Критериалды бағалаудың ерекшеліктері бойынша: Ықпалдастық. Венн диаграммасы бағалаудың оқыту және оқумен қалай байланысатынын, сыныпта оқыту мен оқуға қалай ықпал ететінін көрсетеді.
Мектеп аясында жүргізіледі. Мұғалімдер оқушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қалыптастырушы бағалау тапсырмаларын да, жиынтық бағалауды да өздері әзірлеп, бейімдей алады.
ХХІ ғасыр дағдылары. Критериалды бағалау жүйесі ХХІ ғасыр дағдыларын қолдануға және дамытуға жетелейді.
Критерийге негізделуі. Критериалды бағалау жүйесінің негізгі ерекшелігі критерийдің оқушының оқу жетістігін бағалауға арналған негіз ретінде қолданылуы.