315
сапасының негізі қалыптасады. Мектеп ӛз жұмысын жоқтан құрмайды.
Мектепке дейінгі балалардың жетістігін алып, балалардың жинақтаған әлеуетін
педагогикалық практиканы ұйымдастыра отыра дамытады. Сабақтастықтың
осындай түсінігі балалардың дамуы мен оқып үйренуін үздіксіз іске асырып
отырады.
Бұл:
мектепке дейінгі мекеме мен мектептегі білім үрдісінің мақсатын,
міндетін, мазмұнын, бағыттап отырады;
әр баланың дамуына жағдай жасайды (денсаулығын сақтау,
эмоционалдық саулығы).
Балабақша мен бастауыш білім сатысының сабақтастығын тек баланы
мектепке дайындау деп түсінбеу керек, мұнда педагогтар мектепке дейінгі
ұйымдарда білім берудің формалары, әдіс-тәсілдерімен жете танысып, 6-7 жас
аралығындағы психологиялық ерекшелікті анықтай отырып, мектепке біртіндеп
жеңіл бейімделуіне жағдай жасау шарт.
Мектепке дейінгі мекеменің міндеттері:
салауатты ӛмір сүру салтының құндылығына (денсаулығын сақтау,
мәдени-сауықтыру шараларын қамтамасыз ету, дене жаттығулармен айналысу)
балаларды қатыстыру;
эмоционалдық аман-саулығын қамтамасыз ету, әртүрлі кӛркемдік іс-
әрекет (қимыл әрекеті) түріне жағдай жасау;
талабын, білуге құмарлығын, еркіндігін дамыту;
айналадағы әлем жайында білімін қалыптастыру.
Бастауыш мектептің міндеттері:
салауатты ӛмір сүру салтының құндылығын қалыптастыру және ӛзінің
тәртібін осыған сай реттеу;
қоршаған ортамен белсенді қарым-қатынас дайындығын дамыту
(эмоционалды, интеллектуалды, коммуникативті және іскерлік) ;
мектепте оқуға үйрену деген тілегін қалыптастыру;
әртүрлі әрекетте бірлесе жұмыс істей білуі мен ӛздігінен жұмыс істеуін
дамыту;
мектепке дейінгі мекемедегі жетістігін жетілдіру, мектепке дейінгі
мекемеде дамуында қалыптаспаған сапасына арнайы кӛмек кӛрсету.
Достарыңызбен бөлісу: