Дєріс тезистері


Перинаталдық  онтогенез  туралы  ғылым.    Перинаталдық  кезеңдегі



Pdf көрінісі
бет91/294
Дата07.01.2022
өлшемі2,95 Mb.
#20622
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   294
Перинаталдық  онтогенез  туралы  ғылым.    Перинаталдық  кезеңдегі 
дамудың маңызы. Нәресте денсаулығының негізі оның дүниеге келген сәтінен 
бұрын қалыптасады және кӛптеген себептермен анықталады. Олардың ішіндегі 
ең  әсерлілері  ата-аналарының  денсаулығы,  ортасы,  жүктілік  ыңғайының 
ерекшеліктері  болып  табылады.  Шарананың  іштегі  даму  кезеңі  ерекше 
маңызды.  Қозғалу-жыбырлау  санымен  белгіленетін  қаңқа-ет  жүйесінің  даму 
дәрежесі ағзаның ӛзге барлық жүйелерінің даму деңгейімен тығыз байланысты 


 
96 
екендігін атап ӛткен жӛн. Осыған байланысты болашақ ананың ӛмір стилі, оның 
қозғалыс белсенділігінің деңгейі ұрықтың дамуына едәуір әсер етеді. 
  
Адамның  қабілеті  негізінен  жатырдағы  7  айлық  кезеңде  қалыптасады. 
Осы  дәлелдерге  сүйене  отырып,  дүниеге  келер  сәтте  біздің  тегіне 
тартушылыққа,  мінез-құлық  пен  ортаның  әсерімен  қалыптасқан  шындыққа 
(болмысқа) ие боламыз деп қорытынды жасауымызға болады. Ана жатырының 
ӛзінде бала ӛзінің еттерін жаттықтыра бастайды, әйтпесе, жарық дүниеге әлсіз, 
физиологиялық тұрғыдан жетілмеген тіршілік иесі келеді. 
  
Дүниеге  келген  нәрестеге  жәрдемақы  сапасын  кӛтеру  -  халық 
денсаулығын  қалыпқа  келтірудің  нақты  жолы  екендігі  даусыз.  Алайда, 
мезгілсіз  ӛлімді  тӛмендетудің  жолы  тек  осы  ғана  емес.  Болашақ  ананың 
денсаулығын  нығайту  жүкті  әйелдер  қаралатын  әйелдерге  кеңес  беру 
орталығының  ғана  айналысатын  шаруасы  болмауы  тиіс.  Әйел  денсаулығын 
қалыптастыру анағұрлым ерте басталуы тиіс. Болашақ аналар денсаулығының 
тӛменгі  деңгейі  -  кӛптеген  акушер-гинекологтерді  сары  уайымға  әкелетіні 
шындық.  Жүктілік  пен  босану  -  бұл  физиологиялық  процесс  болғанымен,    ол 
әйел  ағзасының  барлық  функционалдық  мүмкіндігін  жұмылдыруды  талап 
етеді.  Егер  олар  шектеле  қалса,  ауытқу  әрекеттері  туындайды,  нәтижесінде 
ұрықтың қалыпты дамуы бұзылады да, дүниеге келетін нәрестенің ӛз мәнінде 
ӛсуі тӛмендейді. Осы құбылыстар гормондардың күрделі шоғырларының және 
ана ағзасында жаңа тіршілікті қалыптастыратын ӛзге де биологиялық белсенді 
заттардың  ӛзгерістерінде  туындауы  мүмкін.  Қазіргі  кезеңнің  ерекшеліктерінің 
жаңа  ӛмірдің  қалыптасуына  қалай  әсер  ететіндігі  туралы  түсінік  әзірше 
жалпылама ғана (Г.П.Aфанасенко). 
Әйелдерге  кеңес  беретін  және  мектепке  дейінгі  мекемелердің 
ынтымақтастық  тәжірибесі  денсаулықты  қалыпқа  келтіру  барысына  әсер  ету 
мүмкіндігінің бар екендігін дәлелдейді. Олай болса, бала дамуының құрсақтағы 
кезеңі болып саналатын перинаталдық кезеңге тоқталайық. Ол үшін онтогенез 
ұғымының мәнін ашу маңызды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   294




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет