Дұрыс тамақтану дегеніміз не: заманауи көзқарас


Тағам – микробиом – иммундық қорғаныс



бет2/8
Дата06.04.2023
өлшемі168,89 Kb.
#79995
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
нутриоциология

Тағам – микробиом – иммундық қорғаныс


Тағам иммундық жүйенің, бізді коронавирустардан қорғауға әсер етеді. Бұл процесс біздің асқазан-ішек жолымызды мекендейтін миллиардтаған микробтармен ұсынылған микробиом арқылы жүзеге асырылады. Олардың жалпы салмағы 2 келіден жоғары болады.
Кейбір ғалымдар микробиомды адам организмінің ең көне мүшелерінің бірі деп санайды, оның қызметін әлі де толықтай зерттеу қажет. Қазірдің өзінде ішек микробтары тамақты қорытудан басқа бактериядан, вирустан және басқа да қоршаған орта факторларынан қалай қорғанатынымызға әсер ететіні белгілі. Бұл олардың иммундық жасушалармен – лимфоциттермен тығыз әрекеттесу арқылы жүзеге асады, олар ішектің шырышты қабығын бүкіл ұзындығы бойымен қаптап өтеді.
Ішек лимфоциттері организмнің барлық иммундық жасушаларының 80% -дан астамын құрайды. Бұл ең үлкен иммундық орган десе болады, оның ішек бетіне жайылған күйі есептегенде жалпы ауданы 300 шаршы метрді құрайды. Мұндай аймақ теннис кортының мөлшерімен тең.
Сыртқы ортамен тығыз байланыста бола отырып, ішектің шырышты қабаты көптеген патогендік бактериялар мен вирустардың организмге енудегі кіру қақпасы тәріздес. Мұндай қауіптердің алдын алу үшін, ішектің иммундық жүйесі шақырылады. Ол қанда айналатын, сондай-ақ тыныс алу және басқа мүшелерде орналасқан басқа иммундық жасушалармен үнемі өзара әрекеттеседі. Бұл сыртқы қауіптерден, соның ішінде коронавирустардан қорғауды қамтамасыз етіп, бұл процесс біздің тамақтануымызға әсер етуі мүмкін. Бұл қалай болады?
Талшықты көкөністер мен жемістерге, бұршақ дақылдарына, дәнді дақылдарға, сондай-ақ ашытылған сүт өнімдеріне бай пайдалы тағам, микробиомның дұрыс балансын қалыптастырады. Бұл пайдалы микроорганизмдердің үстемдігін көрсетіп отыр. Олар қабынуды тудыратын зиянды ішек бактерияларын шығарып қана қоймай, иммундық жүйенің сыртқы бактериялар мен вирустардан, соның ішінде коронавирустардан қорғайды. Мұның бәрі біздің организмнің инфекцияға және қабыну процестеріне қалай әсер ететінін көрсетеді.
Микробиом қабыну деңгейін бақылайтын ішкі параметрлерді орнатуға арналған. Микробиомның тепе-теңдігі бұзылған кезде, организмдегі қабыну процестері күшейеді. Яғни қабыну деңгейі жоғары деңгейге көтеріліп, бұл организмнің күтпеген реакцияларына әкелуі мүмкін. Мысалға, COVID-19 секілді инфекциялық аурудың ағымын ұзартып, қиындатуы мүмкін, онда иммундық жүйе қабыну сигналдарына жеткіліксіз жауап береді. Мұны цитокиндік дауыл деп атайды. Бұл коронавирустық инфекцияның өте қолайсыз асқынуы, көбінесе өкпеге ғана емес, сонымен қатар көптеген басқа мүшелерге қауіпті зақым келтіреді. Сонымен бірге, микробиомдағы теңгерімсіздік, ұзаққа созылған әлсіздік, шаршау, депрессия және басқа да өте жағымсыз белгілермен постковидты күйді (COVID-19-дың ұзақ ағымын) тудыруы мүмкін екенін аңғартады.
Сарапшылардың пікірінше, егде жастағы адамдарда, әсіресе 2 типті қант диабетімен және басқа да созылмалы аурулармен ауыратындарда, коронавирустың ауыр ағымы және постковидтік күй, көбінесе, ішек микробтарының теңгерімсіздігімен байланысты [14]. Өз кезегінде микробиом – бұл біз тұтынатын тағамның сипаттамаларының көрінісі.
Сондықтан француз философы Жан Антельм Брийя-Савареннің 1825 жылы «Дәм физиологиясы немесе трансцендентті аспаздық» еңбегінде айтылған «Сен не жесең – содан тұрасың!» деген сөзі дөп айтылған. Бүгінде бұл қағида жаңа көрініс тапты, атап айтқанда, тағамның біздің ішектерімізде сыртқы жауларға қарсы иммундық қорғанысты құрайтын, миллиардтаған микроорганизмдермен әрекеттесу тәсілі. Бұл процестің тетіктерін зерделеу, биомедициналық ғылымның перспективалы бағыттарының бірі, ашылатын жаңалықтар COVID-19 және болашақтағы пандемиялық қауіптердің алдын алуға, онымен күресуге мүмкіндік береді.

Тағамның функциялары




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет