Дєріс тезистері



Pdf көрінісі
бет74/294
Дата07.01.2022
өлшемі2,95 Mb.
#20622
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   294
Спорттық жаттығулар 
Шанамен сырғанау 
Биік емес тӛбешіктерден сырғанау, бір-бірін сырғанату. 
Сырғанау 
Үлкендердің кӛмегімен мұзды жолдармен сырғанау. 
Шаңғымен жүру 


 
72 
Шаңғыларды киіп, шешу, оларды орнына қою, түзу шаңғы жолында аттап басу 
және сырғанау адымдарымен жүру. 
Велосипед тебу 
Велосипедке міну және түсу, үш аяқты велосипед тебу. 
Жүзуге дайындық 
Суға кіру және шомылу, су ішінде ойнау. 
Дене  тәрбиесінен  айына  1  рет  ұзақтығы  15-20  минут  болатын  ойын-сауық 
шараларын ұйымдастыру. 
  
4-5  жасқа  дейінгі  балалар  үшін    «Денсаулық»  білім  беру  саласының 
базалық  мазмұны  бойынша  дене  шынықтырудан  ұйымдастырылған  оқу  іс-
әрекеті тӛмендегідей жүзеге асады: 
Мақсаты:  баланың  денсаулығын  сақтау  және  нығайту,  дене  жаттығуларын 
жасауға  қызғушылықтарын  арттыру,  қимылдық  іскерліктері  мен  дағдыларын 
жетілдіру. 
Міндеттері: 
-жүру, жүгіру, секіру, лақтыру, лақтырып тосып алу, еңбектеу және ӛрмелеудегі 
негізгі қимыл түрлерін орындау іскерліктерін жетілдіру; 
-ұйымшылдыққа,  дербестікке,  шығармашылыққа,  құрдастарымен  ӛзара  достық 
қарым-қатынаста 
болуға 
тәрбиелеу, 
икемділікке, 
шапшаңдыққа, 
шыдамдылыққа үйрету, тепе-теңдік қалпын сақтау іскерліктерін меңгерту; 
-барлығы бірге, бірдей қарқынмен әрекет етуге үйрету; 
-денесін  дұрыс  ұстауға,  жеке  бас  гигиенасын  сақтау  дағдысы  мен  денсаулық 
сақтау негіздерін қалыптастыру; 
-спорттық ойындармен, жаттығулармен таныстыру; 
-белсенді  қимыл-қозғалыс  (қимылдың  қосымша  түрлерін  соның  ішінде  емдік-
сауықтыру бағытындағы қимыл әрекеттерін енгізу, ӛз еркімен қимыл-қозғалыс 
жасау үшін күн тәртібінен уақыт бӛліп, мүмкіншілік жасау) уақытын ұлғайту; 
-әр  халықтың  қимылды  ойындарына,  сабақтағы  спорттық  құрал-жабдықтарды 
қолдануға қызығушылықтарын арттыру
-түрлі спорттық құрал-жабдықтармен жабдықталған, әртүрлі қимыл әрекеттерін 
дамытуға жағдай жасайтын қозғалыс ортасын құру. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   294




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет