Дзюба Аяжан Х5-101 тобы. Жетекші мен лидердің айырмашылықтары



Дата27.11.2023
өлшемі16,18 Kb.
#129281

Дзюба Аяжан Х5-101 тобы.
Жетекші мен лидердің айырмашылықтары.
Лидер мен жетекші функциясы, қасиеті ұқсас болып көрінуі мүмкін. Бірақ бұл екеуі екі түрлі ұғым. Бұл екеуінің ең басты айырмашылығы – жетекшіні тағайындайды, ал лидер бейресми түрде лидер атанады. Жетекшінің құзыреті өзгелерден жоғары, бірақ ол оны лидер етпейді.
ЛИДЕРДІҢ жетекшіден АЙЫРМАШЫЛЫҒЫ:
Билік әртүрлi түрде қолданады:
-билік, зорлау негізінде (басшы бағыныштысын дұрыс жұмыс icтeyге мәжбүр етеді)
-билік, мадақтау негізінде (басшы жақсы жұмысқа ынталандырады)
-билік, басшының ықпалы негізінде, кең білімді
-билік, басшының жеке қасиеттінің күшімен орнаған
-заңды билік, дәстүрлі, сатылы бағыну.
Ұқсастықтары:
- жетекші мен лидер ұжым қызметін үйлестіру poлiн атқарады, тек жетекші әкімшілік, заңдылық өкілеттің негізінде атқарады, ал лидер жеке өзінің бастамасы арқасында
- жетекші мен лидер ұжымдағы әлеуметтік ықпалын әр түрлі жолмен жүзеге асырады.
- жетекші мен лидер арасындағы қатынас реттеленіп, субординацияны ұсталған болуы керек.
Лидердің ерекше қасиеттерінің бipi:
Қиындыққа төзімді болу,ұжымның алдағы мақсатын түciнy,мейірбан, ізетті және парасатты болу.
Лидерлік теорияларына сипаттама.
Лидерлер – қарапайымдылық жетістікке жетудің басты принципі деп есептейді.Ол барлық қызметкерлерін өз әрекеттерін қарапайым тәсілмен атқаруға үйретуге тырысады.Ол өзінің ізбасарларына жоғары мақсаттарды меңзей отырып ерекше назар аударады.
Лидерлер – өз қателерін мойындайды және оларды шешу үшін қажетті шараларды ашық түрде қолданудан қорықпайды.Олар өз жұмыскерлеріне сыйластықпен қарайды, оларды бағалайды,сенімдерін үнемі қорғайды.
Харизматикалық лидерге тән белгілер.
Лидерліктің функционалды теориясы бойынша, лидер болу үшін адамның бойында берілген ситуацияға қажет қасиеттің басым болуы керек, бірақ нақты ситуацияда лидердің ролін жақсы орындаған адам, басқа ситуацияларда лидерлік позиция алуға мүмкіндігі болады. Сөйтіп, жан-жақты лидерлік қасиеттер де болады. Сол арқылы лидерлік харизма қалыптасады. Харизма (грек тілінен charisma-сыйлық дегенді білдіреді)- бұл алдына бас идіретіндей қасиеттердің болуы. Харизматикалық лидерге- үнемі болатын жеңістер тән және жеңілістің өзі жетістік ретінде талқыланады.
«Харизма» түсінігі ежелгі грек мифологиясынан бастау алады - өзіңе назар аудару дегенді біліреді. Харизма - (грек тілінен charisma- шапағаттылық, құдай берген дарын) - аса дарындылық; қандай да бір тұлғаның қисынмен
Түсіндіруге келмейтін, айналасындағыларға қатты ықпал ету, әсер ету
мүмкіндігі. Бұл ұғымды әлеуметтік-саяси ғылымға енгізген ғалымдар
Э. Трельч және М.Вебер болып табылады. Олар осы ұғымды үстемдік ете алу тұрғысынан қарастырады.
М.Вебердің пікірінше, харизматикалық үстемдік - айтқанын екі еткізбейтін, еріксіз көндіретін, ерікті түрде бағындыратын, харизматикалық билеуші тұлғасы дегенді білдіреді. Демек, «харизма дегеніміз басқаларға кол жетімсіз, ерекше күшке және қасиетке тән құдырет ретінде бағаланатын жеке тұлғаның қасиеті» деп анықталады. Олай болса, харизматикалық лидер түсінігінде «харизма» - жеке даралык тартымдылығы сипатымен жағымды көрінетін лидердің мінез-құлық сипаттамалары мен өзіндік сапаларының жиынтығы; лидерлік ықпалдың ерекше формасын атайды.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет