159
• кӛрнекіліктің оқушылардың жасына сәйкестігі;
• кӛрнекілікті сабақтың керек
сәтінде қолдану;
• демонстрацияланған затты барлық оқушылардың кӛруі;
•
иллюстрацияның ең бастысын, мәндісін нақты бӛлу;
• құбылыстарды демонстрациялау кезінде берілетін түсініктерді мұқият
ойластыру;
• демонстрацияланатын кӛрнекіліктің оқу материалы мазмұнымен сәйкес
келуі;
• кӛрнекі құрал мен демонстрациялық қондырғылардан керекті мәліметтерді
табуға оқушыларды қатыстыру.
Оқушылардың таным-белсенділігі деңгейіне қарай топтастырылған әдістер
(И.Я.Лернер, М.Н.Скаткин).
Түсіндірмелі-иллюстративтік әдіс. Бұл әдіс
арқылы оқушылар ақпараттарды меңгереді. Оны басқаша ақпараттық-
рецепция (қабылдау) әдісі деп атайды. Осы әдіс арқылы мұғалім дайын
ақпараттарды оқушыларға түрлі құралдармен түсіндіреді, ал оқушылар
ақпараттарды түсініп, естерінде сақтайды. Ақпараттар әңгіме, дәріс, түсіндіру,
кітап, қосымша құралдар, кӛрнекі құралдар арқылы беріледі. Мұғалім –
есептер шығарады, теоремаларды дәлелдейді, жоспар құруға үйретеді.
Оқушылар - мұғалімнің іс-әрекетін қайталайды, тыңдайды, кӛрнекіліктеріне
қарайды, заттармен жұмыс істейді, оқиды, бақылайды, жаңа оқу
материалдарын бұрынғы білімдеріне қосады. Түсіндірмелі-иллюстративтік
әдіс арқылы адамзат жинақтаған тәжірибені аз уақыт ішінде беруге болады.
Оның пайдасы ғасырлар бойы тексерілген және кӛп елдерде қолданылады.
Кӛп ғасырлар бойы білім беру үшін мұғалімнің сӛзі, оқу кітаптары, жұтаңдау
кӛрнекі құралдар қолданылады. Қазір ақпараттар техникалық құралдар
арқылы да берілуде. Олар арқылы ғалымдармен, жазушылармен,
суретшілермен, әртістермен, конструкторлармен, т.б. кездесу ӛткізуге болады.
Оқу кинолары, телехабарлары зат және құбылысты жақсы қабылдап, түсінуге
кӛмектеседі. Олар арқылы ӛсімдіктің қалай ӛсетінін, ғарыштағы
микроағзалардағы құбылыстарды кӛреді. Жұмыс істеп тұрған үлгілерді,
табиғи объектілерді демонстрациялауды кең қолдану керек.
Түсіндермелі-иллюстративтік әдіс бастауыш мектептерде кең тараған.
Ол арқылы білім "дайын" күйінде беріледі. Мұғалім материалды қабылдауға
кӛмектеседі, оны оқушылар түсініп, естерінде қалдырады. Бұл әдісті шектен
тыс қолдануға болмайды.
Достарыңызбен бөлісу: