Қалыптастырушы бағалау қағидаттары: — Оқу мен оқытудың бір бөлігі («оқу үшін бағалау»); — барлық оқу мақсаттары қамтылады (оқу мақсаттары барлық сыныптарда пәндер бойынша оқу жоспарларында нақтыланып белгіленген); — бағалау таңбаланбайды; — оқу мақсаттарына жеткендігі бағалау критерийлеріне сәйкес жүзеге асады; — әрбір оқушының ілгерілеуі туралы кері байланыс беріледі; — ҚБ нәтижелері оқыту сапасын, оқу бағдарламасын жақсарту үшін қолданылады.
Қалыптастырушы бағалау үдерісінде мұғалімнің қызметі: — оқу мақсаттарына сәйкес бағалау критерийлерін анық жазады; — бағалау критерийлеріне сәйкес тапсырма құрастырады; — тапсырмаға дескриптор құрастырады; 32
— оқушыларға тиімді кері байланыс ұсынады; — оқыту мен бағалау үдерісіне түзету енгізеді; Оқушы: — оқу үдерісіне белсене қатысады; — бағалау критерийлері мен дескрипторларды түсінеді; — өзін-өзі/өзара бағалайды.