Дїниетану јдісі маќсаты міндетізерттеу јдістері басќа єылымдармен байланысы



Дата03.12.2023
өлшемі48,5 Kb.
#134153

Ө.Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті



Тақырыбы: Математикалық логика элементтері

Орындаған: 1301-53 Асакай А.


Текесерген:Онтуганова Ш.
Шымкент 2023 ж


Жоспар:
1. Пікірлер жəне оларға қолданылатын логикалық амалдар. Пікірлер алгебрасы
2. Пікірлер алгебрасының формулалары. Тавтологиялар
3. Логикалық салдар жəне логикалық эквиваленттік
4. Логикалық заңдар
Математикалық логикада пікір ұғымы анықтама берілмейтін негізгі (бастапқы) ұғым болып есептеледі. Мұндай ұғымдар мысалдармен ғана түсіндіріледі. Пікір деп не шын, не жалған болатын хабарлы сөйлемді түсінеді. Қысқаша белгілеуге A,B,C,... əріптерін қолданады. Сонда, пікірді сипаттайтын негізгі қасиеті оның шын не жалған болуы. Оны пікірдің шындық мəні деп атайды. Əрбір пікір үшін мүмкін болатын осы 2 жағдай ғана болады. Пікірдің шындық мəнін | A ||, B ||, C |,... деп жазады жəне шын пікірді Т, жалған пікірді F деп қысқаша жазады.
Мысалы, А– «9 саны 3-ке еселі» пікірі шын, оны | A |= T деп, В – «16<8» пікірі жалған, оны | B |= F деп жазады. «12 – жұп сан» сөйлемі шын пікір, «25 – жай сан» сөйлемі жалған пікір, «а –тақ сан» сөйлемі пікір емес, өйткені оның шын не жалған екенін айта алмаймыз, «Сағат неше?» сөйлемі пікір емес, себебі ол сұраулы сөйлем, «Қандай тамаша!» сөйлемі пікір емес, өйткені ол лепті сөйлем. Пікірлерге «емес», «жəне», «немесе», «егер ..., онда ...», «сонда, тек қана сонда, егер...» жалғауларын қолданып күрделі пікірлер алады. Осы жалғауларды абстракциялап логикалық амалдар алады.
Анықтама. Пікірлерге қолданғанда нəтижесінде пікір беретін амалды логикалық амал дейді. Логикалық амалдар бесеу.
Анықтама. Берілген A пікірінің терістемесі деп A шын болғанда жалған, ал A жалған болғанда шын болатын, ¬A деп белгіленетін, «A емес» деп оқылатын пікірді айтады. Бұл анықтаманы мына таблица түрінде көрсетуге болады, оны пікірдің терістемесінің шындық таблицасы дейді:

|A|

|¬ A|

T
F

F
T

Мысал. C – «12 3-ке бөлінеді» пікірі шын. Оны | C |= T деп жазады. Ал терістемесі – ¬С − «12 3-ке бөлінбейді» пікірі жалған болады, оны | ¬C |= F деп жазады. Əдетте, пікірді терістегенде оның баяндауышын терістейді.


Анықтама.Берілген пікірге оның терістемесін сəйкестікке қоятын амалды терістеу амалы деп атайды. Пікірлерге қолданылатын терістеу амалы унар (1 орынды) амал.
Анықтама. Берілген А мен В пікірлерінің конъюнкциясы деп, олардың екеуі де шын болғанда ғана шын болатын, A & B деп белгіленетін, «А жəне В» деп оқылатын пікірді айтады. Кейде «А конъюнкция В» деп те оқиды. Анықтаманы таблица түрінде былай көрсетуге болады:

| A |

| B |

| A & B |

F
F
T
T

T
F
T
F

T
F
F
F

Мысал. А – «6 тақ сан» – | A |= F, В – «8M2» – | B |= T , конъюнкциясы – «6 тақ сан жəне 8M2» жалған пікір болады, | A& B |= F .
Анықтама. Берілген екі пікірге олардың конъюнкциясын сəйкестікке қоятын амалды конъюнкциялау амалы деп атайды. Конъюнкциялау амалы пікірлер жиынында бинар (2орынды) амал болады.
Анықтама. Берілген А мен В пікірлерінің дизъюнкциясы деп, олардың ең болмағанда біреуі шын болғанда шын болатын, A∨ B деп белгіленетін, «А немесе В» деп оқылатын пікірді айтады. Кейде «А дизъюнкция В» деп те оқиды. Шындық таблицасы мына түрде болады:

| A |

| B |

| A ∨ B

T
T
F
F

T
F
T
F

T
T
T
F




Қолданылған әдебиеттер
1.https://inside.wku.edu.kz

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет