Лекция конспектілері
Н3-1.1.39
08.08.2023
қажет. Ол үшін белоктардың молекулалық-генетикалық параметрлерін зерттеп, оларды
селекция жұмыстарымен байланыстыру керек.
Табиғи сүт сарысуы нан өнімдерінің, биологиялық және дәмдік сапасын жақсартатын толық
құнды компоненттермен байытады. Сонымен қатар сарысуды
қосу қамыр ашу процесін
жақсартады, кеуіп кету процесін баяулатады және нанның шығымын 3 % дейін арттырады.
Сонымен қатар, сүт сарысуы ақуыз-майлы дәстүрлі өнім түрлерін өндіруге қалыпты әсер
ететін өнім болып табылады. Сүт өнеркәсібінде сарысу екінші шикізат ресурсы болып
табылады. Оның толық және рационалды қолданылуы барлық әлемде белең алып отыр.
Сүт қанты сүт сарысуында болуы бифидогенді қоспа болып табылады. Одан басқа
сарысудың химиялық құрамы нанды ақуызбен, минералды заттармен,
дәрумендермен,
органикалық қышқылдармен толтыруға мүмкіндік береді. Сүт сүзбесі сарысуының
химиялық құрамын сүт құрамының қанша пайызынын құрайтынын және басқа сүт
сарысуларымен салыстырып қарасақ, жоғары көрсеткішті көрсетеді, ол төменде көрсетілген.
Сүт сарысуларының және сүттің химиялық құрамы (ОСТ 10213-97)
Көрсеткіштер: Сүт сарысулары Сүзбелі Ірімшікті Казеинді Сүт
Құрғақ заттар, % 4,2-7,4 4,5-7,2 4,5-7,5 12,3
Оның ішінде: Лактоза, % 3,2-5,1 3,9-9 3,5-5,2 3,01-5,45
Азотты заттар, % 0,5-1,4 0,5-1,1 0,5-1,5 1,2-2
Минералды заттар, мг % 0,5-0,8 0,3-0,8 0,3-0,9 0,7
Кальций, мг % 93,18-97,53 81,89-83,25 83,04-87,32 93,33-97
Калий, мг % 183,95-186,21 141,01-143,62 180,14-185,26 185,6-190,5
Натрий, мг % 72,740-74,29 55,75-59,42 60,78-64,25 75,80-82,8
Тығыздығы, кг/м3 1025 1023 1023 1027
Қышқылдылығы, град 75 20 70 18
Сүт сарысуындағы құрғақ заттардың негізгі компоненті лактоза болып табылады, оның үлесі
сүт құрамындағы лактозаның 70% құрайды. Көмірсудің сапалық құрамы сүттің көмірсу
кешеніне – моносахара, олигосахара,
оның ішінде лактоза, арабиноза, амилод пен
аминосахара санды көмірсулардың үлесіне тиеді. Сүзбе сарысуы 1,5 % глюкозадан тұрады.
Аминоқанттың ішінде нейраминді және сиалды қышқыл,
сонымен қатар, кетопентоза бар.
Сүт сарысуы 0,5-0,8 % ақуыз заттарынан тұрады және азотты қосылыс заттарын есептегенде
сарысуда 1 % құрайды.
Сарысудың негізі ақуыз фракциялары: лактоальбумин (0,4-0,5 %),
лактоглобулин (0,06-0,08 %) және протеозопептон (0,06-0,18 %). Сарысу аминқышқылдарға
бай және олар әртүрлі жалпы алғанда ірімшікті және сүзбе сарысуының аминқышқылды
қоспасы шамамен бірдей. Кейде сүзбе сарысуында 3,5 рет көп бос аминқышқылы мен 7 рет
көп ауыстырылмайтын аминқышқылдар болады.
Сонымен қатар, сүт сарысуында аз мөлшерде газдар кездеседі. Ол ірімшік және сүзбені
жылулық және микрофлораны өңдеуде пайда болады. Сарысуды сақтау кезінде әсіресе бөтен
микрофлораның нәтижесінде газ мөлшері тез үлкейіп кетеді.
Сүт сарысуы, сонымен қатар, қарт адамдарға,
артық салмақтағы адамдарға
ауыстырылмайтын тағам болады. Сүт сарысуындағы ақуыз сүттегі негізгі өнімді, яғни сүттің
ақуызының коагуляциясы кезінде алынады.
Сонымен қатар, сүт сарысуында аз мөлшерде газдар кездеседі. Ол ірімшік және сүзбені
жылулық және микрофлораны өңдеуде пайда болады. Сарысуды сақтау кезінде әсіресе бөтен
микрофлораның нәтижесінде газ мөлшері тез үлкейіп кетеді.
Сүт сарысуы, сонымен қатар, қарт адамдарға, артық салмақтағы адамдарға
ауыстырылмайтын тағам болады. Сүт сарысуындағы ақуыз сүттегі негізгі өнімді, яғни сүттің
ақуызының коагуляциясы кезінде алынады.