Оқушының әлеуметтік-тұлғалық құзыреттілігі дегеніміз - оның қоғамда, көпшілік алдында сөйлей білу дағдысы; тұлғаның қоғамда өз мәдени деңгейін, адами сапалық қасиеттерін таныта алуы; қарым-қатынастың ұлттық және жалпы адамзаттық әдеп нормаларын ұштастыра білуі; интеллектісі мен парасатын үйлесімде таныта алуы; өзгермелі дүние жағдайына бейімделе білуі, өмір бойы білім алу парадигмасына сай өз әлеуетін жетілдіре алуы; көпшілік алдында сөйлеу мен пікірталас мәдениетін жетік меңгеруі; өзіндік көзқарасын шешендік сөздің тектеріне сәйкес ұтымды жеткізе алу шеберлігі; қоғамдық қарым-қатынаста тұлғаның өзіндік көзқарасын мен позициясын ұстануы; қоғамдық пікірталаста өз пікірін қорғай алуы, топ алдында сөйлей алуы.
Болашақ кәсіби мамандардың кәсіби-дидактикалық құзыреттілігін қалыптастырудыңпедагогикалық шартының бірі – оқу үдерісін оқытудың интерактивті әдістері мен технологиялары негізінде ұйымдастыру. Қазіргі коммуникативтік кеңістік күрделі жүйеден тұрады, онда негізгі орындардың бірі коммуникацияның әр түрлеріне тиесілі. Себебі адам өзін әр түрлі жағдайларда түрліше ұстайды, сөйтіп әрбір жеке жағдайда басқа адамдармен ерекше қатынас орнатады. Сонымен қатар коммуникацияның сипаты мен ерекшеліктері ақпарат беру құралдарымен, тәсілдерімен, коммуникация субъектілерімен, мақсаттарымен және басқа көптеген себептермен анықталады. Коммуникацияның төмендегі түрлерін атап көрсетуге болады: этникааралық, іскерлік, әлеуметтік, халықаралық, тұлғааралық, бұқаралық, мәдениетаралық және басқалары.
Қазіргі кезде үздіксіз білім беру үдерісінде білім беру технологияларын қолдану ең өзекті мәселеге айналды. Сөйтіп, коммуникация, тіл, қоғам, мәдениет сияқты ұғымдар түрлі мәдениет иелерінің арасындағы қатынаста тілдік сәйкессіздік туу тұрғысынан мәдениетаралық коммуникациясын маңызын ашу үшін теориялық негіз жасауға ықпал етті. Тілдің қоғам коммуникациясының негізгі құралы болып табылатынын нақтыладық. Тілдің байлығы мен маңызы жеке халықтың мәдени факторлары арқылы ашылады. Мәдениетаралық коммуникациясының мәнін қолданбалы сипаттағы жеке ғылым ретінде анықтадық. Коммуникацияда қатынас стилінің маңыздылығы оның көмегімен түрлі жағдайда түсіністік орнауында, коммуникация бойынша серіктестік қатынастың қалыптасуы. Білімнен құзыреттілік қағидасына негізделген жаңаша оқыту технологиясы оқыту технологиясы білімалушылардың танымдық қызметінің заңдылықтарына оқудағы құндылық бағдарға, яғни, болашақ маманның зерттеушілік, шығармашылық және рухани адамгершілік қызметтеріне негізделген технологияға айналуы тиіс.