Қазақстан республикасы денсаулық сақтау министрлігі қазақ тағамтану академиясы



Pdf көрінісі
бет1/13
Дата03.03.2017
өлшемі444,48 Kb.
#7288
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

ҚАЗАҚСТАН  РЕСПУБЛИКАСЫ  
ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ  МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАҚ  ТАҒАМТАНУ  АКАДЕМИЯСЫ
ҰСЫНЫСТАР
Ауыл шаруашылығының, тағам өнімдерін өндіру саласы мен 
қоғамдық тамақтану мекемелерінің қызметкерлеріне арналған 
Алматы, 2012

2
УДК 613.2.(075)
ББК 51.23 я 73
Қазақ тағамтану Академиясы, Профилактикалық медицина Акаде-
миясы жəне Ұлттық салауатты тағамтану орталығының Біріккен 
ғылыми  кеңесінің шешімі бойынша басылымға ұсынылды
(№5 хаттама «7» қыркүйек 2012 ж.)
Ұсыныстар семіздік кезіндегі тамақтану ерекшеліктеріне, артық 
дене салмағы мен семіздікке шалдыққан адамдарға арналған емдік-
профилактикалық жəне жаппай тұтыну өнімдерін өндіру мəселелеріне 
бағытталған. Артық дене салмағы мен семіздікке шалдыққан адамдарға 
арналған төмен калориялы, май мөлшері азайтылған, дəрумендермен, 
макро- жəне микроэлементтермен, басқа да биологиялық белсенді 
құрамбөліктермен құнарландырылған жаңа тағам өнімдерінің рецептура-
лары мен технологиялары келтіріледі. Ұсыныстар ауыл шаруашылығының, 
тағам өнімдерін өндіру саласы мен қоғамдық тамақтану мекемелерінің, со-
нымен қатар, функционалдық бағыттағы жəне жаппай тұтыну өнімдерін 
өндіретін өнеркəсіп орындарының қызметкерлеріне арналған.
Əдістемелік ұсыныстар РМҒА жəне ҚР ҰҒА академигі Шарманов Т.Ш.  
жетекшілік етуімен жасалған.
РЕЦЕНЗЕНТ 
д.т.н., профессор Витавская А.В. 
Құрастырушылар:
б.ғ.д., профессор Синявский Ю.А., м.ғ.д., профессор Тəжібаев Ш.С., 
б.ғ.к. Сүлейменова Ж.М, м.ғ.к Выскубова В.Г., 
м.ғ.к  А.А.Дарвиш; м.ғ.к Ж.Х. Перевертунова; 
м.ғ.к  Т.С. Жораев; М.В.Калачёв; М.С.Пучкова; Ю.Н.Беспалова.

3
КІРІСПЕ
Дүниежүзілік Денсаулық сақтау Ұйымының (ДДҰ) мəліметтері бойын-
ша бүгінгі таңда əлемде жарты миллиард халық семіздіктен (тұрғындардың 
12 %-ы) зардап шегуде. Семіздіктің ең жоғары  көрсеткіштері ДДҰ-ның 
Американдық аймағында (ересек тұрғындардың 26 %-ы), ал ең төменгі 
көрсеткіш – Оңтүстік-Шығыс Азияда (3 %) байқалады (ересек тұрғындардың 
26 %-ы). Дүниежүзінде ер адамдарға қарағанда əйел адамдар семіздікке жиі 
шалдығады. Сондықтан, əйелдер қауымында диабет, жүрек-қантамыр ауру-
лары мен қатерлі ісіктің кейбір түрлерімен науқастану қаупі жоғары. ДДҰ 
болжамы бойынша 2015 жылға қарай ересек тұрғындардың шамамен 2,5 
миллиардында артық салмақ болса, 700 миллионы семіздіктен зардап шегеді. 
Семіздік мəселесі Қазақстанды да айналып өтпеді, 2008 жылы республи-
када семіздіктің 54 228 жағдайы тіркелсе, оның 21,6 %-ы əйелдер, ал 11 %-ы ер 
адамдарды құраған. Шығыс Қазақстан (9,8 %), Павлодар (9,8 %)  жəне Оңтүстік 
Қазақстан (11,8 %) облыстары, сондай-ақ, Алматы қаласы (13,7 %) семіздіктің 
жоғары көрсеткіштерін көрсетіп отыр. Төменгі көрсеткіш көрсеткендер арасын-
да Атырау (2,2 %), Батыс Қазақстан (2,3 %) жəне Жамбыл (2,6 %) облыстары бар. 
Артық салмақ індетінің қарқынды өсуін мамандар калориясы көп тағамдардың 
көбеюімен жəне дене қозғалысының азаюымен байланыстырады. Артық 
салмақ қаупін құрамында майы, кондитерлік өнімдері аса көп жəне талшықтың 
мөлшері төмен, сондай-ақ, аса көп тағамды пайдаланатын  тамақтану рационы 
арттырады. Семіздіктің асқынуына аз қозғалысты өмір салты, сондай-ақ, энер-
гия жұмсау дəрежесінің төмендігі əсер етеді. 
Бүгінде семіздікті емдеу клиникалық көрсетілімдер мен ілеспелі 
медициналық қауіптің бағалануына негізделеді, бір науқасқа тағам раци-
оны мен дене қозғалысының белсенділігіне қатысты ұсыныстар берілсе, 
медициналық көрсетілімге байланысты ем қабылдауы қажет екінші науқасқа 
өмір сүру салтын өзгертуге бағытталған арнайы бағдарлама мен қосымша 
емдеу шаралары ұсынылады.  
Семіздіктің алдын алу жəне оны емдеудің негізгі амалдарына немесе 
қағидаларына дұрыс тамақтану қағидаларын сақтау, дене қозғалысын арт-
тыру, семіздіктің асқынуына ықпал ететін жағымсыз факторларды анықтау, 
өзін-өзі қадағалау, жүйке күйзелісіне жол бермеу, қоздырушы факторларды 
анықтап,  қадағалау жатады. 
Семіздікке шалдыққан науқастардың емдік тағамы дұрыс тамақтану 
қағидаларына, тағаммен бірге калорияның түсуін шектеуге негізделуі керек. 
Күніне тамақтану кезінде 500 калорияны кемітсе, аптасына дене салмағы 
ешқандай қауіп-қатерсіз 250-500 г-ға төмендейтіні белгілі.  
Артық салмақты немесе семіздікке шалдыққан науқастарға энергия 
шығынын арттырып, дене салмағын төмендету үшін денеге түсетін қосымша 
жүктеме қажет. Адам денесінің тағам калориясын шектеусіз жасаған 
күнделікті белсенді қозғалысы  шектеулі калориямен ғана салыстырғанда  
дене салмағын біршама нақты төмендететіні белгілі. 

4
Артық дене салмағын азайтуға бағытталған тəртіп ең алдымен майдың, 
екінші кезекте ғана көмірсудың жетіспеушілігінен көрініс табуы керек. 
Бұл ретте көмірсудың жетіспеушілік дəрежесін реттей отырып, салмақтың 
төмендеу ырғағын реттеуге болады. 
Жеңілдетілген тағам құрамында ақуыздың, негізгі дəрумендер 
мен минералдардың, тағамдық талшықтар мен полиқанық емес май 
қышқылдарының физиологиялық мөлшері болуы керек.  
Емдеу барысы - біреуі салмақтың артуына кедергі келтіре отырып, 
ешқандай тыйым салынбаған болса жəне оны науқас жақсы көтере алса, ал 
басқалары салмақты азайтатындай, бірақ, əртүрлі құрылымда болатындай 
етіп,  емнің басынан бастап бірнеше емдеу тəртібінен тұрғаны абзал. Бұл 
емделу тəртіптерін өз қалауынша кезектестіре отырып, науқас дəл осы уақыт 
аралығында өзінің күшіне сəйкес тəртіпті таңдай алады, бұл өз кезегінде ем-
дəмді көтере алуы  деңгейін біршама жақсартады.  
Науқас ешқашан да аз ғана уақыт ішінде бірден көп салмақ тастаймын 
деп ұмтылмауы тиіс. Сəйкесінше, дəрігер де ешқашан науқасты бұндай 
мақсатқа жетуге итермелемеуі керек. Өкінішке орай, семіздікті емдеуге 
қатысты ұсыныстардың көпшілігінде дене салмағының төмендеу ырғағы 
тиімділіктің негізгі, кейде тіпті бірден-бір  өлшемі болып табылады. 
Жоғалтылған килограмм көлемін бағалауға қатысты көзқарасты қайта 
қарастырған жөн. Осылайша, қазіргі таңдағы мəліметтерге сəйкес, бар 
болған жағдайда метаболизмдік синдромның көріністерін азайту үшін, көп 
жағдайда бастапқы салмақтан 5-10 % төмендегеннің өзі-ақ жеткілікті бола-
ды. Науқастың бастапқы салмағы 80-120 кг болған жағдайдың көбінде бұл 
көрсеткіш 4-10 кг-ды құрайды. Осыған байланысты, 12 апта қолданғаннан 
кейін науқастардың көпшілігінде салмақты осылай төмендететін емдеу əдісі 
жеткілікті түрде тиімді болады деп санау ұсынылады. 
Поскольку диетотерапия ожирения всегда сопровождается определен-
ными дискомфортами и трудностями, из всей массы разгрузочных режимов 
следует выбирать и предлагать пациентам такие режимы, которые ими наи-
более легко переносятся. Хорошая переносимость режима лечения важна не 
меньше, чем его эффективность.
Семіздік диетотерапиясы əрдайым белгілі бір ыңғайсыздық жəне 
қиындықпен қатар жүретіндіктен, науқастарға жеңілдеткіш тəртіптерінің 
ішінен ең оңай тиетінін таңдап,  ұсынған жөн. Емдеу тəртібінің оңай тиюі оның 
тиімділігі сияқты маңызды фактор болып саналады. 
Біз созылмалы, қайталануға бейім ауру түрін қарастырып отырғанымызды 
естен шығармауымыз керек. Осыған байланысты науқастарды бір мезгілде 
салмақты күштеп түсіруге де, сондай-ақ, дəл осы кезде қол жеткізген нəтижені 
ұстап тұруға бағдарлау керек. Семіздікті емдеуде жеткілікті тəжірибесі бар кез 
келген дəрігер бұл аурудың өте қиын емделетінін біледі. Гипокалориялық ем-
дəмді сақтау кезінде энергия шығынымен қатар, ағзаның майларды тотықтыру 
қабілеті төмендейді.

5
Семіздік, оның алдын алу, алдын алудың стратегиялары
Семіздік мəселесінің өзектілігі бұл аурудың күрт таралуымен 
анықталады, ал артық салмақ жүрек-қантамыр ауруларының дамуына қауіпті 
себеп болып табылады.  
Ағзада жинақталған артық май дəрежесін бағалаудың халықаралық 
стандарты ретінде  жеке тұлғаның дене салмағы (килограммен) алынған 
оның бойына (метрмен) шағып, квадратын шығарғандағы антропометриялық 
көрсеткіш, яғни, дене салмағының индексі (ДСИ, Кетлер индексі) 
қабылданған.  
18,5-25,0 аралығындағы ДСИ жеке тұлғаның қалыпты салмақтық-
бойлық көрсеткішін көрсетеді. 25,1-30,0 аралығындағы ДСИ «семіздік 
алдындағы» дене салмағының артуын көрсетеді. 30,1-35,0 мөлшеріне тең 
ДСИ көрсеткіші І дəрежелі семіздік критерийі болып табылады,  35,1-39,9  ІІ 
дəрежелі семіздікті көрсетсе, 40,0 пен одан жоғарғысы  ІІІ дəрежелі семіздік 
белгісі болып табылады.  
ДДҰ мəліметтері бойынша Кетлер индексі 25-тен асатын планета 
тұрғындарының саны 1,7 миллиард адамды құрап отыр. Бұл контингент 
ішінде  250 млн. адам семіздіктің созылмалы түрімен жəне осы аурумен 
көрініс тапқан ерте атеросклероз, жүрек-қантамыр аурулары, ІІ типті диа-
бет, дислипидемия, онкопатологияның кейбір түрлерімен ауырады. Əлем 
бойынша мезгілінен бұрын болған əрбір үшінші өлім семіздік пен дене 
қозғалысының аздығы салдарынан туындаған аурулармен байланысты 
екені анықталған. ДДҰ сарапшыларының қазіргі таңдағы семіздіктің таралу 
қарқынына қарап жасаған болжамы бойынша 2025 жылы бұл көрсеткіш еке 
есеге артады. 
Соңғы жылдарда жүргізілген зерттеулер Америка, Ресей, Испания 
халқының жартысынан көбінде, ал Германия, Италия, Шығыс Еуропа 
тұрғындарының шамамен жартысында, Франция, Ұлыбритания, Жапония, 
Қытайдың төрттен бір бөлігінде ДСИ 25-тен артық екенін көрсетті. 
Қазақ тағамтану академиясының мəліметтері бойынша Қазақстанда 
ұрпақ өрбіту жасындағы (18-45 жас) əйелдердің 32,5 %-да ДСИ 25-тен аса-
ды, ал 12,7 % семіздікке шалдыққан.  
Қазіргі таңда əлемде осы ауру бойынша бүгінгі əлемдік 
эпидемиологиялық ағымның өсетінін болжауға мүмкіндік беретін, балалар 
мен жасөспірімдер арасындағы семіздіктің таралуының артуы маңызды 
мəселені көрсетіп отыр.  Қазақстанда бастауыш сынып оқушыларының 
5 % семіздіктен зардап шексе, шамамен 10 %-да дене салмағы артқан, 
қазақстандық жасөспірімдер арасындағы көрсеткіштер де тура осы шамалас. 
Жалпы республика бойынша барлық бала санынан 15 %-ы артық салмақтан 
зардап шегуде.

6
Семіздік пен ДСИ-нің жоғары қаупі арасында, артериялық гипертония 
мен басқа да жүрек-қантамыр аурулары арасындағы тұрақты байланысты 
көрсететін мəліметтер өте көп. Семіздік кезінде мезгілсіз өлім қаупі 2,4 есе, 
ал инсульт қаупі 2 есе, созылмалы жүрек жетіспеушілігі 1,9 есе, ал ЖИА 
(жүректің ишемиялық ауруы) 1,5 есе артады. Атеросклероздың ерте дамуы-
на ықпал ететін гиперлипидемия мен дислипидемия семіз адамдар популя-
циясы арасында жалпы тұрғындармен салыстырғанда 1,5 есе жиі кездеседі. 
Семіздік – ІІ типті диабеттің асқыну қаупінің ең маңызды факторы. 
Диабетпен ауыратын науқастар популяциясы ішіндегілердің 90 % артық 
салмақтан зардап шегеді. Семіз адамдар популяциясының ішінде ІІ типті 
диабеттің асқыну жиілігі шамамен 10 % құрайды (жалпы популяцияның 0,9 
% қарсы, яғни, таралуы он есе артуы мүмкін). Семіздікпен 10 жылдан астам 
ауырған кезде ІІ типті диабетпен ауыру қаупі екі есеге артады. Дене салмағын 
төмендету арқылы ІІ типті диабетті емдеуге жəне оның асқынуына жол бер-
меуге болатыны көптеген зерттеулермен дəлелденген.  Дұрыс тамақтану 
мен дененің артық салмағының төмендеуі көмірсудың алмасуын реттеп, 
инсулинге резистенттілік құбылысын жояды. Осы кезде кейбір науқастарға 
құрамында қанты бар препараттарды бермеуге болады. 
 Семіздік əйелдерде – эндометрий қатерлі ісігі, жатыр мойны қатерлі 
ісігі, аналық без қатерлі ісігі, сүт бездерінің қатерлі ісігі, ер адамдарда – қуық 
асты безі қатерлі ісігі, тікішек қатерлі ісігі сияқты  кейбір онкологиялық 
аурулардың қауіп факторы болып табылады жəне көбіне семіз адамдарда 
жиі кездеседі.  
Ағзадағы майлы тіндердің артық мөлшерде көбеюінің негізгі қауіп фак-
торлары: 
- генетикалық фактор;
       - өмір сүру салты;
       - тамақтану рационы;
       - тағамдық іс-əрекеті (бихейвеор) мен психологиялық фактор;
       - жынысы;
       - жас мөлшерінің белгісі;
       - əлеуметтік-экономикалық статус;
       - медициналық араласу;
       - гипоталамус тарапынан дене салмағын реттеудің бұзылуы; 
       - ағзада АД-36 аденовирустарының болуы. 
Алдын алу стратегиялары
Бұлшық ет қозғалысын, оксигенотерапияны, температуралық əсерді, 
негізінен, тағамдық тектес биологиялық белсенді заттар түріндегі химиялық 
реакциялар  катализаторларын пайдаланудан тұратын негізгі зат алмасу 
жылдамдығының артуының бірқатар тəсілдері бар. 

7
Бұлшық ет қозғалысы ағзадағы энергетикалық тепе-теңдіктің 
қалпына келуінің негізгі факторларының бірі болып табылады, сондықтан, 
дене белсенділігі, дене шынықтырумен жəне спортпен шұғылдану тағамды 
оңтайландыру сияқты маңызды емдеу шарасы болып саналады. Емдəм 
арқылы емдеу дене шынықтыру жаттығуларынсыз тиімсіз, себебі, кез келген 
тағамдық шектеу ағзадағы негізгі зат алмасу деңгейінің бейімделу реакци-
ясын төмендетеді. Оксигендік емдеу (аэробты дене жүктемелері, оттегілік 
коктейльдер, оттегілік ванналар, мүмкіндігінше таза ауада көп серуендеу) 
мен температуралық əсер (сауналар, ванналар, ораулар) семіздік кезіндегі 
емдеу шаралары кешенінің құрамында кеңінен пайдаланылады.
Биологиялық белсенді компоненттермен құнарландырылған гипо-
калориялы тағам сапасы мен мөлшері жағынан дұрыс іріктеліп алынған 
азық-түлікпен қамтамасыз етіледі. 
Энергетикалық жетіспеушілікті тудыруға жəне алмастыруға келмейтін 
тағамдық заттардың жеткілікті дəрежеде түсуін қамтамасыз ететін семіздік 
кезіндегі емдік тағамның негізгі қағидалары төменде берілген 12 
тармақтан тұрады. 
1. Энергиялық құндылығы төмен, үйлестірілген тағам тағайындау 
(орташа алғанда 1800-1500 ккал/тəулігіне). Энергияға деген сұраныс пен 
рационның энергиялық құндылығын төмендету дəрежесі əр адам үшін жеке 
өлшем болып табылады, сондықтан, жас мөлшері, жынысы, атқарылатын 
жұмыс, семіздік дəрежесі мен денсаулықтың сақталу деңгейі есепке алы-
на отырып, анықталады. Тəуліктік рационның энергиялық құндылығының 
күрт төмендеуіне жол бермеу керек, оны тек ем-дəммен емдеу кезінде ұзақ 
уақыт бойы салмақ азаймаған жағдайда қысқа мерзімді ынталандыру шара-
сы ретінде қолдану керек («плато» кезеңдері).
2. Ем-дəмдегі ақуыздың қалыпты немесе артық мөлшері 90-110 г/
тəулігіне, немесе рационның энергиялық құндылығының кемінде 14 
%, немесе қалыпты дене салмағының кемінде 1г/кг, оның  60 % жану-
ар тектес толыққұнды ақуыз есебінен алынады. Тағамдық рационда тек 
белгілі бір энергетикалық құндылық қана емес, биологиялық құндылық та 
болуы тиіс. Бұл түсінік, ең алдымен, ағзадағы ақуыздың сапасын, олардың 
аминқышқылдық құрамын, қорытылуы мен ағзаға сіңуін анықтайды.  Жану-
ар тектес жəне өсімдік тектес азық-түліктен тұратын əдеттегі аралас тағам 
рационын пайдаланған кезде ақуыздардың қорытылу коэффициенті 84,5 
% құрайды. Толыққұнды ақуыздарды жеткілікті пайдалану мен қорыту 
деңгейі өзіндік жеке тіндік ақуыздарды жоғалтудың алдын алады, ағзаның 
ақуызды тағамды қорытуға кетіретін энергиялық шығынын арттырады 
(ақуыздың спецификалық-динамикалық əсері), тойыну сезімін тудырады, 
зат алмасудың реттелуі мен дене салмағының түсуіне ықпал етеді. Тағам 
қабылдаудың күнделікті ақуызды бөлігіне аса назар аударған жөн, негізгі 

8
2-3 ас қабылдау кезінде майсыз ет, балық, құс етін, майсыз ірімшік, қышқыл 
сүт сусындарын, соя өнімдерін, бұршақты, тұтас дəндерді қабылдаған абзал.  
Ем-дəм құрамындағы ақуыз мөлшері артық болғанынан гөрі тек 
жеткілікті болғаны дұрыс. Ем-дəм құрамындағы ақуыздың жоғары мөлшері 
ағзада зəр қышқылының деңгейін арттырып жібереді, кетондық денелердің 
түзілуі мен зəрмен бірге бөлініп шығуын көбейтеді, калий мен натрий сияқты 
екі негізгі электролиттердің арасындағы тепе-теңдікті бұзады, ақуыздардың 
бір бөлігі міндетті түрде көмірсуларге айналады, ішектің микробиоценоздық  
құрамы өзгереді, ішек бактерияларының транслокациясы қабынудың со-
зылмалы ошағының асқынуына, адамның өмір жасының төмендеуіне алып 
келеді. 
3. Рациондағы май мөлшерін жануар тектес майды пайда-
лануды бірден азайту арқылы рационның тəуліктік энергиялық 
құндылығының 30 % аспайтындай қамтамасыз ету деңгейіне дейін 
шектеу. Семіздік кезінде ағзаның май қорлары мен көмірсуларды тотықтыру 
қабілеті төмендейді. Майы аз мөлшерлі ем-дəм семіздікке бейім адамдардың 
өмір сүру салтының ажырамас бөлшегіне айналуы тиіс. Көп мөлшердегі 
май əдетте тағам əзірлеу кезінде пайдаланылатынын, «жасырын майы бар» 
азық-түліктер құрамында, сондай-ақ, əртүрлі соустар мен дəмдеуіштердің 
құрамында болатынын естен шығармау керек. Тамақтану кезінде сиыр, қой, 
шошқа жəне басқа жануарлар майы қолданылмайды, ет өнімдеріндегі көзге 
түскен барлық май алынып тасталынады. ПҚМҚ мен басқа да биологиялық 
белсенді заттардың көзі ретінде тек балық майы (балықтың майлы түрлері), 
жылқының тоң майын қолдануға рұқсат беріледі. 
Өсімдік майлары барлық май көлемінің кемінде 70 % құрауы тиіс. 
Өсімдік майларының биологиялық құндылығы құрамында ағзаға қажетті 
май еріткіш дəруменді құрылымдардың, ПҚМҚ, фосфолипидтердің 
жəне ағзадағы майдың таралуына ықпал ететін өзге агенттердің болуы-
мен ерекшеленеді. Өсімдік майларын биологиялық белсенді заттардың 
қасиеттерін сақтау мақсатында дайын тағамға қоса отырып, термо өңдеуден 
өткізіп, тазаламастан пайдаланған дұрыс. 
4. Қарапайым көмірсулардан мүлде бас тарту арқылы жəне крах-
малы көп азық-түліктер мөлшерін азайта отырып, көмірсуларды күніне 
150-200г дейін шектеу. Жалпы алғанда, көмірсулар рационның энергетикалық 
құндылығының  56-60 % қамтамасыз етуі керек. Тағам құрамына міндетті түрде 
ірі етіп тартылған ұннан пісірілген нан, тұтас дəндер, бөлшектенбеген жарма-
лар, бұршақтар, соя өнімдері, саңырауқұлақтар, жаңа піскен көкөністер, жеміс-
жидектер, жидектер, көкнəрлер, теңіз балдырлары кіруі тиіс. 
Мүмкіндігінше крахмалы көп, тазартылған азық-түлік түрлерін, атап 
айтқанда, ұсақ тартылған бидай ұнын, картопты, ақ күрішті, ұнтақ жарма 
мен ұсақталған өзге де жармаларды пайдаланбауға тырысу керек. 

9
Қант, ақ нан, тоқаш, печенье, крекер, самса, тəтті тоқаш, торт сияқты 
ұсақ тартылған ұннан пісірілген тағамдар, чипстер, сүт, балмұздақ, лимонад, 
ұзақ саталатын жеміс шырындары, кока-кола жəне ұқсас өзге де сусындар 
тағам рационында болмағаны жөн. Қант – өте көп азық-түліктің құрамына 
кіретін əмбебап консервант. Сақтау үшін пакеттерге, қораптарға, құтыларға, 
шыны сауыттарға салынған тағам түрлерінің барлығының құрамында қант, 
декстроза жəне өзге қарапайым көмірсулар болады. Көрсетілген азық-
түліктің басым бөлігінде өндірістік əзірлеу кезінде қантпен қоса кофеин, 
хинин, хош иістендіргіштер, бояғыштар, консерванттар мен көптеген тағам 
қоспаларын қосады. 
5. Тамақтану рационының 50-60 г/тəулігіне дейін тағамдық 
талшықтармен құнарлануы. Ас құрамындағы тағамдық талшықтардың 
артуы аз энергия мөлшерінде тағам көлемін арттырады, тойыну сезімін 
тудырады, уыттың шығуына ықпал етеді, май мен көмірсудың сіңуін 
қамтамасыз етеді. Ас қабылдау барысында балғын көкнəрді, шикі көкністер 
мен жемістерді, тұтас дəнді-дақылдарды, өсірілген дəндерді,  кебекті, 
жаңғақ пен əртүрлі өсімдіктердің дəндерін саңырауқұлақты, теңіз балдырла-
рын, жұмсартылып жаңа сығылған шырындарды кеңінен пайдалана отырып, 
тағамдық талшықтар құрамының артуына қол жеткізуге болады. Өсімдік 
қоректер семіздік кезінде тамақтануда ерекше маңызды болып табылады. 
Оның құрамында май жоқ десе де болады, дəрумендерге, микроэлементтер-
ге, органикалық қышқылдарға бай. 
6. Натрий хлоридін (ас тұзын) 5-6 г/тəулігіне дейін шектеу. Ас тұзын 
шамадан тыс пайдалану сұйықтықтың ағзада жиналып қалуына, артериялық 
қысымның көтерілуіне əкеліп, жүрек-қантамырлар жүйесі мен бүйрекке күш 
түсіреді. Дайын тағамда 3 г тұз болатынын жəне 3 г тамақ пісіріп жатқанда 
жəне қабылдағанда қосуға болатынын ескеру қажет. Тұз қосып əзірленетін 
азық-түліктер пайдаланылмайды (консервілер, шұжықтар, сүрленген, 
тұздалған тағамдар, маринадтар жəне т.б.).
7. Сұйықтықты 1-1,2 л/тəулігіне дейін шектеу. «Ішкі суды» алу 
мақсатында еркін сұйықтықты қабылдау, күніне 1-1,2 л-ге дейін шектеледі. 
100 г май еріген кезде 107 мл су түзіледі, сұйықтық жетіспеген кезде майдың 
ыдырауы күшейе түседі. Бұл құбылыс дене салмағын редукциялаудың 
І кезеңінде ғана пайладанылады, ал одан əрі зат алмасу үдерісі реттелу 
үшін физиологиялық қажеттілік нормасының аясында 1,5-2,0 л/тəулігіне 
жеткілікті сұйықтық мөлшері қажет болады. 
8. Тамақтану рационынан тəбет ашатын азық-түлік пен тағамдарды 
алып тастау, ішімдіктен бас тарту. Семіздік кезінде тəбет ашатын азық-
түлік пен тағамдарды пайдалануға болмайды, мысалы, майлы ет, балық, 
саңырауқұлақ сорпасы, сүрленген, тұздалған жəне маринадталған тағамдар, 
газдалған сусындар, ащы дəмдеуіштер, соустар, тұздықтар. Сонымен қатар, 

10
қою шəй мен кофе, шоколад сияқты орталық жүйке жүйесін қоздыратын 
тағамдарды шектеген дұрыс. Кофеин инсулиннің түзілуі мен оның қанға 
өтуіне ықпал ететін  фармакологиялық агент болып саналады. Ас ішерден 30 
минут бұрын ішілген бір стақан ыстық су тəбетті жоюға əсер етеді. 
Ішімдік «бос калория» көзі болып табылады, тəбетті оятып, қабылданған 
ас мөлшерін қадағалау мүмкіндігін кемітеді. 
Тағамды аспаздық өңдеу əдістерінің ішінде қайнату, аздап май қосып 
бұқтыру, тандырға немесе қысқа толқынды пешке қыздырып пісіру, грильді 
пайдалану, тағамды буға пісіру дұрыс болып табылады.  
9. 5-6 рет тамақтану тəртібін сақтау. Тағамдық заттарды 
мүмкіндігінше сіңіруді қамтамасыз етудің маңызды шарты  - ас ішудің 
жағымды тəртібін сақтай отырып, тамақтану рационының калориясын күні 
бойына нақты бөлу болып табылады. Жиі, əрі бөліп тамақтану ашығу сезімін 
жойып, тəбетті бұзады, ағзаның ас қорытуға кететін энергия шығынын арт-
тырады. Қағидаға айналған «Таңғы асты өзің же, түскі асты досыңмен бөліс, 
ал кешкі асты дұшпаныңа бер» деген нақылдың қазіргі таңда өзектілігі аса 
артып тұр. Бүгінгі диетологияның ұсыныстары бойынша тағамның тəуліктік 
калориясының 30 % таңғы асқа, 40 % - түскі асқа, 10 % - бесін жəне 20 % 
- кешкі асқа тиесілі болу керек. Семіздік кезінде тағамды күніне 5-6 рет, 
белгілі бір уақыт аралығын сақтай отырып ішу керек. Тағамды күнде белгілі 
бір уақытта қабылдау секреторлық рефлексті тоқтатуға ықпал етеді, ас 
қорыту үдерістері жақсарады. 
Əсіресе, кешкі асты ерекше өзгерту керек жəне сағат 18-ден кейін 
тамақтанбаған жөн. Тағамды күні бойы бөлу мен ағзаның энергетикалық 
шығыны арасында нақты байланыс бар, ағзадағы түнгі ас қорыту толығымен 
дерлік энергия қорын жинауға бағытталады. Кешкі астың калориялы болуы 
түскі астан біршама төмен болуы керек. Көкөніс тағамдары, шикі крахмал 
емес, əрі жапырақты көп көкөністерден жасалған салаттар, жеміс-жидектер, 
астық тұқымдастар, жаңа сығылған табиғи шырын, майсыз балық, ірімшік 
сияқты калориясы аз тағамдар кешкі асқа ең лайықты азық-түлік болып 
келеді. 
Түнгі уақытта тамақтану, қарын ашпастан көп мөлшерде ас қабылдау, 
күніне бірнеше рет тоқашпен шəй ішу, т.с.с. тамақтанудың қалыптасқан 
теріс қағидаларына төтеп бере білу керек. 
Ең дұрысы тамақтану тəртібін адамның өмір сүру салтына, ойлау 
жүйесіне, тұрмыстық əдеттеріне сəйкес, жеке өзіне арнап белгілеген жөн. 
Бұл тəртіп тұрақты болып, оны өмір бойы ұзақ, əрі табандылықпен  ұстану 
керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет