Дот 2 – курс Нодар Саидам



бет2/4
Дата15.10.2022
өлшемі18,08 Kb.
#43305
1   2   3   4
Тілдік құзіреттілік (тілдің графикалық, орфографикалық, лексикалық және грамматикалық жақтары), сөздік құзіреттілік (сөйлеу, жазу, тыңдау және оқу),әлеуметтік - мәдени құзіреттілік (сол тілде сөйлейтін халықтардың әлеуметтік - мәдени портреті), компенсаторлық құзіреттілік, оқу танымдық құзіреттілік (жалпы және арнайы іскерліктер),лингвомәдени құзіретілік, кәсіби құзіреттілік
Ал А.Н. Шукин коммуникативтік құзіреттілікті әдістемелік тұрғыдан төмендегідей негізгі компонеттерге бөлуді ұсынады.
1) Лингвистикалық құзіреттілік
2) Стратегиялық құзіреттілік
3) Әлеуметтік құзіреттілік
4) Әлеуметтік - мәдени құзіреттілік
5) Дискурстық құзіреттілік.
Тілді меңгеру, сөйлесім білігі мен дағдыларын игеру, белгілі бір дәрежеде тілдік қатынасқа қол жеткізу қатысымдық құзыреттілікке ие болу дегенді білдіреді. Жеделдете оқытуда тілдік тұлғаның бойында қалыптасатын қатысымдық құзыреттілік жүйесі тіл үйренушінің тілдік бірліктерді сөйлесім әрекетінде қолдану мүмкіндігін көрсететін лингвистикалық құзыреттілік; қазіргі қоғамдағы қатынастар жүйесінде өз орнын таба алу, әлеуметтік жауапкершілік қабілеті ретінде көрініс табатын әлеуметтік-лингвистикалық құзыреттілік; әлеуметтік ахуалды бағдарлап, адамдармен тең дәрежелі қатынас тәсілдерін жүзеге асыра білу мүмкіндіктерін білдіретін әлеуметтік-психологиялық құзыреттілік; кәсіби терминдерді меңгеріп, іс қағаздарымен жұмыс істей алу қабілеттерін көрсететін кәсіби құзіреттілік; сөйлеудің табиғилығын, қатысымдық қуатын сақтай отырып, эмоцияны жеткізе алу мүмкіндігін көрсететін эмоциялық құзыреттілік; қазақ халқының ұлттық рухани құндылықтарына құрметпен қарауынан көрінетін зияткерлік құзыреттілік; тілдік тұлғаның әлемнің тілдік моделінің көрінісі болып табылатын мәдени құзыреттілік; ақпараттық білім алу ортасында табысты қызмет ету мүмкіндігін көрсететін ақпараттық құзыреттілік; айтылымның паралингвистикалық белгілеріне назар аударып, тілдік және тілдік емес факторларды ұштастыра қолдану мүмкіндігін білдіретін дискурстық құзыреттіліктердің синтезі ретінде қарастырылды.
Демек, тілді меңгертуде міндетті түрде тіл үйренушінің жан-жақтықабілетін жетілдіруге бейімдейтін (тілдесу, оқу, сөйлесім, қатысым,) құзіреттіліктердің түрлі деңгейі болатыны анықталды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет