364
құралдарымен ыстық суда жуу қажет. Унитаздардың ішкі беттерін тазалау үшін
бір унитазға кемінде екі щетка қарастырылады. Жуу және дезинфекциялау
құралдары және олардың жұмыс ерітінділері балалардың қолы жетпейтін жерде
сақталады. Қолданылатын дезинфекциялау ерітіндісі ерітіндінің дайындалған
күні кӛрсетілген белгі бекітілген, таңбаланған сыйымдылықта нұсқауға сәйкес
дайындалады.
80.ББМДҰ-ның үй-жайларына шыбындардың ұшып кіруін болдырмау
үшін желдету үшін ашылатын терезелерге, желдеткіштерге, фрамугаларға тор
кӛздер орнатылады.
81.Ғимаратқа кіретін жерде қырғыштар, торлар, кілемшелер, щеткалар
орнатылады, әр үй-жайдың кіретін есігінің жанында балалардың әрбір
кіргенінен кейін тазаланып жуылатын ылғал кілемшелер тӛселеді.
ББМДҰ-ның учаскесі таза ұсталады.
Ойын алаңының жабдығы және кіші сәулеттік нысандары балаларды
серуендету және ойнату алдында күнделікті сүртіледі, құм алаңындағы құм
ылғалданады, аптасына бір рет араластырылады. Құм айына бір рет
ауыстырылады немесе 7-10 күнде бір рет қайнаған сумен ӛңделеді және бетін
жабатын бастырмасы болады.
82.Кәріз болмаған жағдайда су ӛткізбейтін, бетондалған қоқыс тӛгетін
орларды, қоқыс жинағыштарды олардың 2/3 кӛлемі толған кезде тазалау және
қолдануға рұқсат етілген дезинфекциялау құралдарымен ӛңдеу керек. Ауладағы
дәретханалардың ішкі беттері мен есіктерінің тұтқалары күн сайын жуылады
және апта сайын дезинфекциялау құралдарын пайдалана отырып ӛңделеді.
83.Бассейндерді
пайдалану
және
күтіп-ұстау
«Санитарлық-
эпидемиологиялық ереже мен нормаларды бекіту туралы» Қазақстан
Республикасының Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушының 2004
жылғы 18 тамыздағы № 632 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді
мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3074 болып тіркелген) сәйкес болуы тиіс.
Кубатурасы 32 текше метр бассейн қосымша хлорлаусыз 30-60 баланың
шомылуы үшін пайдаланылады. Суды ауыстыру 2 топтың балаларын
шомылдырғаннан кейін жүргізіледі. Суды ауыстыру балалар үшін 8 сағат
бұрын суды толығымен ауыстыруды қамтамасыз ету арқылы үздіксіз ағынмен
жүзеге асырылады. Бассейн ваннасын дезинфекциялау суды ағызғаннан кейін,
механикалық тазалау бір шаршы метрге 0,6-0,8 литр есебінен дезинфекциялау
құралымен екі рет сулау жолымен жүргізіледі. Дезинфекциялау ерітіндісін шаю
ыстық сумен жүргізіледі.
84.Жылына кемінде бір рет жаз мезгілінде ББМДҰ-ның ғимараты мен
үй-жайларына ағымды жӛндеу, сондай-ақ қолданыстағы инженерлік
коммуникацияларға тексеру жүргізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: