Дєріс тезистері


Лақтыру.  Қашықтыққа  лақтыру  ересектер  және  мектепке  даярлық  топтары  үшін  салмағы-200  г



Pdf көрінісі
бет231/294
Дата07.01.2022
өлшемі2,95 Mb.
#20622
1   ...   227   228   229   230   231   232   233   234   ...   294
Лақтыру.  Қашықтыққа  лақтыру  ересектер  және  мектепке  даярлық  топтары 
үшін  салмағы-200  г,  орта  топ  үшін  150  г  құм  салынған  кішкентай  қаппен 
жүргізіледі.  Қапшықтың  кӛлемі  7X11  см.  Алаңды  алдын  ала  бормен  метрлеп 
белгілейді. Ӛлшеуге ыңғайлы болуы үшін бастапқы белгіден бастап метрлердің 
санын  білдіретін  реттік  нӛмірлер  жазылады,  ал  сантиметрлердің  саны 


 
293 
сантиметрлік лентамен ӛлшенеді. Бастапқы белгіленген жерден қапшық түскен 
жерге  дейінгі  арақашықтық  жазылады  (қапшықтың  одан  әрі  домалағаны 
есептелмейді). 
Бала  жіпке  (бастапқы  белгіге)  барады,  ол  үшін  екі  (№1  және  №2) 
қапшықты  алу  керек.  Алғашқыда  оң  қолымен №1  қапшықты  (бірінші әрекет), 
содан  кейін  №2  қапшықты  (екінші  әрекет)  лақтырады.  Балаларға: 
«мүмкіндігінше 
алысырақ 
лақтыр»,-деп 
тапсырылады. 
Қашықтыққа 
лақтырудың  сандық  және  сапалық  кӛрсеткіштері  тӛмендегідей  формада 
жүргізіледі:  «Құлаштап  иық  арқылы»  (оң  қолымен)  әдісімен  алысқа  лақтыру 
мына  жағдайда  дұрыс  деп  есептелінеді:  бала  бастапқы  жағдайда  тұрғанда,  оң 
аяғын кейінге иықтан аздап кеңірек қашықтықта артқа ұстап, дене лақтыратын 
қол жаққа бұрылады. Қапшық ұстаған оң қолын шынтақтан иеді немесе тӛмен 
түсіреді,  сол  қолды  тӛмен  жіберіп,  дене  салмағын  екі  аяққа  теңдей  түсіреді; 
кӛздеген  уақытта  дене  салмағы  сол  аяққа  ауысады,  оң  аяқты  созып  ұшынан 
тіреп,  қапшығы  бар  оң  қолды  алға-жоғарыға,  кӛздің  деңгейіне  дейін  апарады, 
сол  қолды  кейін  жіберіп,  (бір  кӛзбен  кӛздеп,  лақтыратын  нысананы  таңдап 
алады; құлаштағанда қапшығы бар оң қол артқа тӛмен тізеге дейін апарылады, 
сол  мезгілде  оң  аяқты  артқа  жіберіп,  тізеден  бүгеді,  денені  лақтыратын  қол 
жаққа  бұрып,  кейін  қайырады,  дене  салмағы  оң  аяққа  кӛшеді,  сол  аяқ 
түзуленеді де, ұшынан кӛтеріліп, сол қол алға жіберіледі; лақтырған уақытта оң 
аяқты,  кеудені  түзей  отырып,  алға  бұрады  (лақтырған  бағытқа  қарай)  және 
«тартылған  садақ»  сияқты  жағдайда  болады,  содан  соң  лақтырудың  соңғы 
фазасын  жасайды,  бұл  жағдайда  дене  салмағы  сол  аяққа  кӛшеді,  сол  мезгілде 
кеудені  тіктеп,  қапшығы  бар  қолды  тура  құлаштап  иық  арқылы  бастың 
жанынан  алып  ӛтеді  және  қапшықты  қол  басымен  лақтырады;  тепе-теңдікті 
сақтау  үшін  оң  аяқ  сол  аяққа  жақындатылып,  артқа-жоғарыға  кӛтеріледі  де 
секіріп  аяқтың  орнын  ӛзгертеді;  қапшық  белгіленген  бағыттан  ауытқымау 
керек. 
 
 
 
№  Ат
ы-
жӛ
ні 
Сапалық кӛрсеткіштер 
Сандық 
кӛрсеткі
штер, 
см 
Бастап
қы 
жағда
й 
 
Кӛзд
еу 
Сермеге
нде 
құлашта
у 
Лақт
ыру 
Бағытт
ы 
сақтау 
Тепе-
теңдік 
сақтау 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Егер бала лақтыру техникасының кейбір элементтерін дұрыс орындамаса, онда 
белгіленген  бағанға  минус  таңбасы  қойылады.  Нысанаға  лақтырудың  даму 
деңгейін есепке алу үшін, ересектер және мектепке дайындық топтары үшін оң 
қолмен-3  м,  сол  қолмен-2  м,  ортаңғы  топ  үшін  оң  қолмен-2  м,  сол  қолмен-1м 
қашықтықтар  белгіленеді.  Нысана  кӛлемі  60X60  см  белгіленген  шеңбердегі 
диаметрі  10,  30,  50  см  баланың  кӛз  деңгейіне  лайықтап  бекітіледі.  Жақын 
қашықтыққа  «құлаштап  иық  арқылы»  лақтыру  техникасының  қашықтыққа 


 
294 
лақтыру  техникасынан  ӛзгешелігі  бар,  ӛйткені  балалар  мұнда  серпін 
амплитудамен  қашықтық  пен  нысанаға  дейінгі  лақтыру  күшін  ӛлшей  отырып 
қатты  серпін  жасамайды.  Дене  салмағы  осындай  жағдайда  серпілгенде  артта 
тұрған  аяққа  күш  түспейді.  Нысанаға  лақтырудың  сандық,  сапалық 
кӛрсеткіштерін  жазу  алысқа  лақтырудың  кестесі  (схемасы)  бойынша 
жүргізіледі. Бұл жағдайда сандық кӛрсеткіштің орнына нысанаға түскен сандар 
мен  оның  қандай  айналымда  жасалғаны  жазылады.  Нысанаға  лақтырудағы 
серпіннің толық емес амплитудасы қате болып  есептелмейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   227   228   229   230   231   232   233   234   ...   294




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет