Дєріс тезистері


 Білім берудің мектепке дейінгі ұйымдарының



Pdf көрінісі
бет286/294
Дата07.01.2022
өлшемі2,95 Mb.
#20622
1   ...   282   283   284   285   286   287   288   289   ...   294
Байланысты:
дене тәрбиесінің оқыту әд

5. Білім берудің мектепке дейінгі ұйымдарының 
санитариялық-техникалық жабдығына қойылатын 
санитариялық-эпидемиологиялық талаптар 
 
45.ББМДҰ-ның  ғимараты  қалалық  және  ауылдық  елді-мекендерді 
жоспарлауға  және  тұрғызуға  қойылатын  гигиеналық  талаптарға  сәйкес 
шаруашылық-ауызсу,  ӛртке  қарсы  және  ыстық  сумен  жабдықтау,  кәріз 
жүйелерімен және су ағындарымен жабдықталады. 
ББМДҰ-да сумен жабдықтау және кәзір орталықтанған болуы тиіс. 


 
359 
Орталықтанған сумен жабдықтау болмаған кезде ас блогына, изоляторға 
және  медициналық  мақсаттағы  басқа  да  үй-жайларға,  кір  жуу  орнына,  барлық 
топтық бӛліктердің дәретханаларына суды механикалық беруді қамтамасыз етуі 
керек. Қолжуғыштарға және себезгілерге берілетін судың температурасы 37ºС-
тан аспауы және 60ºС-тан жоғарыламауы тиіс.  
Ыстық  сумен  жабдықтаудың  дербес  жүйесін  ұйымдастыруға  жол 
беріледі. 
46.Орталықтандырылған  елді-мекен  және  қалалық  су  құбыры  желілері 
мен  кәріз  болмаған  жағдайда,  сумен  жабдықтау  мен  кәріздің  жергілікті 
жүйелерін таңдау және құрылғысы халықтың санитариялық-эпидемиологиялық 
салауаттылығы  саласындағы  мемлекеттік  органның  нормативтік  құқықтық 
актілерге сәйкестігін куәландыратын қорытындысы болған кезде жүргізіледі
.  
Кәрізденбеген  аудандарда  ББМДҰ-ы  септик  құрылғысы  бар  ішкі  кәріз 
жүйесімен  жабдықталады,  оны  тазалау  оның  2/3  кӛлемі  толуына  қарай 
жүргізіледі.  Сұйық  қоқысты  шығаруды  мамандандырылған  автокӛлік  ұйымы 
жүзеге асырылады.    
47.Асүй, буфет, балаларға және персоналға арналған дәретханалар,  кір 
жуатын орындар, изолятор және медициналық мақсаттағы басқа да үй-жайлар, 
қолжуғыштар  және  араластырғыш  кран  құрылғысы  бар  шаруашылық 
қажеттілікке  арналған  су  тарату  краны  ыстық  және  салқын  судың  келуімен 
қамтамасыз етіледі.  
48.Балаларға  арналған  санитариялық  аспаптарды  еденнен  орнатудың 
мынадай биіктігі кӛзделеді: 
1)сәби  жастағы  және  кіші  мектеп  жасына  дейінгі  балаларға  арналған 
қолжуғыштар - 0,4 м;   
2)орта ересек мектеп жасына дейінгі балаларға арналған қолжуғыштар - 
0,5 м;  
3)постаменттегі ванналар - 0,6 м;  
4)сәбилер  тобындағы  және  бірінші  кіші  топтағы  балаларға  арналған 
терең себезгінің табандығы (себезгі торының табандық түбіне дейінгі орналасу 
биіктігі – 1,5 м болғанда) – 0,6 м;  
5)мектеп  жасына  дейінгі  балаларға  арналған  саяз  себезгінің  табандығы 
(себезгі торының табандық түбіне дейінгі орналасу биіктігі – 1,6 м болғанда) – 
0,3 м. 
ББМДҰ  жобалаған  және  қайта  жаңартқан  кезде  ересек  және  дайындық 
топтарында ұл балалар мен қыз балалар үшін бӛлек дәретханалар кӛзделеді. 
49.ББМДҰ  ғимараттарын  қоғамдық  ғимараттар  мен  құрылыстардағы 
жылуға, желдетуге және ауаны баптауға қойылатын талаптарға сәйкес орталық 
жылу және желдету жүйелерімен жабдықтайды. 
Автономдық немесе газбен жылытуды қолдануға рұқсат етіледі.    
         50.ББМДҰ-ның  ғимараттарын  жылумен  жабдықтауды  орталық  жылу 
жүйесінен (ОЖЖ), аудандық және жергілікті қазандықтардан қарастыру керек. 
Ауылдық  елді  мекендердегі  кӛлемі  елу  орыннан  аспайтын  бір  қабатты 


 
360 
ғимараттарда  жеке  кіретін  есігі  бар,  оқшауланған  үй-жайда  пешпен  жылыту 
құрылғысына жол беріледі.  
Жылыту  аспаптары  ретінде  радиаторларды,  бетон  қабырғаларға 
жапсарлас салынған құбыр тәрізді жылыту элементтерін пайдалануға болады.  
Балалардың  күйуі  мен  зақымдануын  болдырмау  мақсатында  жылыту 
элементтерін алынып-салынатын ағаш торлармен қоршаған дұрыс.  
Ағаш-жоңқа  тақтайшасынан  және  басқа  да  полимер  материалдардан 
жасалған қоршау құрылғыларын пайдаланбау керек.  
         51.ББМДҰ  үй-жайларында  +19ºС  -  +22ºС  ауа  температурасы  кӛзделеді. 
Балалар болатын үй-жайлардағы ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 40-55%; 
ас үйде және кір жуатын бӛлмеде 60-70% дейін қабылданады.  
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   282   283   284   285   286   287   288   289   ...   294




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет