Доспамбет жыраудың өмірбаяны


Дулат, Шортанбай, М.Өтемісұлының тәрбиелік тағылымдары



бет7/9
Дата10.03.2023
өлшемі151,72 Kb.
#73218
түріӨмірбаяны
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Доспамбет жырауды? ?мірбаяны

Дулат, Шортанбай, М.Өтемісұлының тәрбиелік тағылымдары.

Дулат Қашқари. (1802-1874) . Өткен ғасырдың орта тұсында ұлттық өрукеиет ңорына елеулі үлес қосқан оқылмандардың бірі ұлт тәлімінің дүлдүл жаршысы –Дулат патшаның отарлау саясатын қазақ елінің шырқын бұзған, дала халқының өзінше дамуына кесір –кесапат болған құбылыс деп, ешкімнен жалтақтап –жасқанбай,сындарлы пікір айтқандардың бірегей Дулат болатын.
Дулат ата-анасының, көпті көрген даналардың ақыл –кеңестері жас буын тәрбиесінде таптырмаитын құрал екендігін баса көрсетеді.
Тәлімдік тұрғыдан Дулаттың” Еспенбет” деп аталатын көлемді дастаны көңіл аударалықтай.
Дулат қазақ батырларын өсіріп, тәрбиелеген осынау ұлан – ғайыр жердің ежелден исі қазақ халқы екендігін айта келіп жастарға неде болса еліңмен, жұртыңмен бірге жау жүрек батыр ағаларыңдай бол дейді.
Дулат – еңбек ете білудің тәлімдік маңызын қазақ жағдайында күн тәртібіне ерекше мән беріп қойған ақын.
Дулат – ақындық өнер, сөз құдіреті туралы да терең толғанған ақын. Абайға дейінгі қазақ ой – пікірінің тарихында ақын жайында сындарлы сөз қозғап, оның психологиясын дәл басқан Дулаттан басқа ойшылды табу қиын.
Ақын мұрасында халықтықтпедагогикаға қатысты осы айтылғандардан да басқа қазіргі күн талап – тілегімен жымдасып, үндесіп жаьтқан салихалы ой тұжырымдар молшылық.

  1. М.Өтемісұлының тәрбиелік тағылымдары.

19 ғасырдың 30 – 40 жж. Қазақстанның батыс аймақтарын мекендеген ел өмірінде ерекше із қалдырған тарихи оқиғалардың бірі – Исатай, Махамбет бастаған шаруалар көтерілісі болды. Жергілікті сұлтандар мен патша шенеуніктерінің екі бірдей қанауына ұшыраған халық азаттық үшін күреске ашына кірісті. Осы күрестің басшысы Исатай болса, оның жауынгер жаршысы Махамбет еді. Махамбет шығармаларынан елге қорған болатын ер азаматтың психологиялық қасиеттері жайлы біраз тәлімдік пікірлерді ұшыратуға болады. Ата жаумен кескілескен сұрапыл соғыста жүрегі тітіркеніп, қорқу дегенді білмейтін, ерлік пен батырлықтың символы Исатай батырдың соғыс кезіндегі қолбасшылық бейнесін жастарға үлгі ете келіп:
Толғай – толғай от атқан,
Қабырғасын қатыратқан,
Тебінгісін тесе атқан,
Тізгінінен кесе атқан,
Біздің қайсар батырдың
Жүрегін сүйтіп оятқан, —
деп батыр бейнесін сүйсіне суреттеп, дүшпанның зәресін ұшырар жау жүрек қаһарман адам екенін ерекше мақтаныш сезіммен жырлайды.
Елім деп еңіреп туған Исатайдай ерлерді ерекше дәріптейді. Махамбет туған елдің туын ұстап, қол бастап, ата – жаумен айқасып, кескілескен соғыста ерлікпен өлген Исатай сияқты ел ұлдарын:
Арыстан еді – ау Исатай!
Бұл фәнидің жүзінде
Арыстан одан кім өткен? –
деп егіле жоқтайды.
Жастарды патриоттыққа, ел – жұртын, туған халқын жан тәнімен сүю рухында тәрбиелеу- махамбет өлеңдерінің өзекті тақырыбы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет