ДОТ 2 – курс Нодар Саидам Құзіреттіліктер. Пән бойынша меңгерілетін құзыреттіліктер, олардың өзіндік ерекшеліктері.
Құзіреттілік түрлері
Құзыреттіліктер– адамның белгілі бір салада беделге, танымға, тәжірибеге ие сұрақтар мен құбылыстар шеңбері. Коммуникативтік құзыреттілік төмендегідей компоненттерден тұрады:
•коммуникативтік тәртіп аймағындағы білімі (қажетті тілдерді білуі, педогогика және психология, конфликтология, логика, риторика, мәдениет және сөйлеу аймағындағы білімі).
•коммуникативтілік және ұйымдастырушылық қабілеті (іскерлік қатынастарды нақты және жедел орнату, белсенділік таныту, тұлғаны дұрыс қабылдау және түсіну негізінде психологиялық әсер ету, қоршаған ортамен және оқшауланған адамдармен біріккен іс-әрекет кезінде белсенді әрекет жасау);
• эмпатияға қабілетті болу (түсіне білу іскерлігі, өзгені сезіне білу, т.б.).
•өзіндік бақылауға қабілеттілігі (көршісінің және өзінің мінез-құлқын реттеу алу іскерлігі, әңгімелесушіні моделдей алу, жағымды психологиялық климатты тудыру, субъектаралық қарым-қатынасты болжай алу);
•вербальды және вербальды емес қарым-қатынас мәдениеті (сөйлеу техникасы, риторикалық амалдар, аргументация техникасын және келісім-шарттарды жүргізу, кәсіби педагогикалық әдеп ережелерін сақтау, ұғымдық категориялық ақпаратты мақсатты түрде қолдану, сөйлеу мәдениетін меңгеру, вербальды емес құралдарды қолдану).
Коммуникативтік құзыреттілік бойынша сөйлесудің барлық компоненттеріне тән дағдыларды меңгеру: ауызша және жазбаша тілде, сөзді таңдау тәсілдерін ұстану, көпшілік алдында сөйлеу дағдыларын меңгеру және де тақырыпқа сай сөздерді қолдана білу талаптарын кешенді меңгеру.
Ғалымдар оқу үдерісінің технологияландырудың негізгі ұстанымдарын:
•аңдылығы (осы технологияның негізі болып табылатын белгілі бір ғылыми тұжырымдамаға сүйенуі);
•тұтастығы (технологияның сапасын анықтайтын педагогикалық құрылымдық бөліктерінің өзара байланыстылығы);
• басқарылымдығы (диагностикалық мақсат қою, оқу үдерісіне мониторинг жүргізу, қажетті түзету енгізу);
•тиімділігі (білім беру стандарттарымен сәйкестігі, мақсатқа жетудің мүмкіндігі, уақыттың және экономикалық шығындардың үнемделуі);
• өзгелердің де қолдануға мүмкіндігінің болуы көрсетеді.