Түсініктеме хат



бет1/5
Дата19.10.2022
өлшемі41,44 Kb.
#44116
түріБағдарламасы
  1   2   3   4   5
Байланысты:
Курс бмо





  1. Түсініктеме хат

«Биомедицина және адам денсаулығы» элективті курс бағдарламасы 11-сынып оқушыларына қосымша тереңдетілген түрде білім беруге арналған. Мемлекеттік білім стандартына негізделіп биология пәнін оқыту бағдарламаларын басшылыққа ала отырып жасалды. Оқушыларға биология пәнін медицинамен байланыстыра отырып сапалы білім алу үшін оқытудың жаңа элементтерін қолдана отырып, қосымша білім алуына көмектесу. Сол себепті де бұл бағдарлама оқушыларға өте қажет және қызықты деп ойлаймын.




Бағдарламаның оқу мақсаты:
1.Медицина мамандығы, оның салалары және халықтық емдеу тәсілдері туралы түсінік беру.
2.Оқушылардың биологиялық білімдерін тереңдете отырып, оларды шығармашылықпен ойлауға, өз бетінше шешім қабылдауға үйрету.
З.Әрбір оқушының қызығу қабілетін анықтау үшін жағдай жасау, оқытуды қажетті дәрежеде дараландыру.
4. Биология пәнін оқыта отырып, кездейсоқ жағдай кезінде алғашқы көмек түрлерін жасауды үйрету.


Бағдарламаның міндеттері:
1. Биомедицинаның негізгі қағидаларын, ағзалардың тіршілік әркеттерін,құрылымы, қызметі, адам әрекетінің медициналық биологияда болатын өзгерістерге әсері туралы білімді қамтамасыз ету;
2. Салауатты өмір салтын ұстануымен алдағы уақыттағы денсаулықтарын нығайтуға
бағытталған мәселелерді шешу және тиімді пайдалана білулеріне бағыт-бағдар беру;
3. Жалпы дүниетанымын қалыптастыруда биологиялық ұғымдарды, көзқарастарды,
заңдылықтарды негізгі тірек ретінде пайдалана білу;
4. Жаңа ақпараттық технология әдістерін (видеофильм, электрондық оқулық) қолдану
арқылы білімдерін тереңдету.


Бағдарламаның өзектілігі:
Жаңартылған білім берудің маңыздылығы мен қажеттілігі оқу нәтижелерін жетілдіру болып табылады. Бұл курс медицина және биология пәндерін тереңдетіп оқытуға арналған бағдарлы оқыту, оқушылардың белгілі білім саласына тұрақты қызығуын қалыптастыру үшін ең алдымен қоғамның әлеуметтік сұранысына медицина заңдылықтарын, биология ғылымының методикалық ұстанымдары мен жүйесіне, оқушылардың жас ерекшелігімен байланысты таным мүмкіндігіне сай жүзеге асырылады. Курс пәнаралық байланыс негізінде оқытылады(медицина, биология, химия, валеология). «Биомедицина» курсы оқушыларға медицина салалары,ұлттық емдеу тәсілдері мен жолдары, адамның дене мүшелерін, мүшелер жүйесін анық біліп және мүшелердегі жиі кездесетін ауру түрлерін ажырата білуге бағыт бағдар береді. Қазақстанның дәрілік өсімдіктерін, ұлттық емдеу тәсілдерін яғни халық медицинасын тереңірек оқытып, ұғындыру арқылы оқушыларды іздендіру, ғылыми-шығармашылықпен жұмыс істеуге дағдыландыру. Ақпараттық техниканы пайдалана отырып, ғаламтордан алған білімдерін интертақта мүмкіндіктерін пайдалану арқылы қоршаған ортамен ұштастыру. Оқушыларға өздігінен қорытынды жасату, басқа да шығармашылық жұмыстарға белсенді қатыстыру, түрлі білім көздерінен деректер арқылы таныстырып, алған білімдерін сабақта пайдалану. Бағдарламаның базалық білім беруден ерекшелігі – құрастырылған тараулар мен тақырыптар өзара тығыз байланысты, қарапайымнан күрделіге бағытталған. Себебі бұл бағдарлама оқушылардың ой-өрістерін дамытады, білімдерін тереңдетеді, өмірге деген қызығушылықтарын арттырады, өз бетінше жұмыс істеуге, қамқорлыққа, жанашырлыққа. Оқытудан күтілетін нәтиже сынып бойынша ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді жоспарлар құру, әр бөлімді - Биомедицина ғылымының зерттеу нысаны ретінде қарастыру.
Элективті курстың практикалық багыттылыгы бар. Бірінші сабақтарда оқушылар өздерінің "Биомедицина" деп нені түсінетіні жайлы ғылыми шығармашылы жұмыстарын орындайды. Оқушылар, көбінесе, осы терминді адамдардың денсаулығын нығайту және сақтау, сырқаттарды емдеу, аурулардың алдын алу қажеттілігі деп түсінеді. Курсты оқу барысында олардың медицина деген түсінігі кеңейе түседі. Әрі қарай оқу барысында биология мен медицинаның байланысы мен өзара әрекеті туралы қабылдау түсінігі арта түседі.
Элективті курста 11-сынып оқушыларының психологиялық жас ерекшеліктері ескеріледі: олардың қызығушылығы, белсенділігі мен қоршаған ортаны танып, білуге мүдделілігі, сондай –ақ ғылыми зерттеу жұмыстары мен шығармашылыққа ұмтылысы ескеріледі.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет