10
организмінің уақытша жоғалтқан функциялық мүмкіндіктерін калпына келтіру.
Дене тәрбиесі мәдениеті - жалпы мәдениеттің бір бӛлігі, қоғамның адам
денесін жетілдіру саласында қоғамдық-тарихи практика процесінде жиналған
табыстарының жиынтығы. Басқа сӛзбен айтқанда, дене
шынықтыру халық
мәдениетінің бір бӛлігі болып табылады.
Дене тәрбиелеу мәдениеті адамның
ӛзінің денесін дамытып ӛзгерту жолындағы қызметтің нәтижесі және осы
жолдағы процесс деп ұғынамыз. «Дене тәрбиелеу мәдениеті» ұғымын түсіну
үшін оның үш бағытын еске алу қажет:
1.
Дене тәрбиелеу мәдениеті қозғалтқыш әрекет түрінде. Бұл ұғымға
белсенді қоғалыстары бар оқиғалар жатады.
2.
Дене тәрбиелеу мәдениеті құндылықтардың жиынтығы ретінде.
Яғни, дене шынықтырумен айналасу барысында әртүрлі құндылықтар
пайда болады (стадиондар, спорттық киім, денсаулыққа пайдасы бар
т.с.с).
3.
Дене тәрбиелеу мәдениеті әрекеттің нәтижесі ретінде. Бұл нәтижелер
дене дайындығы, денсаулықтың жақсаруы болып табылады. Дене
тәрбиесі мәдениеті — дене тәрбиесі теориясының барлық ұғымдарының
ішіндегі ең кең ұғым. Ол жоғарыда қарастырылған ұғымдардың бәрінің
мазмұнын қамтиды.
Достарыңызбен бөлісу: