358
қарсы желдетуді де қамтамасыз ететін) терезелерді екі жақта паралелл немесе
бұрышта орналастыру қажет. Терезелердің ағашы ұсақ тордан болмауы тиіс.
Терезе алдына табиғи жарықтың деңгейін азайтатын үлкен жапырақты
гүлдерді орналастырмау керек. Гүлдердің биіктігі терезе алдынан 15
сантиметрден (бұдан әрі – см) аспауы тиіс. Гүлдерді еденнен 65-70 см биіктікте
аспалы (қабырғада) немесе едендегі гүл ӛсіретін ыдыста және табиғат
бұрыштарында орналастыру ұсынылады.
Табиғи жарық жеткіліксіз жағдайларда сабақ жүргізу кезінде қосымша
жасанды жарық қажет.
40.Топтарға арналған үй-жайларда жарық тек бір жағынан түскен
жағдайда бӛлменің кеңдігі 6 метрден аспай кӛзделеді. Үй-жайдың іші кең
болған кезде терезелер екі жақтан паралелл немесе бұрыштан орналастыру
кӛзделеді.
41.Жасанды жарық кӛздері осы санитариялық ережелерге, 4-қосымшаға
сәйкес барлық үй-жайларға жеткілікті және тегіс жарық түсуін қамтамасыз
етеді.
42.Үй-жайларда бір типтегі шамдар қолданылады: қызу немесе
люминесцентті шамдар. Шамшырақтардың қорғаныш плафондары болуы тиіс.
43.Шамшырақтардың жарық арматураларын тазалау жылына кемінде
екі рет жүргізілуі және істен шыққан шамдарды уақтылы ауыстыруы қажет.
Жарамсыз, істен шыққан люминесцентті шамдар жиналады және ғимараттан
құрамында сынап бар шамдарды кәдеге жаратумен айналысатын ұйымдарға
шығарылады.
Шамдарды сақтау ББМДҰ-ның жертӛлесінде немесе цокольдық
қабатында орналасқан кілтпен жабылатын ББМДҰ-ның жеке үй-жайында
сынбайтын ыдыста жүзеге асырылады.
Ӛңделген люминесцентті шамдарды қоқыс салғыш контейнерлерге
тастауға жол берілмейді. Ӛңделген люминесцентті шамдарды сақтау жауапты
адамға жүктеледі.
44.Балалар тұрақты болатын үй-жайда штепсельді розеткалар және
еденнен 1,8 м биіктікте ажыратқыштар орнатылады. Жасанды жарықты жыл
мезгіліне, табиғи жарық деңгейінің жағдайына сәйкес енгізу қажет.
Достарыңызбен бөлісу: