Дєріс тезистері


Мазмұны:  Негізгі қимыл түрлерін дамытуға арналған жаттығулар



Pdf көрінісі
бет75/294
Дата07.01.2022
өлшемі2,95 Mb.
#20622
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   294
Мазмұны: 
Негізгі қимыл түрлерін дамытуға арналған жаттығулар 
Жүру
-аяқ ұшымен, ӛкшемен, табанның ішкі жағымен; 
-қолды әртүрлі жағдайда қойып адымдап және тыпырлап жүру; 
-аяқтың ұшын бір-біріне жалғау арқылы (алға, артқа, оңға, солға); 
-сапта қарқынды ӛзгертіп шеңбер бойымен, бағытпен; 
-басқа қимылдармен алмастырып жүру. 
Жүгіру: 
-жұптасып және бір қатармен
-аяқтың ұшымен, тізені жоғары кӛтеріп, адымдап, тыпырлап; 
-бағытты ӛзгерте отырып; 
-сызық арасы арқылы жіңішке жолмен; 
-бір қатарға қойылған заттардың арасынан «жыланша» ирелеңдеп жүгіру;  


 
73 
-ұстап алу арқылы; 
-жылдам, тоқтамай баяу қарқынмен (1-1,5 мин); 
-орташа жылдамдықпен (арақашықтығы 40-50 метр); 
-оралып жүгіру 3 рет 10-20 метрден (жылдың соңында 5,5-6 секунд); 
-жүрумен алмастыра (40-60 метр) жүгіру. 
Секіру
-аяқты  бірге,  алшақ  қойып,  біреуін  –  алға,  екіншісі  –  артқа  қойып,  бір  орында 
тұрып жоғары; 
-бір орында тұрып оңға, солға бұрылып; 
-айналып; 
-бір орында тұрып 20 рет, қос аяқтап (тоқтап және жүрумен алмастырып 2-3 рет 
қайталау); 
-арақашықтығы 2-3 метрге дейін алға қарай жылжып қос аяқтап секіру; 
-4-6 сызықтан (арақашықтығы 40-50 см) бір орында тұрып ұзындыққа секіру
-шеңберден шеңберге секіру; 
-биіктігі 20-30 см болатын тереңдікке; 
-биіктігі 5-10 см болатын 2-3 заттар арқылы тізбектеліп секіру; 
-бір орында оң және сол аяқпен кезектестіріп; 
-70 см-ден кем емес бір орында тұрып ұзындыққа
-қысқа секіртпемен. 
Лақтыру, қағып алу, домалату: 
-допты, шарды бір-біріне таяқшалар, жіптер, сызықтар арасынан бір затқа тигізе 
отырып лақтыру; 
-еркін бағытқа құрсауды домалату; 
-допты жоғары лақтырып, қағып алу; 
-допты еденге ұрып, қағып алу (қатарынан 3-4 рет); 
-допты кеудеден қос қолмен бір-біріне лақтыру; 
-отырып және тұрып допты тӛменнен, басынан асыра бір-біріне лақтыру; 
-допты қос қолмен еденге ұру; 
-допты оң және сол қолмен еденге ұру
-затты тігінен және кӛлденеңінен дәлдеп 1,5-2 м арақашықтықта оң, сол қолмен 
лақтыру; 
-допты қабырғаға ұрып, қағып алу. 
Еңбектеу және ӛрмелеу:  
-6-8 метр арақашықтыққа тӛрт тағандап еңбектеу; 
-биіктігі 40 см арқанның, доғаның, таяқтың астынан еңбектеу; 
-заттар арасынан алақан мен табанға сүйене отырып еңбектеу; 
-тіке және қырынан еңбектеу
-орындық астынан ішпен еңбектеу; 
-кӛлденең,  еңкіш  тақтай  және  орындық  үстімен  қолымен  тартылу  арқылы 
еңбектеу; 
-бӛрене үстімен еңбектеу; 
-кӛлбеу сатының жиегінен ұстап ӛрмелеу; 
-еденде бір қырымен тұрған сатының тақтайшаларының арасымен ӛрмелеу; 
-гимнастикалық қабырға бойымен жоғары ӛрмелеп, тӛмен қарай қадаммен түсу; 


 
74 
-аяқтың ұшын бір-біріне жалғау арқылы оңға, солға; 
-бір орыннан екінші орынға оңға, солға адымдау. 
Тепе-теңдікті сақтау: 
-жүгіру барысында тоқтап, бағытты ӛзгертіп, ары қарай жүгіруді жалғастыру; 
-тура және шеңбер бойымен, иректеліп қойылған жіптің бойымен жүру; 
-басына қапшық (салмағы 400 грамм) қойып жіптің бойымен жүру; 
-қабырғалы тақтай бойымен жүру; 
-гимнастикалық  орындық  үстіне  қойылған  кубиктерді  аттап,  сатының 
тақтайшалары арқылы жүру; 
-кӛлбеу  қойылған  тақтайдың  үстімен  қолды  түрлі  жағдайда  қойып  жоғары-
тӛмен түсу; 
-кӛлденең және еңкіш бӛрене бойымен тура және қырынан жүру; 
-алдымен бір жаққа, содан соң екінші жаққа айналу (қол белде). 
Сапқа тұру, сап құрылымын ӛзгертіп қайта тұру: 
-ӛз еріктерімен сапқа бір қатармен тұру
-кӛп  емес  топпен,  екеуден,  үшеуден  және  барлық  топпен  шеңбер  болып,  сап 
түзеп тұру; 
-сап түзеу және шашырау; 
-бағытқа қарап түзеліп, тізбектеліп тұру; 
-оңға, солға, айнала бұрылу. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   294




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет