«Салт-дәстүр, тіл мен мәдениет бастауларының анасы» Иоганн Готфрид Гердер
«Мәдениет дегеніміз - кісілер арасында адам болу өнері.» Олжас Сүлейменов
Мәдениет – адамның өз қолымен, ақыл-ойымен жасағандары және жасап жатқандарының бәрін түгел қамтиды. Жай ғана сауат ашудан және тазалық ережелерін сақтаудан бастап, өмірдің асқан үлгілі шығармаларын жасағанға дейінгі ұғымды қамтып жатқан – мәдениет саласының өрісі кең.
Мәдениет – тарихи құбылыс. Оның дәрежесі мен сипаты қоғамдық өмірдің жағдайларына байланысты өзгеріп отырады. Тарихи дәуірлердің алмасуы мәдениеттің мазмұны мен формаларына сөзсіз терең өзгерістер енгізеді.
Мәдениет өзінің кең мағынасында бір ұрпақтың келесі ұрпаққа жолдаған өмір сүру тәсілі болғандықтан, осы жалғастықты, мұрагерлікті жүзеге асыратын салт-дәстүрлер жүйесі мәдениет өзегін қүрастырады. Әсіресе, жазу-сызу болмаған ерте заманда мәдениет ырымдар мен сәуегейлікке, . сенім-нанымдарға, дәстүрлі түсініктерге иек артқан. Ал салт-дәстүрлерге Ғұзыхан Ақпанбет мынандай баға береді:
«Олар — терең философиялық ойдың, ғасырлар бойы жинақталған тәжірибенің сұрыпталған түжырымы, негізгі нәрі, қысқа да көркем бейнесі». Бүгінгі таңда жаппай жаһандану жүріп жатқан уақытта, қазіргі жер шарындағы халықтардың айтарлықтай бөлігі өзінің тілінен, ұлттық ерекшеліктерінен айырылуда. Демек, қазақ этносының тілі мен ділі, ұлттық психологиясы мен дүниетанымы, мәдениеті, оның ішінде өнерінің қазіргі кезеңде сақталуы, дамуы қазіргі кезеңнің кезек күттірмейтін міндеті болып отыр. Қазақтың дәстүрлі коммуникациясының семиотикалық үрдістері әлі күнге дейін көбіне классикалық талдаудың талдаудың үлгісінде зерттеліп келеді. Семиотикалық тәсіл дәстүрі мәдениеттің бірыңғай мәтінін біртұтас коммуникациялық жүйе ретінде, әрбір рәміз- таңбаның басқа таңбалармен ара қатынасы түрінде қарастыруға мүмкіндік береді.
Қазіргі коммуникациялық суреттемелерде ұлтсыздандырылған тұоғасыздандырылған рәміздерден гөрі этномәдениеттердің төлтума белгілерін сақтайтын рәміз- үлгілер жоғары бағаланады. Зерттеудің көкейкестілігін " Басқаны түсіну алдымен өзіңде таны!" деген ұстаным арқылы жеткізуге мүмкіндік бар. Әрбір адамның құнды екендігін мойындау сол адамдарды тұтастандырып тұрған этномәдениеттің де құндылығын мойындамау болып табылады.
Қортындыласақ, мәдениет-ақыл-ой, көркем мәдениетпен шұғылдану, қабылданылған өз-өзін ұстау нормаларымен байланысты іс-әрекеттің ерекше формасы және сферасы екенін түсіндік. Барлық іс мәдениеттен бастау алады.