Лекция конспектілері
Н3-1.1.39
08.08.2023
астығы
жетпейтін Египет, Қытай, Иран, Ресей сияқты елдерге, мал азықтық дақылдар
Жапония, Батыс Еуропаның бірқатар елдеріне және Ресейге жіберіледі.
ТМД елдерінің көпшілігі өсімдік шаруашылығының артта
қалуына байланысты дәнді
дақылдарды сырттан алуда, жыл сайын 30—40 млн т астық сатып алуға мәжбүр. Бұл
тұрғыдан алғанда Қазақстанда ілгерілеу байқалады. Соңғы жылдары Қазақстан астықты
сыртқа шығаратын елдер қатарына қосылды. Мысалы, 2009 жылы ұн сатудан ТМД елдерінде
бірінші орынға шықты.
Басқа да астық тұқымдастар секілді піскен жүгері дәні өте қоректі келеді, оның құрамында:
углевод, белок, май, калий, фосфор, магний, кальций т. б. минералдық тұздар, витаминдер
бар. Азықтық жүгері дәнінен ұн, әр түрлі жарма, ал жүгері жармасынан — жүгері үлпілдегі,
үлпек дән және қытырлауық «таяқша» алынады. Жүгері үлпілдегі , үлпек
дәні және
қытырлауық «таяқша » — қосымша баптаулы қажет етпейтін дәмді тағам. Организмге жақсы
сіңеді.
Оны үш мезгілгі аста: шай, суп, қуырылған нан қосылған сорпа, компот, шырын, кисель,
простокваша, айранмен т.б. жеуге болады. Ол әсіресе балаларға пайдалы (ыстық сүтке қосып
береді). Құмшекер себілген жүгері үлпілдегі мен тәтті қытырлауық «таяқшаны» ет-женді
және тез толатын адамдарға, сондай-ақ қант диабетімен ауыратындарға жеуге болмайды.
Жүгері үлпілдегін, «таяқшаны» үлпек дәнді құрғақ жерде сақтаған жөн.
Күріш — тропиктік дәнді дақыл. Оның негізгі шыққан жері — Қытай. Бидай сияқты басқа
жерлерге "қоныс аударған". Муссондық климат сипаты тән субтропиктік, тропиктік және
субэкваторлық белдеулерде қосымша қолдан суару арқылы өсіріледі. Егістік аумағы
бидаймен салыстырғанда екі есе аз болғанына қарамастан, өнім мөлшері бірдей. Оның басты
себебі климаттық жағдайға байланысты көптеген елдерде (Қытай, Үндістан, Жапония,
Индонезия, Египет және т.б.) күріштен жылына екі рет өнім жиналады. Күріш — жылу мен
ылғалды, күтімді көп қажет ететін дақыл. Сондықтан халық өте тығыз орналасқан
аймақтарда басым өсіріледі. Қазіргі кезде күріш өсірумен 100-ге жуық ел айналысқанымен,
оның дүниежүзілік жалпы өнімінің 9/10-ы Азияның күріш өсіруші елдеріне келеді.
Дүниежүзіндегі суармалы жердің 2/3-сін күріш алып жатыр.
Достарыңызбен бөлісу: