Дєріс тезистері


Балалар  мен  персоналға  медииналық  кӛмек  кӛрсетуге



Pdf көрінісі
бет291/294
Дата07.01.2022
өлшемі2,95 Mb.
#20622
1   ...   286   287   288   289   290   291   292   293   294
Байланысты:
дене тәрбиесінің оқыту әд

10.Балалар  мен  персоналға  медииналық  кӛмек  кӛрсетуге 
қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар  
118.ББМДҰ «Білім беру ұйымдарының қызметкерлерінің типтік штатын 
және педагогикалық қызметкерлер лауазымдарының және оларға теңестірілген 
адамдар тізімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 
30  қаңтардағы  №77  қаулысына  сәйкес  медицина  қызметкерлерінің  білікті 
кадрларымен толықтырылады.  
Медицина  қызметкері  болмаған  жағдайда  балаларды  медициналық-
санитариялық  қамтамасыз  етуді  аумақтық  амбулаториялық-емханалық 
денсаулық сақтау ұйымы жүзеге асырады.  
119.ББМДҰ-ның 
медицина 
персоналы 
емдеу-профилактикалық 
сауықтыру іс-шараларын ӛткізеді.   
ББМДҰ-ның емдеу-сауықтыру жұмысының тиімділік критерийі ретінде 
балалардың денсаулық жағдайларының жақсаруы болып табылады. Балалардың 
денсаулық жағдайларын бағалауды ағымды қадағалаулар мен профилактикалық 
тексеріп-қараулар негізінде жүргізеді.  
Балалардың  әр  жас  топтары  үшін  сырқаттанушылықты  тӛмендетуге 
және  балалардың  денсаулығын  күшейтуге  бағытталған  сауықтыру  іс-
шараларының кешенді жоспарын құрастырылады.  
Декреттелген  жастағы  балаларды  профилактикалық  медициналық 
тексеріп-қараулар  қолданыстағы  нормативтік  құқықтық  актілерге  сәйкес 
жүргізіледі  және  дәрігерге  дейінгі,  педиатриялық  және  мамандандырылған 
кезеңдерді  қарастырады.  Басқа  балаларға  жыл  сайын  скрининг-тестілеу  және 
педиатриялық тексеріп-қарау ӛткізіледі. Кӛрсеткіштері бойынша балалар басқа 
да дәрігерлерге тексеріледі.    
120.Балалар  мен  персонал  арасында  инфекциялық  аурулар  тіркелген 
жағдайда  ББМДҰ-ның  басшылығы,  оның  персоналы  мен  медицина 


 
372 
қызметкерлері 
мемлекеттік 
санитариялық-эпидемиологиялық 
қызмет 
органдары  белгілеген  мерзімде  және  кӛлемде  эпидемияға  қарсы  іс-шаралар 
жүргізеді.  
121.Ас  блогының  қызметкерлерін  мейірбике  күн  сайын  ас  блогы 
қызметкерлерін  тексеріп-қарау  журналына  міндетті  түрде  белгілей  отырып 
іріңді аурудың барлығына тексереді.  
ББМДҰ-да  инфекциялық  аурумен  ауыратын  немесе  күдігі  бар 
қызметкерлер жұмысқа жіберілмейді немесе тез арада жұмыстан шеттетіледі.  
122.ББМДҰ-да  осы  санитариялық  ережеге  7-қосымшаға  сәйкес  есепке 
алу-есептілік құжаттамасы жүргізілуі қажет. 
Шағын  ББМДҰ-да  (шағын  орталықтарда)  жарақтандыру  және 
жабдықтау,  медициналық  кабинеттердің  медициналық  құжаттама  тізбесін 
жүргізуі  тиісті  аумақтағы  халықтық  санитариялық-эпидемиологиялық  
салауаттылығы саласындағы мемлекеттік органмен келісіледі.   
Медициналық  кабинет  осы  санитариялық  ережеге  9-қосымшаға  сәйкес 
жабдықтармен және құрал-саймандармен жабдықталуы тиіс.  
Аудан  жеткілікті  болған  жағдайда  ББМДҰ-ның  медициналық  блогына 
осы  санитариялық  ережеге  10-қосымшаға  сәйкес  физиотерапевтиялық  кабинет 
жабдықталады.  
123.ББМДҰ-ның  қызмет  кӛрсететін  персоналында  бӛлек  шкафта 
сақталатын арнайы киімдері болуы тиіс: костюм, халат, ауыстыратын аяқ киім, 
орамал, бас киім, белдемше.   
Дәретхана  бӛлмесіне  кірер  алдында  халатты  шешіп  және  шыққан  соң 
қолды  мұқият  сабынмен  жуу  керек.  Персоналға  дәретханасы  бар  үй-жай 
бӛлінеді.  Персонал  үшін  дәретханасы  бар  үй-жай  болмаған  жағдайда 
балалардың  дәретхана  алаңында  персонал  үшін  бӛлек  жабық  санитариялық 
кабина қарастыру керек.  
124.ББМДҰ-ға  барлық  медициналық  тексеріп-қараулар  мен  зерттеп-
қараулардың  қорытындылары,  гигиеналық  оқытудан  ӛткені  және  жұмысқа 
жіберілгені  туралы  белгілері  бар  жеке  медициналық  кітапшасыз  қабылдауға 
жол берілмейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   286   287   288   289   290   291   292   293   294




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет