Лекция конспектілері
Н3-1.1.39
08.08.2023
мәліметі бойынша қазір әлемдік рынокта қант құрағының 1 килосының бағасы — 65 теңге.
Ал, өзімізден шыққан өнімнің зауыттардағы қабылдау бағасы импорттық шикізатқа
қарағанда 5 есе төмен. Өкінішке орай, арзан шикізат қазір жоқтың қасы. Зауыттар қант
қызылшасымен жеткілікті қамтамасыз етілмегендіктен, амалсыздан алыстан қымбат
шикізатты тасымалдауға мәжбүр. Қант құрағының бағасы жоғары болғандықтан, одан
өндірілген қант та қымбат. Қазір еліміздің кейбір өңірлерінде 1 кило қанттың құны 190
теңгеге жеткен. Ал, қанттың отаны Жамбыл облысындағы баға 180 теңге. Мұнда, өткен
жылдың тиісті мерзімімен салыстырғанда 1 кило қанттың бағасы 25 теңгеге қымбаттады.
Қант қызылшасы біздің еліміздің егістігіндегі ең маңызды техникалық дақылдардың бірі.
Әйтсе де, қазіргі кездегі алып қант өндірісі тамыржемістің қантсыздығынан және түсімнің
төмендеуінен туындайтын дағдарыстан қасірет шегіп отыр. Басқа да егістік дақылдары атап
айтқанда бидай, картоп секілді, қант қызылшасын егудің де тиімді екенін әлемдік тәжірибе
көрсетеді. Мысалы, 1990 жылы Германия астық дақылдарының 56,6%-ін айдалған жерден
алды, ол ел табысының 9,5%-ін құрады. Сол уақыттарда қант қызылшасының 5,3%-ы
айдалған жерден алынды және ол ел табысының 4,3% үлесін құрады.
Қант өндірісін көтеру – өте күрделі технологиялық процесс, ол егілген қант қызылшасы
сұрыптарының өнімділігіне және төзімділігіне, алынған шикізаттың сапалы өндірісіне
байланысты. Жоғары қаттылықты және салмағы үлкен тамыржемісті қант қызылшасының
төзімді сұрыптарын алуға бағытталған селекциялық жұмыстарда, қант жинауды арттыруда
агротехникалық шаралармен қатар егілу ауданы да негізгі рөл атқарады. Қант
қызылшасының селекциялық процесі өте күрделі және қиын, сонымен бірге екіжылдық
айқас тозаңданушы дақыл.
Сонымен қатар, жаңа сұрыптар үш талапты қанағаттандыруы тиіс: жоғары өнімділікті,
әртүрлі фитопатогендерге төзімділікті және қоршаған ортадағы экстремальді жағдайларды.
Биотикалық және абиотикалық стрестерге төзімді селекциялық мәселелерді шешуде
биотехнологиялық әдістер үлкен рөл атқарады. Өсімдік селекциясының ағзалық деңгейден
жасушалық деңгейге алмастырылуында, сонымен қатар орасан көп өсімдік ағзалары
жасушаларында, селективті ортадан керекті түрдің іріктелуінде микробиологиялық әдістер
қолданылады. Жасушалық сұрыптаудың алғышарты болып қант қызылшасының ұсақ
дисперсті суспензиялық культурасы табылады.
Достарыңызбен бөлісу: