352
тұрғын үйде, сондай-ақ құрылған-жапсарлас үй-жайларда орналасатын
мектепке
дейінгі ұйымдар;
4) топтық бӛлік – бір топтың балаларына арналған үй-жай жиынтығы;
5) топтың жинақталуы – топтағы балалардың нормаланатын саны;
6) күн тәртібі – балаларға арналған белгіленген күн тәртібі;
7) таңертеңгі сүзгі - инфекциялық аурулардың әкелінуінің алдын алуға
бағытталған профилактикалық
медициналық іс-шаралар;
8) дене тәрбиесі - адамның денсаулығын нығайтуға және дене қабілетін
дамытуға
бағытталған қызмет саласы;
9) тиімді тамақтандыру – тамақтанудың физиологиялық және жас
нормаларын ескере отырып, баланстанған тамақтандыру;
10) бракераж – органолептикалық кӛрсеткіштер бойынша тамақ
ӛнімдерінің және
дайын тағамның сапасын бағалау;
11) изолятор - науқасты оқшаулауға арналған үй-жай;
12) инсоляция - үй-жайды гигиеналық бағалау үшін күн радиациясын
нормалайтын кӛрсеткіш;
13) табиғи жарықтандыру коэффициенті (бұдан әрі - ТЖК) – үй-жайды
табиғи жарықтандыруды нормалайтын кӛрсеткіш;
14) климаттық аймақ – климаттық белгілері (температура, ылғалдылық)
бойынша бӛлінетін аумақ;
15) септик – ағынды сұйықтық ағып ӛтетін бір немесе бірнеше
камерадан тұратын кӛлденең типтегі жер астындағы тұндырғыш ретінде шағын
кӛлемдегі тұрмыстық ағынды суды тазалауға
арналған құрылыс;
16) дезинфекциялау құралдары – қоршаған орта объектілерінде
инфекциялық аурулар қоздырғыштарын жою үшін қолданылатын химиялық
заттар.
Достарыңызбен бөлісу: