Дәріс № 4. Дәріс тақырыбы: Экономиканың дамуын болжау және жоспарлау. Дәріс жоспары:
1. Экономиканың дамуын болжау қажеттілігі. Болжау мақсаты және сипаты.
2. Өтпелі экономикадағы жоспарлаудың мақсаты және сипаты.
3. Экономиканың дамуын бағдарламалау. Бағдарлама түрлері.
Мемлекет экономиканың дамуын реттеу барысында мынадай құралдарды қолданады:
болжау,
жоспарлау,
бағдарламалау.
Болжам дегеніміз – белгілі бір объектінің болашақтағы жай-күйі, даму жолдары туралы ғылыми дәлелді пікір. Экономикалық болжау процесі экономиканың даму перспективасын анықтайды, ойланып жасалынған стратегия, анықталған болашақ мақсаттар. Болжаудың екі түрі бар: жеке және комплексті экономикалық болжау.
Жеке экономикалық болжау – халықө шаруашылығының жеке салаларының дамуын болжау. Мысалы, ауыл шаруашылығындағы құрылыс, жеңіл және ауыр өнеркәсіп, т.с.с.
Комплексті экономикалық болжау – макроэконономикалық көрсеткіштерді пайдалана отырып, ұлттық экономиканың дамуын болжау.
Уақыт интервалына байланысты:
қысқа мерзімді экономикалық болжау. Бірнеше күннен – 3 жылға дейін. Мысалы, әр жылдың бюджетін болжау, жоспарлау.
орта мерзімді экономикалық болжау. Халық тшаруашылығының салаларының инвестициялық инновациялық белсенділігін ескере отырып, дамуын болжау. 5 жылға дейін.
Ұзақ мерзімді экономикалық болжау. Елдің демографиялық, ғылыми-техникалық, табиғи-климаттық, қаржылық потенциалын ескере отырып экономиканың дамуын болжау. 10-15 жыл.
Қазақстандағы экономикалық болжаудың негізі – “2030 стратегиясы”. Осы стратегия негізінде әр түрлі уақыт интервалына негізделген жоспарлар, бағдарламалар жасалынады. 2003 жылы Қазақстанда инновациялық-индустриалдық даму стратегиясы жасалды – 2015 жылға дейін.
Мақсаты: елдің ұлттық экономикасының бәсекеқабілеттілігін арттыру, жаңа технология енгізу, өңдеуші өнеркәсіптерді дамыту.
Экономикалық болжауды нақты жүзеге асыратын жоспарлау дегеніміз – белгілі бір мақсатты, іс-әрекетті жүзеге асыру үшін нақты әдістер мен құралдарды пайдалана отырып, құрылатын шаралар жиынтығы. Жоспарлау экономикалық сфераны ғана қамтиды.
Жоспарлау түрлері:
Директивті жоспарлау – жоспарланған макроэкономикалық көрсеткіштерді міндетті түрде орындау. СССр экономикасына тән болған.
Индикативті жоспарлау – дамыған елдерде 50-ші жылдардан бастап қолданылды, Қазақстанда 1993 жылы жасалды. Жоспарланған макроэкономикалық көрсеткіштерді шаруашылық субъектілердің орындалуын ынталандыру.
Индикативті жоспарлау - нарықтық экономиканың тиімділігін арттыратын негізгі құрал болып саналады.
Жоспарлау нарық кезеңінде индикативті жоспарлау қолданылады. Индикативті жоспарлау өнеркәсіптердің дербестік жағдайындағы макрожоспарлау. Экономикалық дербестік жағдайында мемлекеттік кәсіпорындардың қызметін жоспарлау директивтікпен сипатталмайды, . Экономикалық мүдделі болжамдар негізінде құрылған индикативті жоспарлау жүйесі: қысқа, орта және ұзақ мерзімді, индикативті жоспарлар перспективті мақсаттарды шешуге мүмкіндік туғызады.
Бағдарлама дегеніміз – белгілі бір мақсатты жүзеге асыру үшін қолданылатын ресурстары, мерзімі шектелген нақты және комплексті шаралар жиынтығы. Бағдарлама – дегеніміз белгілі бір іс-әрекетке тура әсер ететін құрал болып табылады. Бағдарлама түрлері:
аймақтық,
салалық,
әлеуметтік болып бөлінеді.
Бағдарламалардың қалыптасу процессі:
Белгілі бір мақсат қою
Осы мақсатқа жету үшін әдістер жинақтау. Шаралар жиынтығы.
Осы шаралар жиынтығын қаржыландыру мәселесін шешу. Қаржыландыру көздері: жергілікті бюджет, мемлекеттік бюджет, кәсіпорынның меншікті қаржысы.