12
қоғамдық тәрбие процесінде индивидуалды бейімделуі шартты рефлекторлық
уақытша байланыстар принципі бойынша біріншімен ӛзара әрекеттегі екінші
сигналдық жүйе арқылы жүзеге асырылады. Оның үстіне екінші сигналдық
қоздырғыштардың адамның барлық тканьдарында және ішкі органдарында
болатын физиологиялық процестерге, сондай - ақ оның тұтас мінез-құлқына да
айқын ықпал жасайды. Баланың айнала қоршаған әлеуметтік ортаға
индивидуалдық бейімделуіне әртүрлі дағдылар, пайда бола бастаған әдеттер,
қалыптасқан күн тәртібі және айнала қоршаған ӛмір талаптарына саналы
қарым-қатынасқа негізделген барлық мінез-құлық тәртібі жатқызылуы мүмкін.
Сондай-ақ, қозғалыс қызметтерінің қалпына келуі жұқпалы аурудан кейінгі
иммунитет, оқуға және қоғамдық ӛмірге мылқаулардың, соқырлардың, соқыр-
мылқаулардың бейімделуі де индивидидуалды бейімделудің кӛрініс беруі
болып табылады.
И.П.Павлов: «.....жоғары сатыдағы, сол сияқты тӛменгі сатыдағы
организмдердің аса зор күрделілігі осы күрделілікті құрайтын нәрсенің бәрі
нәзік және дәлме-дәл байланыста, ӛзара және айналадағы жағдайлармен тең
жағдайда болып тұратын кезге дейін ғана тұтас күйде ӛмір сүреді» – деп атап
кӛрсетті.
И.П.Павловтың бұл қағидасын мынадай мысалмен кӛз алдына келтіруге
болады. Баланың үдеп келе жатқан нашар кӛрушілігі сыртқы жағдайдың
қолайсыз кезінде тұлғаның бұзылуына себепші болуы мүмкін. Тұлғаның
бұзылуы организмдегі патологиялық ӛзгерістерге әкелуі мүмкін: кеуде
клеткасының қозғалғыштығы нашарлап үстірт тыныс алуды тудырады, демді
ішке тартқан кезде диафрагманың тӛмен түсуі қиындайды, бұл демді ішке тарту
кезіндегі қанның сорылу күшін бәсеңдете және жүректің диафрагмаға тірелуін
кеміте отырып жүрек-қан тамырлары жұмысына әсерін тигізеді: тыныс алу
және қан айналу процестерінің нашарлауы ас қорыту органдарының жұмысына
әсер етеді. Ол зат алмасуын бұзады, алмасудың бұзылуы жүйке жүйесінің
қоректенуін нашарлатады, бұл тез шаршауға әкеледі, баланың психикасының
және денесінің жетілуін бәсеңдетеді. Келтірілген мысал адам организмінің
үйлесімділігі мен тұтастығының бұзылатындығын кӛрнекі етіп кӛз алдыңа
әкеледі, бұл бұзылыстың себептерін сонымен бірге дене және психика
процестерінің ажыратылмас ӛзара байланысын кӛрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: