Дјріс сабаќтарыныѕ тезистері



бет1/12
Дата19.04.2023
өлшемі191,5 Kb.
#84748
түріКонспект
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі

Д. СЕРІКБАЕВ атындағы ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ


«Экономика және менеджмент» кафедрасы

ЭКОНОМИКАНЫ МЕМЛЕКЕТТіК РЕТТЕУ


5В0506 «Экономика», 5В0507 «Менеджмент», 5В0508 «Есеп және аудит», 5В0509 «Қаржы», 5В0511 «Маркетинг» мамандықтарының күндізгі бөлім студенттеріне арналған дәріс конспектісі



Өскемен, 2016 жыл
Дәріс №1. Дәріс тақырыбы Экономиканы мемлекеттік реттеудің ғылыми-әдістемелік негіздері және объектілері.
Дәріс жоспары:

  1. Экономиканы мемлекеттік реттеудің қалыптасуы:

а) экономикалық ілімдегі мемлекеттің ролі жайлы мәселе (классиктер, маржиналистер, Стокгольм мектебінің өкілдері, Кейнс және оның ілімін жалғастырушылар, неолибералдар, Фрайбург мектебінің өкілдері концепциясында).
б) экономиканы мемлекеттік реттеу эволюциясының негізгі кезеңдері.
2. Экономиканы мемлекеттік реттеудің қажеттілігі. Реттеу объектісі.
3. Мемлекеттік реттеудің административтік және экономикалық әдістері.
4. Нарықтық экономикадағы мемлекеттің атқаратын қызметі.
Экономиканы мемлекеттік реттеудің мақсаты: халық шаруашылығындағы мемлекеттік реттеуге баға беру.
Кеңес өкіметі ыдырағаннан кейін экономиканы реформалау мен шаруашылық жүргізудің нарықтық моделіне өту жөніндегі кең көлемді шараларды жүзеге асыру тәжірибесі – мемлекеттің әлеуметтік – экономикалық процестерге араласуы – объективті қажеттілік екендігін түпкілікті түсінуге мәжбүр етті. Оның объективтілігі ұлттық санақ жүргізудің жаңажүйесіне өту керектігімен, экономикалық дамудың тепе-теңдігін сақтау мүдделері мемлекеттік реттеудің объектісі болып табылатындығымен және макроэкономикалық үрдістердің сандық-сапалық көрсеткіштері өзгерісін тұрақты түрде зерттеп отыруды қажет ететіндігімен де түсіндіріледі.
Экономиканы мемлекеттік реттеу – нарық механизмінің қалыпты қызметін қамтамасыз ету үшін қолданылатын мемлекет және оның мекемелерінің, қоғамдық ұйымдардың ұдайы өндіріс процесіне мақсатты бағытта әсер ету тәсілдері болып табылады.
Сонымен қатар, экономиканы мемлекеттік реттеу әлеуметтік шаруашылық процестеріне олардың тиімді теңгерілмеушілігі мен макроэкономикалық тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік әкімшілік – экономикалық және ұйымдық- құқықтық негізде араласуын білдіреді.
Социалистік қоғам ыдырап, нарықтық қатынастар қалыптасып, мемлекеттің экономикадағы ролі өзгерді: біріншіден, мемлекет нарықтың тең құқықты субъектісі болып табылады, екіншіден, мемлекеттің экономикадағы ролі шектелді. Мұндай өзгерістер барлық ТМД мемлекеттеріне тән, қазіргі кезеңдегі Қазақстан экономикасының жүйесі әлеуметтік бағытталған нарықтық шаруашылық – аралас экономика типімен сипатталады.
Нарықтық шаруашылық өз бетінше халық шаруашылығының тиімді дамуын қамтамасыз ете алмайды. Сондықтан да нарықтық шаруашылықтың іс-әрекетін реттеп отыратын – мемлекет. Сонымен, экономиканы мемлекетік реттеу дегеніміз – макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылатын мемлекеттік шаралардың жиынтығы.
Мемлекеттің экономикалық ілімдегі ролі жайлы мәселелерді сипаттағанда, классикалық, неоклассикалық, кейнсиандық, монетаризм, институционализм сияқты бағыттардың өкілдерінің көзқарасын талдау қажет.
Экономикалық ілімде мемлекеттің ролі жайлы мәселелерді мынадай экономикалық бағыттар қарастырған:

  1. Ағылшын классикалық саяси экономиясы – (ескі экономикалық либерализм). XVII ғ. соңында қалыптасқан. Өкілдері: А. Смит, Д. Рикардо. Смит – нарық өзін-өзі «көрінбейтін қол» арқылы реттейді деген (сұраныс және ұсыныстың өзара байланысы арқылы). Мемлекеттің негізгі атқаратын қызметі – халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Мемлекет экономиканың дамуына араласпайды, нарыққа экономикалық либерализм принциптері тән (еріктілік): баға құру, таңдау, кәсіпкерлікпен айналысу еріктілігі.

  1. Маржинализм. ХІХ ғасырдың 70 жылдары қалыптасты. Рөлі – тұтынушылар мінез-құлқын зерттейді. Өкілдері: Г. Госсен, К. Менгер. Маржинализм өкілдері тұтыну сферасын зерттеген. Мемлекет экономиканың дамуына араласпауы қажет деген.

  2. Марксизм. XVII ғ. екінші жартысында қалыптасты. К.Маркс іргесін қалаған қоғамдық ілім тарихта марксизм деген атпен белгілі. К.Маркс өз әдістемелерінде классикалық ағылшын мектебін, Гегель мен Фейербахтың неміс классикалық философиясын, француз утопиялық социализмі сияқты ғылыми деректерді пайдаланды. К.Маркстің негізгі экономикалық еңбегі «Капитал» еңбегі 4 томнан, 6 кітаптан тұрады.

Капиталдың орталықтануы мен шорғырлануы, орта пайда, өндіріс бағасы, жер рентасы, процент, сауда және қарыз капиталы, ұдайы және ұлғаймалы өндіріс, акционерлік капитал, мемлекет туралы,әлемдік рынок және сол кездегі экономикалық ой-пікірлерге сын мәселелері талданған.

  1. Институционализм. ХІХ ғ. аяғы ХХ ғасырдың басында пайда болды.

Өкілдері: Т. Веблен, Дж. Гэлбрейт. Мемлекеттің экономикадағы толық араласуын құптады. Экономиканың дамуында әлеуметтік-экономикалық, құқықтық, техникалық факторларды ескере отырып, мемлекет экономиканың дамуын қалыпты реттеуі қажет деген.

  1. Кейнсиандық экономикалық ілім. ХХ ғ. 30 жылдары қалыптасты. Өкілі: Джон Мейнард Кейнс., алғаш рет макроэкономикалық талдаудың негізін қалады, экономиканың дағдарыстан шығу жолдарын ұсынды. Кейнс дағдарыс жағдайында мемлекет қысқа кезеңде жиынтық сұранысты реттеу арқылы экономиканы тұрақтандыра алады деген. Мемлекеттің экономиканы толық реттеуін ұсынды.

6) Неолиберализм ілімі. Өкілі В.Ойкен болды. Ол мемлекеттің экономикалық саясатының орталық бағыты – шаруашылық тәртібін құру деп санады.
В. Ойкеннің экономикалық идеалы ерікті нарық шаруашылығы және оның негізгі принциптері: жеке индивид, сауда, кәсіпкерлік еріктілігі, ерікті бәсеке және баға құру жүйесі.
7) 20 ғасырдың 60-жылдары Америкада неоклассикалық теорияның негізгі бағыты – монетаризм пайда болды. Өкілі – М.Фридмен болды. Монетаризмнің өкілдері ақша - экономиканың дамуын анықтайтын негізгі құрал деп санады.
Монетаризм рыноктық экономика теңгерілген шаруашылық, автоматты өінен-өзі реттелетін қасиеті бар деген ниетте болды. Рыноктық экономиканың мұндай қабілетіне кедергі жасайтын бір ғана нәрсе – жалпы ұлттық өнімнің және айналымдағы ақша массасының өсу қарқындары арасындағы диспропорция. Экономиканы мемлекеттік реттеу қажеттілігі мынадай факторлармен түсіндіріледі:

  • қоғамдағы әлеуметтік мәселелерді шешу;

  • экологиялық жағдай;

  • табиғи монополиялардың іс-әрекетін реттеу;

  • айналымдағы ақша массасын реттеу;

  • қоғамның қоғамдық тауарларға деген қажеттіліктерін қанағаттандыру.

Экономиканы мемлекеттік реттеудің негізгі мақсаты – экономиканың қалыпты дамуын қамтамасыз ету.
Міндеттері:

  • баға тұрақтылығы

  • халықтың толық жұмысбастылықтығын қамтамасыз ету.

  • экономикалық еріктілікті қамтамасыз ету.

  • сыртқы экономикалық жағдай.

Экономиканы мемлекеттік реттеудің зерттеу пәні, объектілері – қоғамдағы экономикалық құбылыстар, процестер, әр түрлі шаруашылық салалары.
Субъектісі – мемлекет, мемлекеттік органдар.
Экономиканы мемлекеттік реттеудің әдістері:
2-ге бөлінеді – административті.

  1. Административтьік әдістер – құқықтық инфрақұрылымды құрумен байланысты.

Административтік әдіс мыналарға негізделеді:

  • тыйым салу;

  • рұқсат ету;

  • сөгіс беру (выговор);

  • айып салу (штраф);

  • т.б. жазаларды пайдалану.

  1. Экономикалық әдістер – жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныстың өзгеруіне, ұлттық өндіріс көлемінің өзгеруіне, халық шаруашылығының барлық салаларының іс-әрекетіне әсерін тигізеді. Экономикалық әдіс екіге бөлінеді:

а) тура әдістер:

  • мемлекеттік тапсырыс;

  • инвестиция бөлу;

  • дотация, субсидия.

ә) жанама әдістер:

  • салық салу;

  • болжау;

  • жоспарлау;

  • бағдарламалау;

  • несие беру.

Яғни ақша-несие саясаты және фискалды саясат арқылы жүзеге асады.
Мемлекеттің атқаратын қызметі:

  1. Қоғамдағы әлеуметтік әделеттілікті қамтамасыз ету мақсатында әлеуметтік саясатты жүзеге асырады.

  2. Нарықтық экономикада бәсекелі ортаны қамтамасыз ету үшін монополияға қарсы саясатты жүргізеді.

  3. Айналымдағы ақша массасын реттеу мақсатындағы ақша-несие саясаты жүргізіледі.

  4. Экономиканың бәсекеқабілеттілігін, индустриалды дамуын қамтамасыз ету үшін – инвестициялық-инновациялық саясаты жүзеге асырылады.

  5. Аймақтық саясат – дотацияны қай аймаққа салу. Аймақтық дамуды реттеу мақсатында аймақтық саясат. Дамыған, дамымаған саясат.

  6. Сыртқы экономикалық тепе-теңдікті қамтамасыз ету мақсатында – сыртқы экономикалық саясат жүзеге асырады.

  7. Ұлттық өндірісті шетелдік бәсекеден қорғау мақсатында – протекционистік саясат жүзеге асырылады.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет