімен де, хас батырлығымен де, өр рухты жырларымен де ел құрметіне бөленген көрнектіақын, жыраудың бірі — Доспамбет жырау.

Доспамбет – тарихи тұлға. Ноғайлының атақты биі Мамайдың заманында, яғни XVI ғасырдың орта тұсында Азов теңізі түбінде өз алдына жеке ел болған Азаулы ноғайлыларының басшысы, ел қорғаны, қол бастаған батыры.

Жыраудың бүгінге жеткен мұрасы аз ғана – бар-жоғы 160 жолдың көлемінде. Осы жыр үзінділерінің өзіне қарап оның шығармаларының тікелей жорық үстінде, ұрыс майданында туғанына көзіміз жетеді. Себебі, оның қазір қолда бар шағын толғауларында жырау өмірімен қоштасар алдындағы адам кейпінде өткен дәуренінің мән-мағынасы туралы тебіреніп ой қозғайды.

Жаралы жауынгер – жыраудың көркем бейнеленген шұрайлы тіл арқылы өткен өмірімен қимай қоштасуы, ішкі қайғы мен өкініштен ақтарылып шыққан зарлы мұңы, кейінгі ұрпаққа арнай сөйлеген жыр – аманаты елес береді. Солай болғанмен де, оның жырларындағы басты қазық-ақынның туған жеріне, еліне деген ыстық махаббаты, ынта сезімі. Бұл қасиетті ұғым жолында туған жерін жаудан қорғау – жырау үшін басты азаматтық парыз. Сол себепті де ол жауынгерлік жорық жолдарын тебірене еске алып, жырға қосады.

Доспамбет жырлары – майдан, ұрыс кезеңінің жылнамасы іспетті. Оның жырларында ел үшін, жер үшін шайқас, жаралы жыраудың өлім мен өмір арасында қиналған арпалысты сәттері ерекше әсер қалдырып, жорық кезіндегі қайсар қылықтарымен өршелене жауға ұмтылған ержүрек ерлердің қимыл-әрекеті көркем бейнеленеді. Бұл жырлар – қазақтың қаһармандық поэзиясының нағыз бастапқы қайнар бастаулары.

Доспамбет поэзиясына тән үлкен бір ерекшелік – оның өлең-толғауларындағы айтылған ой қазақ мақал-мәтелдерімен астасып, ішкі мағынасы жағынан болсын, сыртқы айтылу түрі, ұйқасы, салыстыру өзгешеліктері жағынан болсын үндесіп, қоғамдық құбылыс жөнінде нақтылы сөз өрнегімен беріледі.

Арғымаққа оқ тиді

Қыл мықынның түбінен,

Аймадетке оқ тиді

Отыз екі омыртқаның буынынан…..

Доспамбет шығармалары аздығына қарамастан ғұмырлы, қашанда мәңгілік. Оның толғаулары өзінінің мән-маңызы, ішкі толғанысы жағынан алып діңгектер сияқты үлкен әлеуметтік жүк арқалап тұр. Жырау жырлары тарихтың талай аласапыран оқиғаларының арасында адасып, жоғалып кетпей, бізге келіп жетті де, рухани бастаулардың қуатты көзі бола отырып, шығармашылығы

мен күрескерлігі өзімен үндес XVIII ғасырдағы әдебиеттің ірі өкілі Ақтамберді мен XIX ғасырдағы өршіл рухты азамат ақын Махамбет поэзиясына және одан кейінгі бүкіл әдебиет дамуына игі әсерін тигізді

Facebook WhatsApp

РЕКЛАМА
BARIBAR.KZ – мультимедиалық контент дайындайтын, көпсалалы сайт. Мұнда өзекті сұрақтарға жауап табуға болатын, жүйеленген "Сұрақ-Жауап" платформасы бар.


Сұрақтар бойынша: ad@baribar.kz +7 (705) 270-84-04
Алматы қаласы, Абай даңғылы, 52в, 113-бөлме. "Байзақ" бизнес орталығы
Материалдарды қолдану тәртібі

Реклама на сайте Байланыс Құттықтау Студент Сұрақ-Жауап


© 2010-2021 Baribar Media ЖШС | Бізде бәрі бар!
bar Media ЖШС | Бізде бәрі бар!

V.Доспамбет жырау


31 Наурыз 2014, 04:379048
Ал егер тыныштықтың шырқын бұза, «жау шапса», не істемек керек.
Ал егер тыныштықтың шырқын бұза, «жау шапса», не істемек керек? Жыраудың мұндай сын сағаттарға қатысты жауабы да дайын және ол өз мақсатын бұлдыратпай:

«Бетегелі Сарыарқаның бойында Соғысып өлген өкінбес!» –

деп, үзілді-кесілді кесім айтады. Мұншалықты кесіп сөйлеу ел мұратына қалтқысыз берілген, ел бақытын өз қамынан жоғары санайтын қаһарман жанға тән мінезді танытады.

Жаужүрек жыраудың бұл толғауында елге қатер төнген қиын-қыстау сәттерде кеудесінде намыс бұрқаған әрбір Ердің қарекет-қимылы қандай болуы қажеттігі бейнеленсе, «Қалаға қабылан жаулар тигей ме...» деп басталатын толғауда өз әрекеттерінің қандай болары (яки қандай болғаны) бірінен бірі өрістей суреттеледі. Аталмыш толғауда динамикалы сурет те («Қалаға қабылан жаулар тигей ме, Қабырғадан дұспан жалдап жүргей ме»), кейіпкердің (яғни өзінің) жан дүниесіндегі психологиялық өзгерістер де («Қатарланып, қарланып»), әрекет көрінісі де («Қайран ер қарт күреңге мінгей ме»), көріністі сырттай бейнелеу де («Қабырғадан қараған Достым менен дұспаным: «Апырым, Ер Доспамбет!» дегей ме!..») бар. Егер осы көрініс-бейнелерді тұтастыра қарасақ, бейбіт елге шапқан жауды, жау қылығына кектене ашынған қайран Ердің (жыраудың өзі) күрең атқа ер салып, жауға аттанғанын, оны көрген жұрттың бәрінің сүйсіне көз тіккенін көре алар едік.

Аталған екі толғаудың сюжеттік-динамикалық белгілеріне, жыраудың тілдік қолданысындағы бейнелілікке және әр тармақтың белгілі бір сурет яки көрініс туындатуға қызмет ететініне көңіл қойсақ, бұл сипаттар Доспамбет жыраудың мәрт мінезді, ержүрек батыр болумен қатар, суреткер жырау болғанын айғақтайды. Демек, Доспамбет жырау шығармаларын даралай танытатын әдеби-көркемдік сипаттардың бірі – оның жыр-толғауларының мейлінше суреттілігі, бейнелілігі және сол бейнелердің динамикалы болып келуі.

Оның теңеулерінің өзі динамикаға толы. Мәселен, арғымақтың – «Арыстандай екі бұтын алшайтып», арулардың – «Жұпарын қардай боратып» деген үлгіде көрінуі, я болмаса, майдан даласының суреті – «Оқ қылқандай шаншылса, Қан жусандай егілсе, аққан судай төгілсе» деп берілуі осы жолдарда бейнеленген қозғалыс-қимылдардың аяқталмағанын аңғартады. Ал аяқталмаған әрекеттің жалғасып жататыны белгілі. Доспамбет жырларындағы бейне-көріністердің динамикаға толы болып келуінің себебі де осы іспетті тілдік қолданыста жатыр. Салыстыру үшін жоғарыдағы мысалдардың бірін сәл өзгертіп көрер болсақ, мүлдем басқа сурет пайда болар еді. Мысалы, арғымақтың сипаты «Арыстандай екі бұтын алшайтқан» деп берілсе, буын-бунақта да, екпін, ырғақта да еш өзгеріс болмайды, алайда суреттегі бейне динамикадан айырылар еді. Осы сияқты, екінші толғаудағы ұйқастың «тигей ме, жүргей ме, мінгей ме, дегей ме» үлгісінде қолданылуы да іс-әрекеттердің біріне бірі ұласа суреттелуіне қызмет етеді.


Доспамбет жырау — 1490 жылы Азау қаласында туып, 1523 жылы Астрахан маңында қаза болған көне қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдерінің бірі және жорық жыршысы. Қазақ халқының қалыптасу кезеңінде өмір сүрген жыраудың руы — кіші ноғайлы. Өз заманындағы жорықтарға, Қырым, Ноғайлы, Қазан хандықтары арасындағы ұрыстарға қатынасқан. 1523 жылы Астрахан жорығы кезінде Доспамбет жырау бастаған шолғыншылар тосқауылға ұшырайды да, жырау ауыр жараланып, қайтыс болады.


Доспамбет жырау мұрасының дені жоғалған. Ел аузында, жекелеген қолжазбаларда сақталған бірлі-жарым туындылары XIX ғасырдың бас кезінде әр түрлі жинақтарға енді. Кеңес өкіметі тұсында Алдаспан антологиясында (1971 жылы) оның табылған шығармалары толық жарияланды ("Қалаға қабылан жаулар тигей ме", "Қоғалы көлдер, құм, сулар", "Айнала бұлақ басы тең..." т.б.). Жауынгер жырау туындыларының рухы ескілігіне, көркемдеу әдістерінің көнелігіне қарамастан, көңілге әсер етерлік терең, тілі мағыналы. Кейінгі Бұқар жырау Қалқаманұлы мен Махамбет жырларынан Доспамбеттің әсері аңғарылады.
Доспамбеттің "Қоғалы көлдер, кұм, сулар", "Азау, Азау дегенің", "Айналайын Ақ Жайық", т. б. өлеңдері белгілі.
Айналайын, Ақ Жайық,
Ат салмай өтер күн қайда?
Еңсесі биік боз орда
Еңкеймей кірер күн қайда?
Қара бұлан терісін
Етік қылар күн қайда?
Күдеріден бау тағып,
Кіреуке киер күн қайда?
Күмбір-күмбір кісінетіп
Күреңді мінер күн қайда?




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет