ДЯ-603
Қуанышбеков Гүласыл
Тұлға тәрбиесінің табиғи және әлеуметтік негіздері мен даму механизмдерінің өзара байланысын тәрбие жұмысында ескеру туралы сынып оқушысының ата-анасына «таңдау бойынша ұсынатын» баяндама жасау
Қай қоғамда болсын ұрпақ тәрбиесінің алатын орны ерекше. Білім негізі бастауышта қаланады десек, ұрпақ тәрбиесі алдында бастауыш сынып мұғалімдерінің жауапкершілігі орасан зор.
Бүгінгі мектеп табалдырығын алғаш аттаған әрбір бүлдіршін - ол ертеңгі қоғам иесі. Сондықтан оқытудың алғашқы сатысынан бастап, оқушыларға сапалы білім, саналы тәрбие беру ұстаздар қауымы ғасырлар бойы қалыптасқан педагагикалық шеберліктің тәжірибесінің негіздерін дұрыс қолдана білуі тиіс.
Сынып жетекшінің ата-аналармен жүргізетін ағарту жұмысының негізгі формалары. Мектептегі тәрбие жұмысының нәтижелілігінің бір ұшы ата-аналармен, қоғамдастықпен мектептің бірлескен әрекетінде екені еш уақытта күмән туғызбайды.Бала тәрбиесі мен дамуындағы басты рөл атқарушы-отбасы.Оның өмірінің басым бөлігі отбасында өтеді.Сондықтан бала мектеп табалдырығын аттағанға дейінгі оның алғашқы ұстазы-ата-анасы. Отбасы мектеппен бірлесіп оқу-тәрбие үрдісінің табысты не табыссыз болуын анықтайтын тәрбиелеуші ортаның факторларының маңызды кешенін туғызады.
Мектеп пен отбасының ынтымақтастығын жүзеге асыруда сынып жетекшісі негізгі рөл атқарады. Сынып жетекшінің жұмысына отбасы мектептегі оқу-тәрбие үрдісінің мәні мен маңызын ұстанатын бағыттарын түсінеді әрі оған қатысады. Педагогика практикасында оқушылар ата-аналарымен мектеп пен сынып жетекшісінің жұмысының 5 түрлі қызметі анықталған.Олар:
1-қызметі.Ата-аналарды оқу-тәрбие үрдісінің мазмұны мен әдістемесімен таныстырады. Алғашқы ата-аналар жиналысында сынып жетекшісі өзі ата-аналармен танысады және өзінің педагогикалық ұстанымдарымен таныстырады,өзінің болашақта жүргізетін жұмыстарының бағдарламасымен, мақсат,міндеттерімен және тәрбие жұмысының жоспарымен таныстырады, өзекті мәселелерді бірігіп талқылайды.
Достарыңызбен бөлісу: |