07.03.2018
Қазақ атымен аталатын қоғамдық ой – пікірдің басшылары болған Асан Қайғы, Қазтуғандар елге ұйытқы, ақылгөй атанған, дуалы ауызды дала философтары еді. Жырау тұлғауларында табиғат аясындағы сәбидей пәк кішіпейіл халықтың тұрмыс – тіршілігі, болмыс бітімі, өзіндік психологиясы, өзін қоршаған орта туралы түсінігі бейнеленеді, ұлттық бояуға қанық афоризмдер мен көркем тіркестерге бай, нақыл қанатты сөздерден құралған философиялық талғаулар басым болды. Жыраулар мораль, этика, тәлім – тәрбие джайындағы ой – түйіндерін, аса мәнді қоғамдық мәселелермен қатар, әлем, болмыс, тіршілік, табиғат жайлы терең мәнді тұжырымдарды ортаға салды, ылғи халқұы мен кеңесіп отырды. Жыраулар поэзиясын Доспамбет мен Шалкиіз, Жиенбет пен Үмбетей, Ақтамберді мен Бұқаралар әр мен қарай жалғастырып ұрпақтан – ұрпаққа жеткізіп берді.
Асан Қайғы, Қазтуған жырау шығармаларында көшпенділер психологиясының бейнеленуі.
Асан қайғы жырау. 15-ғасырдағы қазақ ақын- жырауларының көрнекті көш басшылары Асан қайғы мен Қазтуған. Олардың өлеңдері мен өсиект сөздерінен халық қамын жеген ақыл – ой, қамқоршы бола білгені байқалады. Туцған жерге , қолпаштап өсірген елге деген ыстық ықылас ел қамы, ар, намыс үшін күрес, әділдікті, туралықты құдірет тұту олардың шығармаларынан өзекті орын алған.
Кейінгі ұрпақ әулие танып, аты аңызға айналған, Ш.Уәлиханов “Көшпелілер философы” атаған Асан Қайғы 15 ғасырда өмір сүрген. өз заманының үлкен ойшылы болған. Заманымыздың көрнекті ойшыл ғалымы, әдебиет тарихын терең зерттеп, тексерген академигіміз М.Әуезов айтқөандай Асан Қайғы “Өзінен қалған қысқа сын болжаулары, өсиеті арқылы өзінің жайынан да, заман ағымынан да бірталай көрініс — елес, білік – дерек береді”.
Халық қамын жеуді, әзәзілдің сөзіне ермеуді, қлқының құлы болмауды, адамгершіліктің үлкен парызы деп ұққан жырау:
Адам әзіз айтар депНәпсі алдаушы дұшпанның
Көңіліңді салмағыл.Насихатын алмағыл, —
деп , “Атаның баласы болма, адамның баласы бол”, “Көпке қызмет ет, халық қамын ойлар азамат бол” деген ұлағатты өсиетті насихаттайды. “Ел қамын жеуші ақылды азаматты қарадан шықса да қадірле”, “болмашы нәрсе үшін тұз шайқасып жақсы достан айралсаң өкінішке душар боласын” : деп ақыл айтады.