Дєріс тезистері


Бала  организмінің  қалыптасуы  мен  аса  шапшаң  даму  кезеңі  –  сәбилік



Pdf көрінісі
бет90/294
Дата07.01.2022
өлшемі2,95 Mb.
#20622
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   294
Бала  организмінің  қалыптасуы  мен  аса  шапшаң  даму  кезеңі  –  сәбилік 
шақ.  Дамудың  бұл  кезеңінде  баланың  бойы  шапшаң  ӛседі,  салмағы  да  тез 
қосылады,  тұтас  организмнің  бүкіл  қызметінің  дамуы  барынша  тездейді. 
Сәбилік  кезеңдегі  бала  дамуында  бұдан  басқа  да  ерекшеліктер  кӛп:  бала  аса 
сезімтал  және  тез  ренжігіш,  сондықтан  жас  сәби  организмін  дер  кезінде 
шынықтырып,  дене  түзілісі  сымбатты  да  сәнді  болуын  ерте  қамтамасыз  ету 
кӛзделеді. Бұл - ең алдыңғы кезектегі міндеттердің бірі. 
Организмнің  қалыптағыдай  дұрыс  дамуы  мен  мықты  денсаулығы  үшін 
қажетті  жағдайлар:  тамақ,  ұйқы,  сергіту  кезеңдерін  дер  кезінде,  дұрыс 
ұйымдастыру,  сондай-ақ  таза  ауа,  су,  күн  сәулесін  орынды  пайдалану. 
Kӛрсетілген жағдайлар жас нәрестенің нәзік организміне тиімді әсер ету үшін 
әлі  де  жеткіліксіз.  Бұл  баланың  бүкіл  ӛмірін  дұрыс  ұйымдастырып,  тәлім-
тәрбие жұмысын ойдағыдай жүргізгенде ғана нәтиже береді. Алғашқы екі жыл 
дамудың аса тез, қарқынды кезеңі. Бұдан былайғы кезеңдердің бірде-біреуінде 
бала  алғашқы  екі  жылдағыдай  аса  кӛп  ӛзгеріске  ұшырамайды.  Мектепке 
дейінгі  ғылыми  әдебиеттерде  бала  ӛмірінің  дамуындағы  сәбилік  кезең  деп 
аталатын  алғашқы  екі  жылын  арнайы  қарастырады.  Жеке  бастың 
қалыптасуында осы шақтың ерекше мәні бар. Жеке бастың дамуы дегеніміз - 
адамгершілік,  ақыл-ой,  эстетикалық  және  дене  т.б.  тәрбиелердің  тұтастығы. 
Сәбилік  шақты  зерттеген  ғалымдарымыздың  бірі  -    Н.М.Аксаринаның 
«Cәбилік  шақтағы  балалар  тәрбиесі»  деп  аталатын  еңбегінде  баланы  туған 


 
89 
күнінен  бастап  тәрбиелеудің  аса  қажеттігі  ғылыми  негізделген.  Сондай-ақ, 
дене  құрылысының  даму  ерекшеліктері  де  беріледі.  Баланың  бүкіл  организмі 
ӛсіп  нығаяды,  жүйке  жүйесі  анағұрлым  тӛзімдірек  келеді.  Сонымен  сәбилік 
шақтағы  баланың  даму  ерекшеліктері  мыналар:  а)ересек  адамдардың 
кӛмегінсіз  әртүрлі  қимыл  әрекеттерді  орындауға  бағытталуы,  дербестіктің  ең 
қарапайым  түрлерінің  жетілуі;  ә)кӛрнекі  ойдың  дамуы.  Баланың 
айналасындағылар жайлы ӛз ойын, пікірлерін білдірудің аса қарапайым түрі.  
Сәбилік  шақтан  бастап,  бала  әрекеті  қай  жағынан  болса  да,  күрделене 
түседі.  Күнделікті  ӛмірден  кӛргендерін,  білгендерін,  іс-әрекеттерін, 
қимылдарын  ойын  үстінде  бейнелеудің  негізі  осы  сәбилік  шақтан  басталады. 
«Мектепке  дейінгі    тәрбие  мен  оқыту  бағдарламасында»  ойын  түрлерінің 
күрделене түсетіндігі айтылған. 2,5 жасқа қарай мазмұнды  ойынға ерекше мән 
беріледі.  Осылайша  бала  дүниеге    келген  алғашқы  күннен  бастап,  дамудың 
үлкен  жолынан  ӛтеді.  Егер  туғаннан  бастап  бала  дене  құрылысын,  қимылын, 
мәдени-гигиеналық  дағдыларын  қалыптастыру,  дамыту  бағытында  жұмыстар 
жүйелі,  реттілікпен  жүргізілетін  болса,  мынадай  қорытынды  шығады: 
уақытылы  жүргізілген    тәрбие  тәсілдерінің  дұрыстығынан  баланың  дамуы 
кешеуілдемейді.  Дене  тәрбиесі    дұрыс  жүргізілген    жағдайда,  алғашқы 
нәтижелер  білінеді.  Қазіргі  кезде  біздің  елімізде  мектепке  дейінгі  тәрбиенің, 
соның ішінде дене тәрбиесінің  барынша дамуына қажетті жағдайлардың бәрі 
де  жасалуда.  Дене  түзілісі  мықты,  кӛңіл  күйі  кӛтеріңкі,  ширақ  бала  ауруға 
тӛзімді болады да, жұқпалы ауруларға аз шалдығады. Атақты физиологтардың 
еңбектерінде  (И.  М.  Сеченов,  В.  М.  Бехтерев,  И.  П.  Павлов)  даму  тұқым 
қуалаушылық  жолмен  емес,  организмнің  қоршап  тұрған  ортамен  ӛзара 
әрекетінің  нәтижесінде  болатындығы  кӛрсетілген.  Бұл  еңбектер  тұқым 
қуалаушылықты  мүлдем  жоққа  шығармай,  белгілі  бір  жағдайға  байланысты 
тұқым қуалау жолымен болатын қасиеттерді ӛзгерту мүмкін екенін анықтады. 
Сонымен  қатар  организмнің  қалыпты  дамуы  үшін  тәрбиенің  жетекші  рӛлі 
кӛрсетіледі.  Белгілі  бір  анализатордың  жұмысын  шапшаңдату  жаттығуға 
байланысты.  Мысалы,  мезгілінен  6  апта  бұрын  туған  нәрестеде  туған  соң  5 
аптадан кейін шартты түрде есту рефлексін қалыптастыруға болатын кӛрінеді. 
Табиғи  пісіп  жетілу  процесі  де  сыртқы  ортаның  әсер  етуіне  байланысты, 
сондай-ақ  ми  сыңарлары  қабығының  қызметі  тұқым  қуалау  жолымен  емес, 
ішкі-сыртқы тітіркендіргіштердің әсерімен ӛмір процесінде дамиды. Ол туралы 
сәбилік  кезең  педагогикасының  негізін  қалаушы  проф.  Н.  М.  Щелованов: 
«Eгер  сыртқы  әсер  болмаса  немесе  жеткіліксіз  болса,  онда  ми  қабығының 
жасалуы  дұрыс  болмайды  немесе  кешеуілдейді»,  -  деген.  Бұл  ӛзара  әсер  ету 
Н.М.Щелованов,  И.И.Красногорский, 
Н.И.Касаткин,  Н.М.Аксаринаның 
анықтауынша,  баланың  алғашқы  күнінен  басталады.  Олай  болса,  тәрбие 
процесі  де  (дене  тәрбиесі  т.б.)  нәресте  дүниеге  келген  алғашқы  күннен 
басталады.  Бала  туғаннан  бір  жасқа  дейін  дұрыс  тамақ,  күтім,  тәрбие  болған 
жағдайда ӛте тез ӛседі. Жылдың алғашқы жартысында ай сайын 600-700 грамм 
салмақ қосса, екінші жартысында 400-300 грамм қосады. Бойы ай сайын 2-3 см 
ӛседі.  Орта  есеппен  1  жастағы  баланың  салмағы  10-10,5  кг,  бойы  74-75  см 
болады. 7-8 айда баланың сүт тісі шыға бастайды, ал бір жасқа келгенде 8 тісі 


 
90 
болады.  7  апталығында  миы  екі  есе  ӛсіп,  орталық  жүйке  жүйесінің  жұмысқа 
қабілеттілігі  артады,  баланың  ұйықтамай  кӛңілденіп,  сергек  жүру  мезгілі 
кӛбейеді.  Әуелі  20-30  минут  болса,  1  жасқа  келгенде  3,5  сағатқа  дейін 
созылады
.
  Бір  жасқа  дейінгі баланы  тәрбиелеудегі  негізгі міндет-денсаулығын 
сақтау  және  нығайту,  баланың  денесінің,  психикасының  дамуына  қажетті 
жағдай  жасау,  жалпы  қимылын,  ӛзіне  жақын  адамдармен  қарым-қатынасын 
калыптастыру.  Бала  кӛру,  ұстау  арқылы  қабылдауын  дамытады.  Ойыншықты 
ұстау, кеудесіне апару, кӛру, бір қолынан екінші қолына ауыстыру арқылы сол 
заттың  қасиетімен  танысады.  Баланың  түсіп  кеткен  ойыншыққа  талпынуы, 
жылжуға дайындығы басталады. 5 айлығында бала екі алақанына сүйеніп, ұзақ 
уақыт  етпетінен  жата  алады.  6  айлығында  бала  кӛбіне,  етпетінен  жатып 
аударылып,  аяғымен  жылжиды.  Бұл  әрекеттердің  бәрі  де  баланың  бұлшық 
еттерінің,  аяқ-қолының,  карын  еттерінің,  кеуде  сүйегінің  дамуына  әсер  етіп, 
енбектеуіне қажетті алғы шарттар дайындайды. 
Ойыншықтармен  ойнату 
арқылы  баланың  іс-әрекеті  ұйымдастырылады.  Ойыншықты  ұстайды,  кӛреді, 
айналасындағы заттарға тоқталады. 6-7 айда еңбектеп, кӛп кешікпей отырады. 
9  айда  жар  жағалап,  жайлап  жүреді.  9-10  айдан  1  жасқа  дейінгі  кезеңде 
тәрбиенің  бір  негізгі  міндеті  -  баланың  қимылын  дамыту.  Балалардың 
ойыншықтармен  ұзақ  ойнау  әрекетін  ұйымдастырудың  ерекше  орны  бар. 
Мысалы, қорапты ашып, жабу, ойыншықтарды тізілтіп, қаз-қатар қою, шарды 
қорапқа  салу  т.  б.    11-12  айда  бала  еркін  жүруге  үйренеді.  Бұл  кезеңде 
тыныштық,  тамақ,  ұйқы,  сергектік,  дене  жаттығуларының,  әр  балаға  кӛңіл 
бӛлудің мәні зор. 
Екіншіден,  ұйқысын  дұрыс  ұйымдастыру  керек.  Таза  ауада  5-6  сағат 
ұйықтау  қамтамасыз  етіледі,  оның  ішінде  бірден  тез  ұйықтауға  үйретудің 
маңызы  зор.  Кішкентайлар  мен  әлсіздер,  ерте  тұрғандар  алдымен 
жатқызылады. Бұл әрекеттердің бәрі тыныш, асықпай, баппен істеледі. 
Үшіншіден, тұрғызу мен тамақтандыру. Дұрыс күн тәртібімен ұйықтаған бала 
жыламай, жайбарақат тұрады. Тамақты қолдан бӛтелкемен, қасықпен ішкізуде 
баланың  ӛзі  ұстауын,  ӛзі  алуын  үйрету  керек.  Ойынмен  шұғылдану  баланың 
жан-жақты дамуына әсер етеді. Ойын жерде, столда, манежде ӛткізілуі мүмкін. 
2,5—12  айлық  балалардың  кӛру,  есту  мүшелерін  барынша  дамыта  отырып, 
ойыншықтарды  кӛрсету,  атын  айту,  қол  қимылын,  еңбектенуге  қажетті 
қимылдарын  дамытудың  маңызы  зор.  Сәбилердiң  екiншi  тобы  (1  жастан  2 
жасқа  дейін).  Арнаулы  ғылыми  еңбектерде  бұл  топта  тәрбиеленушілер  екі 
кезеңге  бӛлінеді:  1  жастан  1,5—1,6  айға  дейін,  1  жас  5—6  айдан  2-ге  дейін. 
Мұның  әрқайсысында  да  баланың  дер  кезінде  тамақтануы,  ұйқы  және  басқа 
қызметтердің  дұрыс  ауысып  отыруы  оның  денсаулығы  мен  дене  құрылысы 
жағынан  дамуына,  кӛңіл  күйі  мен  мінез-құлқына  үлкен  әсер  етеді,  яғни  күн 
тәртібінің  тәрбиелік  үлкен  мәні  бар.  Балалар  белгілі  бір  тәртіпке  үйренеді. 
Белгілі бір уақытта тыныш ұйықтайды, сондай-ақ тамаққа да тәбеті белгілі бір 
уақытта  шабатын  болады.  Екі  жасқа  қараған  баланың  жүйке  жүйесінің  қызу 
дамуына байланысты сергіту кезеңі ұзарып, күндіз аз ұйықтайды. 1 жастан 1,6 
айға дейінгі бала күндіз екі  мезгіл ұйықтайды (2,5-1,5 сағат) да, үздіксіз 3,5-4 
сағат  сергиді.  Ал  1  жас  6  айдан  кейін  күндіз  бір-ақ  мезгіл  (3,5-4  сағат) 


 
91 
ұйықтайды,  4,5-5  сағаттан  соң  сергиді.  Бұл  топтағы  балалардын  күн  
тәртібіндегі  ӛзгеріс  сол-екі  күн  тәртібі  жасалады.  Әр  баланың  күн  тәртібін 
белгілеу үшін оның жас ерекшелігі ғана емес, сонымен бірге жалпы дамуы мен 
денсаулығы еске алынады. Нәзік, денсаулығы нашар, жүйке жүйесінің жұмысы 
тұрақсыз балаларға ерекше назар аударып, бірінші топта ұстай тұруға болады. 
Осы  кемшіліктері  әбден  жойылған  соң  барып,  тәрбиеші  немесе  күтуші 
дәрігерге  айтып,  содан  кейін  ғана  күн  тәртібі  ауыстырылады.  Бұл  -  күн 
тәртібіне байланысты сәттер.  Екі жасқа қараған баланы сергіту едәуір ұлғаяды. 
1  жас  2-3  айдағы  бала  үздіксіз  3-4  сағат,  ал  1  жас  6  айдағы  бала  4-5  сағат 
үздіксіз  серги  алады,  сондықтан  баланың  қызмет  әрекетін  түрлендіріп, 
анағұрлым мазмұнды ӛткізуге болады. Бұл жаста бала, аяғымен жүріп, кӛбірек 
қозғалуға  тырысады.  Ол  үшін  жағдай  жасалып,  бӛлме  ішінен  арнаулы  орын 
бӛлінеді,  түрлі  ойыншықтар  беріледі,  ойынның  түрлері  кӛбейеді.    Қимылдық 
ойындарға, дене жаттығуларына, организмді шынықтыруға кӛп кӛңіл бӛлінеді. 
Балалардың  организмін  шынықтыруда  киімнің  маңызы  зор.  Киім  ыңғайлы, 
жеңіл  және  баланың  денесіне  қонымды,  баланың  қозғалысына  дем  алуына 
кесел  келтірмейтіндей  болуы  керек.  Тәрбие  жұмысын  жоспарлау  белгілі  бір 
мақсатқа бағытталады. Балалардың жас ерекшелігі, дене құрылымының дамуы 
мен  жүйкелік-психикалық  қызметі  еске  алына  отырып,  денсаулығын  сақтау, 
денені  шынықтыру,  негізгі  қозғалыс  қимылдарын  дамыту  (жүру,  ӛрмелеу, 
жүгіру,  қол  қимылдары),  баланың  қуанышты  кӛңіл  күйін  тудыратын  жағдай 
жасау, қарапайым дағдыларды қалыптастыру, үй бұйымдарын, ойыншықтарды 
ұстауға  үйрету,  сондай-ақ  тілін  дамыту,  сӛйлеуге  үйрету,  кӛру,  есту,  түйсіну 
арқылы  қабылдауын  жетілдіру,  заттар  мен  құбылыстар  туралы  түсініктерін, 
басқа  балалармен  қарым-қатынасын  дамыту,  қарапайым  ойлау  процестерін, 
эстетикалық  тұрғыда  алғашқы  кӛркемдік  ұғымдарын  қалыптастыру,  зейінін 
тәрбиелеу  міндеттері  қойылады.  Сонымен  қатар:  1)  балаларды  күту  және 
олардың  ӛмірін  дұрыс  ұйымдастыру,  күн  тәртібін  сақтау;  2)  шынықтыру;  3) 
мәдени-гигиеналық  дағдысын  тәрбиелеу  және  оны  үнемі  жетілдіріп  отыру 
сияқты нақты міндеттер іске асырылады. 
  
Баланың  алғашқы  екі  жылы  барлық  ағзалар  мен  жүйелердің  қарқынды 
дамуымен  сипатталады.  Бала  белгілі  бір  туа  бітетін  биологиялық 
қасиеттермен,  оның  ішінде  негізгі  жүйке  процестерінің  типологиялық 
ерекшеліктерімен  де  (күш,  ұстамдылық  және  ширақтық)  туады.  Бірақ  бұл 
ерекшеліктер бұдан кейінгі дене және психикалық дамудың негізі ғана болып 
табылады,  ал  ӛмірдің  алғашқы  айларынан  бастап  баланы  қоршаған  орта  мен 
тәрбие  анықтағыш  фактор  болып  саналады.  Сондықтан  баланың  сергек, 
жағымды  эмоциялық  қалыпта,  дене  және  психикалық  дамуының  толыққанды 
болуын қамтамасыз ететіндей жағдай жасаудың және тәрбие ұйымдастырудың 
маңызы ӛте зор. 
Морфологиялық құрылымының және ми қабыршағының функционалдық 
дамуының  аяқталмауы  -  баланың  алғашқы  жылдардағы  ӛміріндегі  орталық 
жүйке  жүйесінің  ерекшелігі  болып  табылады.  Ол  бұдан  кейінгі  жылдарда 
сыртқы  және  ішкі  қоздырғыштардың  әсерімен  жүзеге  асады.  Туа  біткен 


 
92 
шартсыз  рефлекстер  (қорғаныстық,  сақтанғыштық,  тағамдық,  бағдарлық) 
негізінде жоғары жүйке қызметі дамиды. Бала ӛмірінің алғашқы апталарынан 
бастап-ақ  кӛру  және  есту  қоздырғышына,  сондай-ақ,  (H.  И.  Касаткиннің 
зерттеулері  кӛрсеткендей)  алуан  түрлі  сыртқы  қоздырғыштарға  шартты 
рефлекстер  пайда  болуы  мүмкін.  Жас  артқан  сайын  шартты  рефлекстердің 
пайда болуы шапшаңдай түседі.  Егер сыртқы қоздырғыштардың бірін белгілі 
бір  ізділікпен  ұзақ  қолданса,  онда  реакцияларға  жауаптың  біртұтас  жүйесі-
динамикалық  стереотип  құрылады.  Дұрыс  тәрбиелеген  жағдайда  балада 
кӛптеген  әртүрлі  стереотиптерді  қалыптастыруға  болады,  ол  сыртқы 
жағдайлардан  әсер  алуды  айтарлықтай  жеңілдетеді,  жүйке  клеткаларының 
жұмыс  қабілетін  арттырады.  Мысалы,  бүкіл  күн  тәртібіне,  уақытылы 
ұйықтатуға,  ұйқыдан  соң  ертеңгі  гимнастиканы  міндетті  түрде  орындауға, 
содан  соң  жуынуға,  стереотип  жасауға  болады.  Дегенмен,  балаларда  айнала 
қоршаған дүниеден саналы түрде әсер алу қабілетін дамыта отырып, баланың 
жасының,  жағдайлардың  ӛзгеруіне  байланысты  кейбір  стереотиптерді 
(әдеттерді)  ӛзгерту  мақсатында  баланың  жүйке  жүйесін  жаттықтыруды 
сақтықпен  жүргізу  керек.  Мәселен,  екі  жасқа  аяқ  басқан  бала  қозғалысының  
даму ерекшеліктерін ескере отырып, балалар кәдімгі жүрісті игергеннен кейін 
дене  шынықтыру  сабақтарына  күрделендірілген  жүрісті  (жолмен,  тақтайдың 
үстімен  жүру)  ендіру  керек.  Бала  жаңа  қозғалысқа  қызыға,  оны  орындауға 
ұмтыла  отырып,  оған  ұсынылған  тапсырманы  оңай  меңгереді.  Соның 
нәтижесінде  тек  жаттығуларды  орындау  кезінде  ғана  емес,  күнделікті  ӛмірде 
де  қозғалыс  дағдыларын  жетілдіру  жүріп  жатады.  Орталық  жүйке  жүйесінің 
дамуы  және  тармақтануына  (пісіп  жетілуіне)  қарай  статикалық  және  қимыл-
қозғалыстық функциялар пайда болады. Бұл функциялардың пайда болуы мен 
нығаюы  ішкі  де,  сыртқы  да  факторлармен  анықталады.  И.  М.  Сеченов  жаңа 
туған бала қаңқалық бұлшық еттер саласындағы инстинктік қозғалыстардың аз 
мӛлшеріне  ғана  ие  екенін  атап  кӛрсеткен.  Ал  ықтиярлы  қозғалыстар  деп 
аталатындардың  бәрі  баланың  ӛмірі  барысында  сыртқы  әрекеттер  әсерімен 
қалыптасады.  Мұның  ӛзінде  айналадағы  орта  әсерлерін  қабылдайтын  сезіну 
мүшелері  жай-күйінің  елеулі  мәні  болады  (баланың  туар  сәтіне  таман  оның 
сезіну мүшелері қозғалысқа қарағанда, кӛбірек дамыған болады). 
М.Ю.Кистяковскаяның  зерттеулері  арқылы  қимыл-қозғалыстың  және 
басқа  анализаторлар  арасында  байланыс  құрылуының  белгілі  бір  ізділігі 
анықталды.  Ӛмірдің  екінші  айында  кинестетикалық  және  сезім  мүшелері 
анализаторлары  арасында  байланыс  орнайды,  бұл  баланың  әртүрлі 
жағдайларда: етпетінен, шалқасынан жатқанда, тік тұрғанда басын кӛтеру және 
ұстау  қозғалыстарынан  кӛрінеді.  Жас  шамасының  осы  кезінде  қолдың 
кинестетикалық  анализаторы  мен  еріннің,  ауыз  қуысының  сілекей  қабығында 
және  қолдың  терісінде  рецепторлары  бар  дене  түйсігі  анализаторлары 
аралығында байланыс пайда болуы мүмкін. Бұл қолдың ауызға бағытталуынан, 
саусақ  сорудан  сырттай  кӛрініс  береді.  Кейінірек  қолдың  кинестетикалық 
анализаторы мен кӛру анализаторы арасында байланыс орнайды, сол кезде бала 
қолын бетінен жоғарырақ кӛтереді және оған кӛз тоқтатып қарайды. Тӛртінші 
айдың  соңы  мен  бесінші  айдың  бас  кезінде  әлдеқайда  күрделірек  кӛру-


 
93 
кинестетикалық  байланыстары  пайда  болады,  соның  арқасында  бала  кӛзге 
түскен  затқа  қол  созады  және  оны  ұстайды.  Пайда  болып  жатқан 
рецептораралық  байланыстар  күрделі  функционалдық  жүйелер  құрайды, 
мұның  кӛріністерінің  бірі  —  алуан  түрлі  қозғалыс  болып  табылады.  Мұның 
ӛзінде  тиісті  сенсорлық  нәтижемен  аяқталатын  қозғалыстар  бұрын 
тұрақтанады.  Балалардың  күнделікті  тіршілігінде  қажетті  жабдықтар  мен 
құралдардың  болуы,  жүйелі  айналысу  қозғалыс  дағдыларын  жетілдіруге 
кӛмектеседі. 
Мектеп 
жасына 
дейінгі 
балаларда 
қимыл-қозғалыс 
анализаторының тез дамитындығы байқалады (H. И. Красногорский). Бұл жас 
шамасында  шартты  рефлекстер  тез  қалыптасады,  бірақ  бірден  тұрақтанбайды 
да  баланың  дағдылары  алғашында  тұрақсыз  болады.  Қозу  және  тежеу 
процестері ми қабыршағында оңай тарқап кетеді, сондықтан балалардың назар 
сала қарауы тұрақсыздау, жауап реакциялары эмоциялық сипатта болып келеді 
және  шаршайды.  Мұның  үстіне  мектеп  жасына  дейінгі  балалардың  қозу 
процестері  тежеу  процесінен  басымдау  болады.  Сӛйтіп,  белгілі  бір  қимыл-
қозғалыстық дағдылардың құрылуы және олардың шартты рефлекстер ретінде 
тұрақтауы, 
яғни 
қимыл-қозғалыстық 
стереотиптің 
құрылуы 
үшін 
қоздырғыштарды қолданудың белгілі бір шамада қайталанғыштығы, бір ізділігі 
талап етіледі. Белгілі жоспар бойынша ӛткізілетін дене жаттығулары осындай 
қоздырғыштар  болып  табылады.  Арнаулы  сабақтарды  ӛткізген  кезде 
балалардың  еркін  қимыл-қозғалыстық  әрекетіне  жағдай  жасау  орталық  жүйке 
жүйесінің  неғұрлым  дұрыс  және  уақытылы  дамуына,  демек,  баланың 
психикалық және қимылдық жағынан дамуына кӛмектеседі. 
Екі  жасқа  қараған  бала  жүру  сияқты  күрделі  қимыл-қозғалыс  актіні 
меңгереді, ал осы жылдың аяғына таман бала жүгіре бастайды. Екі жаста және 
үш  жаста  тәрбиелеу  және  үйрету  әсерімен  ӛрмелеу,  лақтыру  күрделіленеді 
және сапасы жетіле түседі.  
Сәби  және  мектепке  дейінгі  жаста  дененің  жетілуі  негізгі  
кӛрсеткіштердің  -  бойдың,  салмақтың,  бас,  кеуде  ауқымының  дамылсыз 
ӛзгеріп отыруымен сипатталады. 
Баланың  б  о  й  ы  ӛмірінің  алғашқы  жылында  шамамен  25  сантиметрге 
дейін  ӛседі  -  бұл  мектепке  дейінгі  кезең  ішіндегі  ең  мол  қосу.  5  жасқа 
таянғанда баланың бойы туғандағы бойымен салыстырғанда екі есе ӛседі. 
Баланың  с  а  л  м  а  ғ  ы  ӛмірінің  алғашқы  жылында  үш  есе  артады 
(туғандағы  салмағымен  салыстырғанда),  ал  бір  жастан  кейін  салмақтың  бір 
қалыпты  -  жылына  2-2,5  кг  қосылып  отыратындығы,  6-7  жас  шамасында 
баланың бір жастағы салмағы екі еселенетіндігі байқалады. 
        К  е  у  д  е          а  у  қ  ы  м  ы      да      біркелкі  ӛзгеріп  отырмайды,  ол  әсіресе, 
алғашқы  жылы  тез  ӛзгереді,  бұл  кезде  кеуденің  ауқымы  12-15  сантиметрге 
дейін артады. Мектепке дейінгі кезеңнің бүкіл қалған мерзімі ішінде ол осы бір 
жастағы шамада артады. Кеуде ауқымының кӛлемі баланың толықтығына, оның 
денесінің  дамуына  және  дене  әзірлігіне  (бұлшық  етінің,  тыныс  қызметінің 
дамуына, жүрек-қан тамырлары жүйесінің дамуына) байланысты болады. 


 
94 
Сәби  шақта  б а с   а у қ ы м ы н ы ң   ӛзгеруі  негізінен  алғанда  ми  
салмағының артумен анықталады, бірақ бас сүйегінде рахит салдарынан ӛзгеріс 
болуы мүмкін екенін естен шығаруға болмайды. 
Дене  жаттықтырудың  игі  әсері  балалар  денесінің  даму  деңгейінен    ғана 
емес  (денесінің  даму  деңгейі  тӛмен  балалар  санының  азаюы,  орташа  және 
жоғары денгейде дамудың артуы), дене құрылысының жақсаруынан да (денесі 
жарасымды дамыған балалар санының артуы) кӛрінеді. 
Балалар с ү й е к   ж ү й е с і  үлкендердікіне қарағанда шеміршек  тканьге 
бай.  Сондықтан  да  баланың  сүйектері  жұмсақ,  солқылдақ,  жеткілікті  түрде 
қатпаған,  оңай  майысады  және  қолайсыз  сыртқы  факторлардың  (балалардың 
тіршілік  қызметі  мен  жас  шамасы  мүмкіндіктеріне  сай  келмейтін  дене 
жаттығулары,  баланың  бойына  сай  емес  киім,  аяқ  киім,  жиһаз  және  т.  б.) 
әсерінен дұрыс емес формаға енеді. Екі-үш жастан бастап солқылдақ құрамды 
қалыптасқан  сүйек  ткані  құрыла  бастайды.  Қаңқаның  сүйекке  айналу  процесі 
бүкіл балалық шақ бойына бірте-бірте жүреді. Омыртқаның, мойын, арқа және 
бел  бӛліктерінде  физиологиялық  иілістердің  қалыптасуы  алғашқы  жылдан 
басталады  да  мектепке  дейінгі  кезеңнің  бүкіл  бойына  созылады  (бала  басын 
ұстай  бастағанда,  шалқасынан  жататын,  отыратын,  жүретін  кездерінде). 
Балалардың 
омыртқасы 
қозғалғыштығымен 
ерекшеленеді, 
оның 
физиологиялық иілістері тұрақты болмайды және бала жатқан кезде тегістеліп 
кетеді.  Қаңқаның  жұмсақ  массасы  оның  формасын  ӛзгертетін  әсерлерге  оңай 
бейімделгіш  келеді:  отырған,  тұрған,  жатқан  кезде  дененің  дұрыс  жағдайда 
болмауы,  жұмсақ  және  дұрыс  тӛселмеген  тӛсеніш,  баланың  бойы  мен  дене 
пропорциясына үйлеспейтін жиһаз. Мұндай кезде дене қалпын дұрыс ұстамау 
әдетке  айналады,  тұлға  түрі  бұзылады,  мұның  ӛзі  қан  айналу,  тыныс  алу 
қызметіне теріс әсерін тигізеді, сүйек дұрыс қалыпта ӛспейді. 
Т а б а н   к ү м б е з і н і ң   қалыптасуы  бір  жастағы  кезден  басталады, 
әсіресе,  жүре  бастағанда  қарқынды  ӛтеді  де,  мектепке  дейінгі  шақта  одан  әрі 
жалғаса береді. Сондықтан мектепке дейінгі шақта сай келетін аяқ киім таңдап 
алуға  (ӛкшелі),  табан  күмбезінің  нығаюы  және  дұрыс  қалыптасуы  үшін 
жаттығулар  пайдалануға  ерекше  назар  аудару  қажет.  Қаңқаның  жедел  жетілуі 
бұлшық  еттердің,  сіңірлердің  және  буын-сіңірлері  аппаратының  жетілуімен 
тығыз  байланысты.  Кішкентай  балалардың  буындарының  үлкендермен 
салыстырғанда,  айтарлықтай  қозғалғыш  болатындығы  олардың  бұлшық 
еттерінің,  сіңірлерінің,  бунақтарының  әлдеқайда  солқылдақ  екеніне 
байланысты. Шамадан тыс қозғалғыштық - буындардың былқ-сылқ етіп тұруы - 
рахит белгілерінің бірі болып табылады. Кішкентай баланың бұлшық ет жүйесі 
ересек адаммен салыстырғанда, әлі жеткілікті дамымаған болады және бұлшық 
еттік  масса  бүкіл  дене  салмағының  25%-ын  құрайды,  ал  ересектерде  ол  орта 
есеппен  40-43%-ға  тең.  Бала  қозғалыстарының  дамуына  қарай  бұлшық  ет 
тканінің массасы және жиырылғыштық қабілеті артады. Бұлшық еттер күшінің 
артуы  дене  жаттығулары  кезінде  ширығуды,  бірте-бірте  ӛсіре  түсумен 
анықталады. Мектеп жасына дейінгі балалардың жазылдырғыш бұлшық еттері 
жеткіліксіз және едәуір нашар дамыған, сондықтан баланың тұру қалпы кӛбіне, 


 
95 
дұрыс  болмайды  -  бастың  салбыраңқылығы,  жауырынның  қушықтығы, 
арқаның бүкіреюі, кеуденің солыңқылығы.  
Ӛмірінің алғашқы жылында баланың ж ү р е к-қ а н    там ы р   ж ү й е с і  
айтарлықтай  морфологиялық  және  функционалдық  ӛзгерістерге  ұшырайды. 
Балалардың  жүрегінің  салмағы  3-4  жас  кезіндегі  70,8  грамнан  6-7  жаста  92,3 
грамға дейін артады, соның арқасында жүректің жұмыс қабілеті артады. 
Артериялық қысым жас ӛскен сайын артады: ӛмірдің алғашқы жылында ол 80-
85/55-60  мм  сынап  бағанасы  деңгейінде  болады,  3-7  жаста  ең  кӛбі  80-нен  110 
мм  с.  б.  дейін,  ең  азы  -50-70  мм  с.  б.  болып  ӛзгеріп  отырады.  Осымен  бірге 
жүректің  жұмыс  қабілеті  артады,  денеге  түсетін  жүкке  үйрену  қабілеті 
жоғарылайды:  бұлшық  етке  түскен  стандарттық  күшке  жауап  ретінде  жүрек-
қан  тамырлары  жүйесінің  кӛрсеткіштері  кӛлемі  тӛмендейді  (жүректің  соғуы, 
артериялық  қысым,  қан  айналымының  соғуы  мен  минуттық  кӛлемі),  қайта 
қалыпқа  келу  кезеңі  қысқарады.    Тыныс  алу  жиілігі  ӛскен  сайын  кеми  түседі: 
бір жастың соңына таман ол минутына 30-35-ке, үш жастың соңына қарай-25-
30-ға, ал 4-7 жаста 26-22-ге тең болады. Ӛсумен бірге тыныс алу тереңдігі және 
ӛкпе  желдеткіштік  2-2,5  есе,  оттегін  жұту-2  есе  дерліктей  артады.  Осы 
мәліметтер  балалардың  функционалдық  мүмкіндігінің  мол  екендігін 
дәлелдейді.  Жаттығу  процесінде  тыныс  алу  жүйесінің  жауап  реакциялары 
жетіледі.  Бұлшық  етке  жүк  түскен  кезде  ӛкпе  желдеткішінің  артуы  тыныс 
алудың  жиілеуінен  емес,  оның  тереңдеу  есебінен  болып  жатады.  Ӛкпе 
желдеткіші  аз  болып  тұрған  кезде  де  оттегі  жұту  осы  кӛлемде  қамтамасыз 
етіледі. Мұнымен бірге негізгі қуат бергіш жүйелердің - жүрек-қан тамырлары 
және тыныс алу жүйелерінің әлдеқайда үнемді әрекет етуі байқалады, бұл жас 
ерекшеліктерімен ғана емес, сондай-ақ дене жаттықтырумен айналысқан кезде 
функционалдық  мүмкіндіктердің  артуымен  де  анықталады.  Балалар  денесінің 
жұмысқа  қабілеттілігі  дене  тәрбиесі  ерекшеліктеріне  де  тәуелді.  Ӛз  қарқыны 
жӛнінен  әртүрлі  қимыл-қозғалыстық  режимдер  балалар  денесі  жұмыс 
қабілеттілігінің  әртүрлі  деңгейі  мен  ӛсуін  қамтамасыз  етеді.  Дене 
жаттығуларын  қолдану  болса,  ол  ағзадан  барлық  негізгі  жүйелер  әрекеттерін 
едәуір  үдетуді  және  үйлестіруді  талап  етеді,  сондықтан  әрбір  жас  кезеңінде 
даму  ерекшеліктерін  осыған  сәйкес  ұйымдастырып,  денеге  түсірілетін  жүкті 
қатаң  түрде  мӛлшерлеп  отыру  қажет  (мысалы,  дене  жаттығуларының  ұзаққа 
созылуы,  жаттығуларды  қайталау  саны,  олардың  қиындығы,  т.б.).  Балалардың 
әрбір 
жас 
кезеңіндегі 
морфологиялық-функционалдық 
дамуының 
ерекшеліктерін  білу  бала  ағзасын  жетілдіру  үшін  дене  тәрбиесі  құралдарын 
әлдеқайда  тиімді  пайдалануға,  оның  ақыл-ой  және  дене  жұмыс  қабілетін 
арттыруға мүмкіндік береді.                                                                                           


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   294




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет