Сюжеттік желілерін анықтау; идеясын ұлттық мүдде тұрғысынан ашу; кейіпкерлерді сомдауда тура және жанама мінездеулерді жіктеу; шығармадан алған үзінділерді өз көзқарасын дәлелдеу үшін орынды қолдану
Тұтастан бөлшеккке, бөлшектен тұтасқа қарай талдау; автор бейнесі мен кейіпкерлер қарым-қатынасының тілдік көрінісін талдау; көркем шығармадан алған әсерін сипаттап авторға хат, өлең жазу
Шығарманың тақырыбы мен идеясын осы тектес басқа шығармалармен салыстырып, тарихи және көркемдік құндылығын бағалау; шығармадағы материалдық және рухани құндылықтарды заманауи тұрғыда салыстырып, баға беру; шығарманың көркемдік-идеялық құндылығын гуманистік тұрғыдан талдап, әдеби эссе жазу; шығарма бойынша жазылған әдеби сын-пікірлерге сүйене отырып, өзіндік сыни пікір жазу