Дєріс тезистері



Pdf көрінісі
бет73/294
Дата07.01.2022
өлшемі2,95 Mb.
#20622
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   294
Жалпы дамыту жаттығулары 
Қол мен иық бұлшық еттерін нығайтуға арналған жаттығулар 
Жаттығуларды  құралмен  немесе  құралсыз  орындауда  қолдарын  жанынан 
жоғарыға  кӛтеріп,  қолдарын  кезекпен  немесе  бірге  түсіру.  Құралды  алдынан, 
артынан,  басының  үстімен  қолдарына  кезекпен  ауыстыру.  Алдынан  немесе 
басының  үстінен  шапалақтап қолдарын  артына жасыру.  Қолдарын  алға  созып, 
жан-жағына  апару,  алақандарын  жоғары  бұрып,  буындарын  кӛтеріп  түсіру, 
саусақтарын қозғалту. Қолының саусақтарын жұмып ашу. Қолдарын белдеріне 
қою. 
Аяққа арналған жаттығулар 
Аяқтың ұшымен кӛтерілу. Аяқтың ұшын алға, жанына, артқа қою. Қатарынан 2-
3 рет жартылай отыру жаттығуларын  жасау. Қолдарын алға созып, қолдарымен 
тізесіне  сүйеніп,  тізесін  құшақтап  және  басын  иіп  отыру.  Тізесінен  бүгілген 
аяқтарын  кезекпен  кӛтеру,  тізесінен  бүгілген  аяқтарын  бір-біріне  соғып, 
шапалақтау. Құм салынған қапшықтарды отырған күйде аяқтарымен ұстап алу. 
Таяқшамен,  валикпен  (диаметрі  6-8  см)  жан-жағына  табанының  ортасымен 
сүйеніп қосалқы адымдармен қозғалу.  
Кеудеге арналған жаттығулар 
Бір-біріне басының үстінен допты беру (алға және артқа). 
Қолды алға кӛтеріп оңға және солға бұрылу. Алға, оңға, солға еңкею. Бұрылып 
отырып құралды артына қою және бұрылып алу. Артқа сүйеніп отырып, аяғын 
ӛзіне тарту, малдас құрып отыру, созу; тізесін құшақтап екі аяғын ӛзіне  тарту, 
аяқтарын  кезекпен  кӛтеріп,  оларды  бір-біріне  қою  (оң  аяғын  сол  аяққа  немесе 
керісінше).  Отырып  алға  еңкею.  Тіземен  тұрып  алға  еңкею.  Арқасымен  жерде 
жатып бір мезгілде қолы мен аяғын кӛтеріп, түсіру, велосипед тебісіне еліктеп 
аяқтарын  қозғау.  Жерге  ішпен  жатып  аяқтарын  майыстырып  жазу  (бір-бірлеп 
және  бірге).  Арқасымен  жерде  жатқан  жерінен  аунап  барып  ішпен  жату  және 
керісінше  айналу.  Ішпен  жатып  қолдарын  жан-жағына  созу  арқылы  иілу  және 
иықтарын кӛтеру.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   294




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет