Гомеопатиялық бастапқы тұндырма - жас немесе кептірілген өсімдік немесе жануар шикізатынан (жануарлардың жеке мүшелерінен, жас өсімдік сөлінің этанолмен қоспасы (эссенция)) алынған, сулы- этанолды немесе этанолды сығындылар.
Тұндырмалар әртүрлі гомеопатиялық препарттар дайындау үшін пайдаланады, кейбір жағдайда оларды таза түрде ішке және сыртқа қолданады. Экстрагент ретінде ережедегідей этанолдың әртүрлі процентті (масса бойынша) концентрациясын пайдаланады. Экстрагент концентрациясы және оның көлемі жеке фармакопеялық мақала нұсқауына сәйкес келуі керек.
Эссенциядан бастапқы (матричный) тұндырма дайындау кезінде оларды сәйкес келетін қатынаста белгілі концентрацияға этанолмен сұйылтады және стандарттайды, бұл үшін оларды міндетті түрде сертификаттайды. Әр бір тұндырмаға қажетті НҚ – сәйкес келетіні туралы талдау хаттамасы құрастырылады.
Эссенциядан бастапқы тұндырма дайындау
Гомеопатиялық технологияның міндеті жас өсімдіктен алынатын сөл сығындысы максимальды болуы. Эссенция белгілі өсімдік сөлі құрамын есептей отырып дайындалады. В. Швабе жетекшілігі немесе ФМ 3 әдісі бойынша сөлді 86% этанолмен (масса бойынша) (90% ) араластырады. Кейбір жағдайда эссенция алу үшін этанолдың әртүрлі концентрациясы пайдалануы мүмкін. Эссенция 1:2 қатынаста, 1:3 қатынаста алынады.
Эссенция дайындау технологиясы. Бірнеше әдістермен алынады.
1 әдіс бойынша - өсімдік құрамында сөл 70 % -тен жоғары болса және өсімдік шикізатында эфир майлар, шайырлар, шырыштар болмаса;
2 әдіс өсімдік шикізат құрамында сөл 70 %-тен аз болса, кептіру кезінде ылғал шығыны 60 % -тен көп болса және өсімдік шикізатында эфир майлар, шайырлар, шырыштар болмаса;
кептіру кезінде ылғал шығыны 60 % -тен көп болса және шикізат құрамында эфир майлар, шайырлар, шырыштар болған жағдайда.
Стандарттау. Егер эссенциядағы экстрактивті заттардың құрамы (құрғақ қалдық) стандартты массадан, кг, спирт 43 мас % (50% көл) көп (сәйкес келетін жеке мақалада нормаланған) болса, онда стандартты концентрацияға дейінгі сұйылтуға арналған формула:
Е = Р (Вх – В0)/ В0 ,
мұнда Р – фильтрат массасы, кг;
Вх – эссенциядағы экстрактивті зат құрамы, %
В0 – жеке мақалада нормаланған экстрактивті зат құрамы, %
Эссенция дәрілік түр және сұйылту дайындау үшін қолданылмайды. Олардан тек гомеопатиялық бастапқы тұндырма дайындалады.