Жоспар: кіріспе І. А. Байтұрсынов мұраларының Ғылыми педагогикалық негіздері



бет1/4
Дата26.04.2023
өлшемі106,5 Kb.
#87017
  1   2   3   4
Байланысты:
А.БАЙТҰРСЫНОВ МҰРАЛАРЫНЫҢ ҒЫЛЫМИ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ


ЖОСПАР:
КІРІСПЕ


І. А.БАЙТҰРСЫНОВ МҰРАЛАРЫНЫҢ ҒЫЛЫМИ
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 А. Байтұрсынов – қазақ халқының рухани көсемі

    1. А. Байтұрсыновтың педагогикалық ой-пікірлерінің қалыптасуына ықпал еткен қоғамдық және саяси -әлеуметтік жағдайлар.



ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР


Кіріспе
Жөн көрсеттім қазақ деген намысқа,
Жол сілтедім жақын емес алысқа.
Өзге жұрттар өрге қадам басқанда
Дедім: «Сен де қатарыңнан қалыспа»
А.Байтұрсынов
Данышпан дара тұлғалар, керемет ойшылдар әрқашан тұңғиық терең, шексіз жұмбақ болатыны белгілі. Олардың ой-пікірлері мен атқарған істері тарихпен, заманмен астаса қабысып, тіпті бүгінгі күннің, болашақтың өзекті мәселесі болып қала бермек. Осындай тұлғалар қатарына Ахмет Байтұрсынов та жатады.
Бала өмірінің ұмтылу, талпыну, есеюге құмарлық қасиеттерін суреттей келіп, өз өлеңдерінде жазған еді. Әлеуметтік оқиғалардың шиеленісті дәуірінде өмір сүрген ол өз заманының сыры мен қайшылықты шындығын тануға тырысып бақты. Сол жолда не қилы өмір өткелдерінен өтті.
Жігіттікке асығу қасиеті оның өміріне бала кезден тән болуы да осыны аңғартты.
Қазіргі нарықтық экономикаға сүйенген, ғылыми-техникалық жаңалықтарға еркін аяқ басқан егеменді еліміз ХХ ғасыр табалдырығын аттай отырып, білім беру ісі мен қоғамды ізгілендіру мәселесін, демократия мен ұлттық руханиятты, мәдениет пен тілді түлетуге, ұлттық рухани мұраларды жандандыруға баса көңіл бөліп, білім беру мекемелері өздерінің алдына басты міндет етіп қойып отыр.
Қазақстан Республикасының мәдени-этикалық білім беру тұжырымдамасында «мемлекетіміздің тәуелсіздігін нығайту ұлттық мәдени дәстүр жалғастығына, тарихи мұраларды жандандырып тәрбие құралына айналдыруға, халықтар мүддесі мен бірлігінің тоғысуына негізделуі қажет. Мәдени-этикалық мұраны жандандыру мен жалғастыру, ұлттық патриоттық сезімді ояту мен аялау ең алдымен мектептен басталуы тиіс»,/1/ - деп өте орынды айтылған.
А.Байтұрсынов ұлттық мүддені жеке бастың мүддесінен жоғары қоя білді. «Елдің өзін ел сезінуін, өзгелермен тең сезінуін, өзінің ұлтын ер сезінуін, қайраттанып, намыстанып жігерленіп өмір сүруін» армандады. Сол жолда революционер – демократтарша өмірінің ақырына дейін күресе білді. Асыл арман жолында ел тағдыры үшін өз өмірлерін қиюдан да тайынбады.
Сондай ғалымдардың бірі – А.Байтұрсынов еді. «А.Байтұрсынов – ұлттық тарихымызда ешкіммен салыстыруға болмайтын ерекше тұлға», - деп Ә.Кекілбаев атап көрсеткендей, ғалымның артына қалдырған мұрасын расында да ешкіммен салыстыруға болмайды. «Жаңа жазу. Жаңа әліппе. Тұңғыш емле. Тұңғыш фонетика. Тұңғыш грамматика. Тұңғыш синтаксис. Тұңғыш терминология мен әдістеме. Тілашарлар. Тіл танытқыштар. Тіл жұмсарлар» /2/.
А.Байтұрсыновтың педагогикалық – ағартушылық ғылыми еңбектерін зерттеп, педагогикалық колледждер мен жалпы орта білім беретін мектептердің оқу-тәрбие үрдісінде пайдаланудың ғылыми-әдістемелік кешенін жасау, оны теориялық және практикалық тұрғыда негіздеп, жан-жақты дамыған шығармашыл тұлға қалыптастырудың маңызы мен мәні аса зор.
Егер, А.Байтұрсыновтың педагогикалық мұраларындағы құндылықтарды іріктеп, тәлімдік мүмкіндіктерін айқындай отырып жасаған әдістемелік ұсыныстар іске асса, онда рухани құндылықтарды бағалай білетін, ұлттық және патриоттық санасы жоғары жеке тұлға қалыптастыруға игі ықпал еткен болар еді.
Бұл жұмыстың мақсаты мен міндеттері.
А.Байтұрсынов сынды қазақ халқының біртуар ғалымы, ағартушы - педагогы, фольклортанушысы, ұлт мәдениетінің бәйтерегі мен сарқылмас қазынасының бүгінгі ұрпақты адамгершілікке тәрбиелеудегі алатын орнын анықтап, қазақ ұлттық педагогикасының сарқылмас қазынасына айналғандығын көрсету.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет