Дєрістіњ жоспары


Гомеопатиялық препараттарға рецепт жазу жалпы ережелері



бет7/24
Дата22.12.2022
өлшемі455 Kb.
#58976
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   24
3.4. Гомеопатиялық препараттарға рецепт жазу жалпы ережелері
Рецепт рецептуралық түбіршекте латын тілінде атау септігінде сұйылтуды және қолдану ерекшелігін көрсетіліп жазылады. Түбіршек емдеу мекемесінің және дәрігердің жеке мөрімен безендіріледі. Бір гомеопатиялық препаратта әртүрлі гомеопатиялық заттар бір дәрілік түрде жазылуы мүмкін.

Егер дәрілік зат бір рецепт түбіршекте жазылса және нөмірленбеген болса, оларды қоспа ретінде бір дәрілік түрде және бір орауышта босатады (1. Мысалы)


Егер жазылым ингредиенты нөмірленген болса, оларды белгілі дәрілік түрде бөлек препарат ретінде, бірақ әртүрлі орауыштарда босатады. Рецепттің реттік нөмірі препараттың кезекті қабылдауын білдіреді. (2. Мысалы)



1. Мысалы:
Ung. Rhus 50, 0
Ung. Ledum 50,0
Ung. Calendula 50,0
Ung. Hypericum 50,0
Ung. Arnica 50,0
Ung. Brionia 50,0
Misce. Da. Signa. Теріні сүртуге
Cuprum C6
Ephedra D3
Dulcamara D3
Aconitum C3
Tartarus emeticus C3
Dil. 50,0
Da. Signa. Күніне 8 тамшы шай қасықпен 4 рет



2. Мысалы:

  1. Ung. Argentum nitricum 50, 0

  2. Ung. Aesculus 50,0

  3. Ung. Peonia 50,0

  4. Ung. Fleminga 50,0

Da. Signa. Бөртпеге күніне кезектестіріп
жағу



  1. Acidum benzoicum C6

  2. Opium C6

  3. Ambra grisea C6 ana 20,0

Gran.
Da. Signa. 3 түйіршіктен
№ 1 – кешке
№ 2 – түнге
№ 3 таңертең



Гомеопатиялық препараттар терапевтикалық қолдану кезінде толықтырғыш заттар ретінде қолдануы мүмкін. Кей жағдайда дәрілік заттың кезекті қолданылуы қатаң анықталынған. Мысалы: күкірт барий карбонатынан кейін, өз кезегінде калий бихромын және азотты қышқылдан соң жазылмауы керек.
Барлық дәрілік заттар мен дәрілік түрлер рецепте жазылады, сондайақ дайындалады және массасы бойынша бақылайды.
Рецепте тамшылар сулы – этанол ерітінділер түрде ұсынылса бір атау массасы 50,0 жоғары болған жағдайда, «курстық емдеу» немесе «ұзақ қолдану үшін» деген қосымша жазылымдар жасалынады. Жазылым дәрігердің қолы және мөрімен бекітіледі. Рецепте ереже бойынша негізгі заттар сұйылтудың өсу реті бойынша орналасады.
Аллопатиялық препараттар рецептеріндегідей бірнеше дәрілік заттарды қосу кезінде өзара әсерлесуі және фармакологиялық сыйымсыздық пайда болуы мүмкін. Сыйымсыз дәрілік заттар Apis, Rhus toxicodendron: қышқыл және жылан уы белгілі. Бір уақытта бір ботаникалық топтарға жататын өсімдіктерден заттар белгілеу ұсынылмайды. Carbo vegetabilis Carbo animalisбір –бірімен сыйымсыз.
Бір –бірімен сыйымсыз заттар:

  • Calcium carbonicum и Barium carbonicum;

  • Calcium carbonicum и Acidum nitricum;

  • Dulcamara, Belladonna, Lachesis;

  • Nux vomica, Ignatia и Zincum;

  • Phosphorus и Causticum;

  • Hamomilla и Zincum;

  • Podofillum и Mercurius;

  • Silicea и Mercurius;

  • Licopodium, Calcium carbonicum и Coffea.

Гомеопатияда басқа заттар арқылы пайда болған нашарлауды төмендететін қабілеті бар дәрілік заттар бар. Оларды антидоттар деп атау қабылданған. Мысалы, аконит антидоты лимон сөлі болып табылады (қант бөлшегіне 3 тамшы): белладонна антидоты кофе дәнінен қайнатпа (1 шай қасық қантсыз және сүтсіз). Барлық гомеопатиялық дәрілердің универсалдық антидоты – камфора (қант бөлшегіне 1 тамшы қаныққан ерітіндісі).
Гомеопатиялық препараттарды қолдану кезінде белгілі диета ұсталыну қажет. Тамақты асықпай, мұқият шайнап, қарын қатты ашқан кезде тамақтану керек. Тамақтанған кезде емес, тамақтану алдында 15-20 минут бұрын сұйықтықты ішу керек. Тамақтанғаннан кейін 1,5-2 сағат бойы су ішпеу керек. Тамақпен бірге бір уақытта ақуыз крахмалды көмірсулармен, сондай-ақ крахмалды көмірсу қышқылды өнімдерімен рұқсат етілмейді. АІТ ас қорту функциясының күшеюіне әкеп соғады.
Денсаулық жағдайына байланысты дәрігерлер төмендегі тамақтану құрамына рұқсат етпейді:

  • майлы тамақ;

  • ащы дәмдегішпен дайындалған тамақтар;

  • қақталынған және тұздалған балық;

  • майлы кондитерлік өнімдер, жаңғақтар;

  • кофе, көк шәй, сыра, спиртті сусындар, минералды су, лимонад;

  • саңырауқұлақтар;

  • жалбыз, құрамында ментол бар өнімдер.

Ботқаны суда пісіру керек, сүтті басқа тағамдармен араластырмау керек және оны сусын емес тамақ ретінде қолдану керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет