Драманың ерекшеліктері. Драмалық идея мен образдарды іске асыруда сахнаның және сахналық құралдардың маңызы



Дата06.12.2022
өлшемі19,18 Kb.
#55286

  1. Драманың ерекшеліктері. Драмалық идея мен образдарды іске асыруда сахнаның және сахналық құралдардың маңызы.



Драма (гр. dramo — әрекет) 1) әдебиеттің эпос, лирика сынды үш тегінің бірі (Әдебиеттің тегі мен түрі). Көркем шындықты ерекше тәсілдерімен шиеленіскен тартыстар желісіне жинақтап, оқиғаға қатысатын кейіпкерлер сөзі мен іс-қимылы арқылы көрсететін сөз өнерінің күрделі тегі.

  • Драмада оқиға тартыс, не тартыстар желісіне жинақталып, кейіпкерлер әрекеті арқылы дамиды.

  • Драмалық шығарма театрға арналып жазылады да, сахнада нағыз көркемдік қуатына ие болады.

  • Драмалық шығармаларда баяндау болмайды. Оқиға, яғни тартыс желісі репликалар (кейіпкер сөзі) арқылы дамиды.

  • Автор кейіпкерлердің қимыл-қозғалысын білдіретін түсініктемелерді жақша ішіне бөлек жазып отырады. Оларды авторлық ремарка не ремарка деп атайды.

  • Оқиғаның негізгі даму арнасы болып табылатын кейіпкерлер сөзі, яғни репликалар, көбінесе, диалог, кейде монолог түрінде болады.

  • Драмалық шығармалардың құрылымы ондағы оқиға мен тартыстардың даму қарқынына және ауқымына байланысты көріністерге, актілерге, бөлімдерге бөлінеді.

  • Ал композициялық тұрғыдан Драмада оқиғаның (тартыстың) басталуы, шиеленісуі, шарықтау шегі, шешімін табуы болады. Кейбір шығармалар мұндай классик. үлгіден өзгеше, яғни бірден тартыстың шиеленіскен тұсынан басталуы мүмкін. 



  1. Д.Исабековтың «Әпке» драмасындағы тартыс.

Әпке (драма) - екі бөлімнен тұрады. Дулат Исабеков 1977 жылы жазған. Сахналық қойылымға арналған шығарма.
Шығарманың негізгі идеясы – бұл тақырып арқылы шындық өмір көріністерін суреттегенде, оны өз көзқарасы, өз дүниетанымы тұрғысынан бейнелейді. Сол арқылы өз мақсат, мүддесін, арманын білдіреді.

  • Бауырларын бақытты етсем деген әпкенің тілегі мен өз бақытын құрбан етуін көрсету, басқаларға ой салу.

  • Тимурдың үйіне достарын ертіп келуі, Сұлтанның туған күнін атап өту

  • Қонақтармен үй ішіндегілердің танысуы, әр түрлі көзқарастар

  • Қамажайдың жұмысқа тұруы, Тимурдың үйленуі

  • Қамажайдың Қабенмен арақатынасты үзуі, әпке-келін, әпке-іні, аға-қарындас арасындағы кикілжің, Тимур мен Кәмиланың үйден кетуі.

  • Ананың мерейтойы, қара шаңырақтағы тойды өткізушілер-Қамажай мен Ермек, көршілер

Драма шиеленісті оқиғадан басталып одан әрі өрбиді. Алғашқы оқиға Темірбектің өзінің құрбысын, нақтырақ айтқанда болашақ жарын үйіне қонақ ретінде әкелуден басталады. сол кезде Нәзиләнің бір ауыз сөзінен үйде ұрыс шығып Гауһардың ренжіп кетуімен аяқталады. Жалпы шығармада Қамажай өте сыпайы, мейірімді адам жан-жақтан келген қыспақтардан соңында ауруға шалдығады. Қабденнің Қамажайға жасаған ұсынысы тосыннан болғандықтан, ол ойланбай жауап береді. Бірақ жүрегінде өте үлкен сезімді жасыра алмайды. Кәмила өзінің баласын алдырып тастағандықан, Қамажай оны шапалақпен тартып жібереді. Оған ашуланған Темірбек үйінен кетіп қалады. Қамажайдың шарасыздығы сонша келінінен кешірім сұрауға дейін барады... Бірақ соңынан Темірбек бұл ісіне өкініп, кешірім сұрап келеді. Жалпы шығарма оқиғаға толы, қызықты болып келеді.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет