Шартты рефлекторлы уақытша байланыстар және динамикалық стереотиптердің құрылуы туралы.
И.П.Павловтың
және
оның
ізбасарларының жоғары жүйке қызметін зерттеулері дене тәрбиесі
практикасында пайдаланылатын шаралар жүйесін және оның организмде пайда
болатын күрделі процестерге әсері мен оның қызметінің қайта түзілуін дұрыс
талдауға мүмкіндік береді.
Адамның барлық іс-әрекеті дене тәрбиесі процесінде жоғары жүйке
қызметіне тәуелді болады. Қарапайым қозғалыс және түптеп келгенде күрделі
спорттық дағдыларды меңгеру үлкен ми сыңарлары қыртысы қызметінің жаңа
жүйесі құрылуымен анықталады.
И.П.Павловтың жүйелік, динамикалық стереотип туралы ілімі қозғалыс
дағдыларының пайда болу және жетілу процесін түсіндіреді, оның
13
заңдылықтарын айқындауға және осыған сәйкес балаларды оқыту процесін
дұрыс құру мен басшылық етудің неғұрлым мақсатты және тиімді әдістерін
пайдалануға кӛмектеседі.