5.3. Саланы білікті мамандармен қамтамасыз ету Халықтың түрлі әлеуметтік-демографиялық топтарымен спорттық-
бұқаралық және дене шынықтыру-сауықтыру жұмысын одан әрі жетілдіру,
халықаралық спорт аренасында шетелдік спортшылармен бәсекелесуге
қабілетті спорт резервін даярлау және халықаралық дәрежедегі спортшыларды
тәрбиелеу жӛніндегі жұмыстарды жандандыру мақсатында:
әлемдік спорттың даму үрдісіне және біліктілігі жоғары спортшыларды
даярлаудың жаңаша әдістеріне сай келетін бағдарламалар бойынша елдің
жоғары оқу орындарында мамандар даярлауды қамтамасыз ету;
спорт саласында орта кәсіптік білімі бар мамандар даярлауды жетілдіру;
жаттықтырушы-оқытушы кадрларды қайта даярлау жүйесін жолға қою;
халықаралық дәрежедегі спортшыларды тәрбиелеуде тәжірибесі бар және
алдыңғы қатарлы технологияларды меңгерген жоғары білікті шетелдік
мамандарды республиканың құрама командаларына жұмысқа тарту мәселесін
қарау;
344
отандық спортшы кадрлармен жұмыс істеуге басымдық беретін отандық
жаттықтырушыларды материалдық және ӛзге де ынталандыру жӛнінде
пәрменді шараларды енгізу туралы мәселені қарау қажет.