Дєріс тезистері


Практикалық  әдіске  жататын  тәсілдер



Pdf көрінісі
бет124/294
Дата07.01.2022
өлшемі2,95 Mb.
#20622
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   294
Практикалық  әдіске  жататын  тәсілдер.  Балаларды  қимыл-қозғалыс 
әрекеттеріне  үйрету  процесінде  тәрбиеші  кӛрнекілік  және  сӛзбен  ӛзара 
байланысқан  әртүрлі  практикалық  тәсілдер  кешенін  пайдаланады.  Ол 
жаттығулардың, қимыл-қозғалыс ойындарындағы жеке рӛлдердің орындалуын, 
жетекшінің рӛлін кӛрсетеді, балаларды тапсырмамен еліктіре және үлгі кӛрсете 
отырып  -  қимыл-қозғалысты  кім  жақсы,  кім  шапшаң,  кім  дұрысырақ 
орындайтынын  кӛрсетіп  ынталандырады,  ол  жарыс  кезінде  тӛреші,  команда 
капитаны  рӛлін  орындайды,  ондағы  мақсат  -  олардың  әрекет  тәсілдерін 
ойнаушыларға  қарап  әділ  шешім  қабылдау  тәртібін  кӛрсету  (JI.М.Коровина). 
Балалардың  практикалық  іс-әрекетін  ұйымдастыра  отырып,  тәрбиеші 
үйретудің  бүкіл  процесін  сабақ  міндеттерімен,  мазмұнымен,  құрылымымен 
сәйкес  реттейді.  Ол  балаларды  жаппай  үйретеді,  оларға  таныс  қимыл-
қозғалыстарды  жетілдіре  отырып,  ӛз  беттерімен  әрекет  етуді  ұсынып,  оларды 
шағын топтарға таратады, балаларға жаттығуларды үйреткенде жаттығулардың 
бүкіл  процесін  бірнеше  рет  қайталайды  және  алмастырады,  шығармашылық 
ізденіске  ынталандыра  отырып,  жаттығуларды,  қимыл-қозғалыс  ойындарын 
ӛзгерту,  олардың  нұсқаларын  құру,  жаңаларын  ойлап  табу  тапсырмаларын 
ұсынады.Yйрету  процесінде  бала  әр  жас  кезеңінде  барған  сайын  білім  мен 
іскерлікті  мол  меңгереді.  Осыған  байланысты  қимыл-қозғалыстардың 
дербестігі,  ойындық  және  ӛмірлік  жағдайда  игерілген  дағдыларды  қолдану 
тапқырлығы  күшейеді.  Балалардың  практикалық  іс-әрекетіне  басшылық  ете 


 
145 
отырып  тәрбиеші  білім  беру  міндеттерін  жүзеге  асыру,  баланың  ақыл-ойын 
дамыту  мүмкіндіктері  туралы  естен  шығармайды.  Ол  балалардың  оларға 
ұсынылған  қимыл-қозғалыстық  тапсырмаларға  неғұрлым  тұрақты  ынта-
ықыласы  мен  эмоциялық  қарым-қатынасын  тудыруға  және  оны  сақтауға 
қамқорлық  жасайды;  бұл  тапсырмалар  балалардың  жеке  ұсыныстары 
формасында  кӛрінетін  қажетті  шешімді  іздестіруге  бағытталған  ой 
белсенділігін  талап  етеді.  (Mысалы,  жүруді,  жүгіруді  және  қосаяқтап  секіруді 
кезектесе  орындау  кезінде  мынадай  тапсырмаларды  ұсынады:  қимыл-
қозғалыстың  әртүрін  ауыстыру  үшін  сигналдардың  формаларын  ойлап  табу, 
олардың  алмасу  тәртібін  ұсыну  және  себеп-дәлелін  беру.  Неге  басқаша  емес, 
осылайша болуы керек, т. б).  Тәжірибе балаларға мұндай (аса қарапайым және 
түсінікке жеңіл) тапсырмаларды, сондай-ақ, оларды игерген білім мен қимыл-
қозғалыс  дағдылары  негізінде  қызықты  шешуді  (қимыл-қозғалыс  әрекеті 
техникасы  және  оларды  орындау  тәсілдері  туралы,  кеңістікті  бағдарлау, 
сабақта қимыл-қозғалыс әрекеттерін алмастыру, т. б.) ұсынғанда олар белсенді 
және  қуанышпен  жауап  беретіндігін  кӛрсетіп  отыр.  Кӛрсетілген  тапсырмалар 
ақыл-ойдың  дамуына  және  шығармашылық  белсенділікке,  ұйымдастыру 
дағдыларын  тәрбиелеуге,  әрекеттің  мақсатты  бағыттылығына,  тапқырлыққа 
және айнала қоршаған жағдайдан бағдар табуға кӛмектеседі. Сӛйтіп, балаларды 
үйретудің  суреттелген  әдістері  мен  тәсілдері  қимыл-қозғалыс  дағдыларын 
қалыптастыру  кезінде  нәтижелерге  жетуге  бағытталған.  Дыбыс  және  жарық 
белгілері.  Жаттығудың  басталуы  мен  аяқталуын  есту  және  кӛру,  ырғақ, 
амплитуда,  қарқын,  жаттығуға  жұмсаған  күш  мӛлшері  уақытын  метроном 
кӛмегімен ӛлшеу, суда жүзу жолдарын кӛрсететін түрлі-түсті жарық белгілері, 
жалаулар осылардың бәрі жаттығуды дұрыс, ынталы орындауға кӛмектеседі.  
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   294




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет